Дауылды ескертулер
Көру саны:3
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескерту сақталады:
19-20 қарашада Жетісу облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Дауылды ескертулер күтіледі:
Алматы қ.: 19 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.
Шымкент қ.: 19 қарашада күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
19 қарашада түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде кей уақытта 25 м/с.
19 қарашада түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде аздаған қар, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
19 қарашада Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
19 қарашада түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
19 қарашада түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Облыс бойынша жолдарда көктайғақ күтіледі.
19 қарашада түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.
19 қарашада түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 19 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
19 қарашада түнде және таңертең Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
19 қарашада түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
19 қарашада түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
19 қарашада түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
19 қарашада күндіз Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында екпіні 15-20 м/с.
19 қарашада Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
19 қарашада түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.
19 қарашада түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с.
19 қарашада түнде және таңертең Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
19 қарашада түнде және таңертең Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.