Дауылды ескертулер
Көру саны:11
«Қазгидромет» РМК мәліметінше Қазақстан Республикасы бойынша 2026 жыл 30 қазанда күтілетін ауа райының қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы дауылды ескертулер
Дауылды ескерту сақталады:
30 қазанда Ақтөбе облысының шығысында, батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Дауылды ескертулер күтіледі:
Алматы қ.: 30 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.
Шымкент қ.: 30 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.
30 қазанда Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
30 қазанда Абай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.
30 қазанда түнде Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
30 қазанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
30 қазанда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: 30 қазанда тұман күтіледі.
30 қазанда түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қ.: 30 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.
30 қазанда Алматы облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыс бойынша 1-6 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаев қ.: 30 қазанда түнде 1-3 градус үсік күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 30 қазанда кей уақытта туман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
30 қазанда Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыс бойынша 4-9 градус үсік күтіледі. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, батысында, отралығында жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорған қ.: 30 қазанда түнде 7-9 градус үсік күтіледі. Жоғары өрт қаупі күтіледі.
30 қазанда Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыс бойынша 1-6 градус үсік күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
30 қазанда Түркістан облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында 1 градус үсік күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында, тау бөктерлі аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: 30 қазанда түнде 1-3 градус үсік күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
30 қазанда түнде Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында 3 градус үсік күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 30 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.
30 қазанда түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
30 қазанда түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
30 қазанда Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
30 қазанда Атырау облысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау қ.: 30 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.
30 қазанда Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: 30 қазанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.