«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Көру саны:3
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескерту сақталады:
14-15 қарашада Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі.
Шымкент қ.: 14 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.
Дауылды ескертулер күтіледі:
Алматы қ.: 14 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.
14 қарашада Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жаяу бұрқасын, көктайғақ. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
14 қарашада Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында екпіні 15-18 м/с.
14 қарашада Павлодар облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, орталығында тұман күтіледі.
14 қарашада түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман.
14 қарашада түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман.
14 қарашада түнде Ұлытау облысының шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман.
14 қарашада түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
14 қарашада түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.
14 қарашада Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
14 қарашада түнде Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-18 м/с.
14 қарашада Алматы облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 14 қарашада кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
14 қарашада түнде және таңертең Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. 14-16 қарашада облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
14 қарашада күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
14 қарашада түнде Абай облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
14-15 қарашада түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
14 қарашада Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі.