Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК

Қазақстан Республикасы бойынша 2026 жыл 16 қарашада күтілетін қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы дауылды ескертулер

Дауылды ескерту сақталады:

16 қарашада Жетісу облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Дауылды ескертулер күтіледі:

Астана қ.: 16 қарашада түнде жолдарда көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.

Алматы қ.: 16 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

16 қарашада Ақтөбе облысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), түнде облыстың солтүстік-батысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі.

16 қарашада Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с. Қостанай қ.: 16 қарашада түнде және таңертең жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 

16 қарашада түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 16 қарашада оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15 м/с күтіледі.

16 қарашадаСолтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 16 қарашада тұман күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с. 

16 қарашада Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 16 қарашада түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.

16 қарашада түнде және таңертең Атырау облысының батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с.

16 қарашада түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 16 қарашада солтүсік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

16 қарашада Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қонаев қ.: 16 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 16 қарашада кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

16 қарашада түнде және таңертең Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Талдықорған қ.: 16 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

16 қарашада Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.Тараз қ.: 16 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

16 қарашада түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Жел шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Қызылорда қ.: 16 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

16 қарашада түнде және таңертең Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

16 қарашада Павлодар облысының батысында, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Павлодар қ.: 16 қарашада тұман күтіледі.

16 қарашада түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15 м/с. Қарағанды қ.: 16 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі. 

16 қарашада түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.

16 қарашада түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

16 қарашада түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысындатұман күтіледі. Өскемен қ.: 16 қарашада түнде және таңертең тұманкүтіледі.

Жарияланған күні

16 қараша 2026

Жаңарту күні

16 қараша 2026