Меню
Страницы
Құжаттар
Қызметі
ҚР ОСК туралы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Комиссия туралы
Қызметі
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Все материалы
Халықаралық ынтымақтастық
Халықаралық ынтымақтастық
14 ноября 2019

Халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастық

Халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастық сайлау органдарының қауымдастықтары, мемлекетаралық, парламентаралық және халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың желісі бойынша жүзеге асырылады.

Осы ынтымақтастық негізінен төмендегі нысандарда өткізіледі

  • сайлау мен референдумдарды байқау;
  • халықаралық конференциялар мен форумдарға қатысу;
  • халықаралық оқыту бағдарламаларына қатысу;
  • бірлескен жобаларды іске асыру;
  • құқықтық ақпаратпен алмасу.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы мынадай сайлау органдары қауымдастықтарының институционалдық мүшесі болып табылады:

Дүниежүзілік сайлау органдары қауымдастығы
Азия сайлау органдары қауымдастығы
Еуропа елдерінің сайлауды ұйымдастырушылары қауымдастығы

 

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы сайлау мен референдумдар мәселелері бойынша

 

  • халықаралық мемлекетаралық және үкіметаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды:

 

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым
Шанхай ынтымақтастық ұйымы
Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық Комиссия (Венеция комиссиясы)
Түркі мемлекеттері ұйымы
Демократия мен сайлауға жәрдемдесу халықаралық институты
  • парламентаралық ұйымдармен:

 

Парламентаралық одақ
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық қауымдастығы
Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы
ЕҚЫҰ-ның Парламенттік Ассамблеясы
  • халықаралық үкіметтік емес ұйымдармен:

 

Сайлау жүйелерiнiң халықаралық қоры (IFES)
Парламенттік зерттеулердің халықаралық орталығы (ICPS)
БРИДЖ (BRIDGE) жобасы
Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі
14 ноября 2019

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы мемлекеттік билікті ұйымдастырудың негізгі қағидаты ретінде ерікті сайлауды, ал егемендікке ие әрі мемлекеттік биліктің бірден-бір көзі - халық екенін анықтады. Қазақстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет.

Демократиялық сайлау – бұл бәсекелі, мерзімді және өкілдік сайлау, оның процесінде кең еркіндікке ие азаматтар билік құрылымдарына өздерінің өкілдерін балама негізде сайлайды. Бәсекелі сайлау сайлауға түрлі партиялардың және кандидаттардың қатысуына кепілдік береді. Олардың барлығы сөз, жиналыс, қозғалыс бостандығын, олардың саяси көзқарастарының естілуі үшін және олар сайлаушыларға балама кандидаттарды ұсына алуы үшін қажеттінің барлығын пайдалана алады. Қазақстан Республикасының заңнамасы сайлаудың мерзімділігін, билік органдарында елдің әр түрлі әлеуметтік топтарының өкілдігін қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабы Қазақстан Республикасының он сегiз жасқа жеткен азаматтарының тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысу құқығына кепілдік береді. Сайлауға сот iс-әрекетке қабілетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқы жоқ.

Қазақстан беделді халықаралық ұйымдардың белсенді мүшесі бола отырып, өзі қабылдаған ерікті және бәсекелі сайлау өткізу жөніндегі барлық міндеттемелерді ұстанады. Мемлекет Басшысын сайлау және Қазақстан Республикасының Парламентін, сондай-ақ жергілікті өкілді органдарды құру біздің елімізде ұлттық заңнамаға және Жалпыға бірдей адам құқығы декларациясына (1948 ж.), Халықаралық азаматтық және саяси құқықтар туралы пактіге (1966 ж.), Еуропалық адам құқығы мен негізгі бостандықты қорғау туралы конвенциясына (№1 Хаттама, 1952 ж.), ЕҚЫҰ-ның Копенгаген кеңесінің құжатына (1990 ж.) енгізілген демократиялық сайлаудың жалпыға танымал принциптеріне сәйкес ашықтық және жариялық жағдайларында өтеді.

Сайлау және сайлану құқығы 1995 жылғы қыркүйекте қабылданған «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда реттелген.

Конституцияның және аталған заңның ережелеріне сәйкес Президентті, Парламент Мәжілісі мен жергілікті өкілді органдар депутаттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жергілікті органдарының мүшелерін сайлау жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi.

Қазақстан Республикасының Президенті бес жыл мерзімге сайланады.

Республика Президенті болып тумысынан Республика азаматы болып табылатын қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда соңғы он бес жыл тұратын Республика азаматы сайлана алады.

Қазақстан Республикасының Парламенті елдің жоғары өкілетті органы болып табылады және тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады.

Сенатты 47 депутат құрайды. Қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын Мемлекет Басшысы тағайындайды. Сенаттың тағы 32 депутаты, әр облыстан, Астана және Алматы қаласынан екі адамнан сайланады. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Сенат депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен жүзеге асырылады. Жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады.

Мәжіліс  жүз жеті депутаттан тұрады, олардың тоқсан сегізі Парламент Мәжілісі депутаттарын партиялық тізімдер бойынша тепе-теңдік сайлау жүйесі бойынша сайланады, тоғыз депутатты Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Жасы жиырма беске толған адам Мәжіліс депутаты бола алады. Саяси партиялар Парламенттің төменгі палатасының құрамын сайлаудың тепе-тең жүйесі арқылы (партиялық тізім бойынша) құрады. Бұдан бұрын елімізде Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау аралас сайлау жүйесі бойынша өткізілетін (67 депутат бір мандаттық сайлау округі бойынша сайланып, ал 10-ы – саяси партиялардың тізімі бойынша сайланатын).

Дүниежүзінде әбден жетілдіріліген сайлау жүйесі әлі де болса қалыптаспаған. Ғасырлық демократиялық дәстүрі бар ежелгі мемлекеттердің өзі жаңа сайлау науқандарын ұйымдастыру мен өткізу барысында кемшіліктер табады.

Сондықтан да «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң үнемі жетілдіріліп, заманауи әлемнің реалийлеріне сәйкес түзетіліп отырады. Сайлау заңнамасымен бірге сайлау үдерісі де жақсарады, сайлаушылардың және басқа да сайлау үдерісіне қатысушылардың құқықтық мәдениеті артады.

1995 жылғы қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның бастапқы қабылдану уақытынан бастап оған он төрт рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Жалпы алғанда осындай түзетулер 792-ден астам болды. Осылайша қалыптасқан еліміздің сайлау заңнамасы ЕҚЫҰ-ның 1990 жылғы Копенгаген құжаты қалыптастырған сайлау құқығының негізгі қағидаттарына жауап беретін, Қазақстан Республикасы Конституциясына негізделген және Сайлау туралы Конституциялық заңның жалпы бөліміне енгізілген және оның тараулары мен баптарында тәтпіштелген сайлау жүйесін құруға мүмкіндік берді.

Сайлау туралы заңға неғұрлым тұжырымдамалық өзгерістер 2004, 2007 және 2009 жылдары енгізілді. Сонымен қатар 2004 жылы баламасыз сайлау, алдын-ала дауыс беру алынып тасталды; сайлау комиссияларын қалыптастырудың жаңа қағидаты - саяси партиялардың ұсынуымен жергілікті өкілді органдарды сайлау енгізілді; сайлаушылардың тізімін құру қағидаты өзгерді: сайлаушылар тізімге тұрғылықты жеріндегі тіркеуге сәйкес енгізіледі; кандидаттардың БАҚ-қа тең қолжетімділігіне кепілдіктер енгізілді; отандық және халықаралық байқаушылардың құқықтары едәуір кеңейді және т.б.

2007 жылғы маусымда Конституцияға 2007 жылғы мамырда енгізілген өзгерістерге байланысты Сайлау туралы заңда Парламент Мәжілісін қалыптастырудың жаңа тәртібі белгіленді, сондай-ақ саяси партиялардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысу мүмкіндігі едәуір кеңейді. Атап айтқанда, сайлау комиссиясының құрамында өкілдері жоқ саяси партиялар сайлау науқанын дайындау және өткізу кезеңіне тиісті сайлау комиссиясына өзінің кеңесші дауыс құқығын бере отырып сайлау комиссиясы мүшесінің барлық құқығы берілген өкілін жіберуге құқылы.

Республиканың сайлау заңнамасына 2009 жылы енгізілген маңызды өзгерістердің бірі - Парламент Мәжілісін, екінші партия заңда белгіленген 7-пайыздық кедергіні еңсермеген жағдайда да, кемінде екі саяси партияның қатысуымен құруға мүмкіндік беретін құқықтық тетіктің енгізілуі. Аталған тетіктің енгізілуіне себеп - 2007 жылы өткізілген Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауда дауыс беру нәтижелері бойынша қалған барлық партиялар заңда белгіленген 7-пайыздық кедергіні еңсермегендіктен, барлық мандаттар бір партияға тиесілі болғандығы.

Бұдан басқа сайлау алдындағы үгітті жүргізу тәртібін регламенттейтін және кандидаттар мен саяси партияларға бұқаралық ақпарат құралдарына қолжетімділіктің тең шарттарын қамтамасыз ететін баптарға өзгерістер енгізілді. Жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) шығып қалған депутаттарының орнына сайлаудың бірыңғай күні белгіленді.

2011 жылғы толықтырулар Республика Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау мен өткізу мәселелерін қамтыды. Соның ішінде толықтырулар кезектен тыс президент сайлауын Президент тағайындайтынын және тағайындалған күннен бастап екі ай мерзімде кезектен тыс Президент сайлауы үшін белгіленген ережелерге сәйкес өткізілетіні, ал кезектен тыс Президент сайлауынан кейінгі Президенттің кезекті сайлауы бес жылдан кейін жарияланатыны анықталды. Бұл ретте сайлау іс-шараларын өткізу мерзімін Орталық сайлау комиссиясы анықтайды.

2013 жылғы толықтырулар Парламент Сенаты мен Мәжілісінің кезектен тыс сайланған депутаттарының өкілеттіктерінің конституциялық мерзімін есептеуге қатысты болды.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда ел азаматтары екі референдумдық науқанға, президентті сайлау жөніндегі алты науқанға, бес –Парламент Мәжілісін (төменгі палата) сайлау жөнінде, бес – биліктің жергілікті өкілді органдарын (мәслихаттарды) сайлауға қатысты. Сонымен қатар 2009 жылдан бастап сайлаушылар жылына екі рет мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауға қатысады.

Соңғы бес жыл біздің еліміз үшін электораттық оқиғаларға толы кезеңдердің бірі болды.

2011 жылғы сәуірде және 2015 жылғы сәуірде Мемлекет Басшысын сайлау, 2012 жылдың басында Парламент Мәжілісінің мен жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) депутаттарын сайлау болды. 2013 жылғы тамызда 2457 әкімшілік-аумақтық бірлікте жергілікті әкімшіліктердің басшыларын (әкімдерді) сайлау, ал 2014 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау болды.

Қазақстан Республикасының сайлауын және республикалық референдумдарын ұйымдастыру және өткізу
Қазақстан Республикасындағы сайлау органдарының жүйесі және олардың қалыптасуы қағидаттары
14 ноября 2019

Сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасында сайлауды дайындау мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік сайлау органдары болып табылады. Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі 5 жылды құрайды.

Сайлау комиссияларының біртұтас жүйесін:

  • Республиканың Орталық сайлау комиссиясы (бұдан әрі - Ортсайлауком);
  • aумақтық сайлау комиссиялары;
  • учаскелік сайлау комиссиялары құрайды.

Ортсайлауком Республиканың сайлау комиссияларының біртұтас жүйесін басқарады және тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. Оған депутаттарға жазалау шараларын, депутаттық этика ережелерін қолдануға, сондай-ақ депутаттардың өкілеттігін тоқтатуға және оларды өкілеттігінен және депутаттың дербес құқығынан айыруға байланысты мәселелерді дайындау жүктелген.

Қазақстан Республикасының Президенті Ортсайлаукомның Төрағасы мен екі мүшесін бес жыл мерзімге тағайындайды, Парламент палаталарының әрқайсысы, басқа палатаның қатысуынсыз, Ортсайлаукомның екі мүшесін бесжылдық мерзімге тағайындайды. Төрағаның орынбасары мен Ортсайлауком хатшысы комиссияның бірінші отырысында сайланады.

Орталық сайлау комиссиясының өз аппараты бар. Орталық сайлау комиссиясын және оның аппаратын ұстауға шығыстар республикалық бюджеттен қаржыландырылады.

Аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссиялары өз қызметін қоғамдық бастамаларда жүзеге асырады және оларды саяси партиялардың ұсыныстары негізінде тиісті мәслихаттар сайлайды. Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясына бір кандидатураны ұсынуға құқылы.

Мәслихат белгілеген мерзімде саяси партияның ұсынысы болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Жоғары тұрған сайлау комиссиясы сайлау туралы заңда белгіленген тәртіппен сайлау комиссиясын құратын мәслихат сайлау комиссиясының мүшесін сайлағанға дейін сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына тағайындауға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы. Сайлау комиссияларының құрамында өкілі жоқ саяси партиялар сайлау науқанын даярлау және өткізу кезеңіне кеңесші дауыс құқығын бере отырып өз өкілін тиісті сайлау комиссиясына жіберуге құқылы.

 

Қазақстан Республикасы сайлау органдарының негізгі өкілеттіктері

Орталық сайлау комиссиясы:

  • Республиканың аумағында сайлау туралы заңдардыңатқарылуына бақылаудыжүзеге асырады; олардың бiрыңғай қолданылуын қамтамасыз етедiөзiнiңқұзыретiшегiнде бүкiл Республика аумағында мiндеттi шешiмдер қабылдайды;
  • Президент пен Парламент Мәжiлiсi депутаттарының сайлауын әзiрлеу мен өткiзудi ұйымдастырады; Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткiзуге басшылық етедi;
  • мәслихаттар мен өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын сайлауды ұйымдастыру мен өткiзу кезiнде аумақтық сайлау комиссияларына әдiстемелiк басшылықты және олардың қызметiнің сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес келуін бақылауды жүзеге асырады;

Аумақтық сайлау комиссиясы:

  • әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуына бақылауды жүзеге асырады; 
  • Президенттi, Парламенттiң және мәслихаттардың депутаттарын, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды әзiрлеу мен өткiзудi қамтамасыз етедi;
  • төменгi тұрған аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының қызметiне басшылық етедi;
  • Сенат депутаттары сайлауын өткiзудi қамтамасыз етедi:
  • мәслихаттар депутаттарын сайлау жөнiнде сайлау округтерiн құрады және олардың тiзiмдерiн жариялайды, сайлау комиссияларының орналасқан жерi туралы сайлаушыларға хабарлайды; 
  • мәслихаттардан басқа өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды, қайта сайлауды және шығып қалған мүшелердің орнына сайлауды тағайындайды және ұйымдастырады;

Округтiк сайлау комиссиясы:

  • тиiстi сайлау округiнiң аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуын бақылауды жүзеге асырады;
  • мәслихаттар депутаттарын сайлаудың өткiзiлуiн ұйымдастырады;
  • учаскелiк сайлау комиссияларының қызметiн ұйымдастырып, үйлестiрiп отырады;

Учаскелiк сайлау комиссиясы:

  • сайлау учаскесiнде Президенттi, Парламент Мәжiлiсiнiң, мәслихаттардың депутаттарын және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөнiндегi сайлау шараларын жүргiзедi;
  • учаскелiк комиссияның орналасқан жерi туралы сайлаушыларды хабарландырады;
  • тиiстi сайлау учаскесiнде сайлаушылардың тiзiмiн нақтылайды;
  • азаматтарды сайлаушылардың тiзiмiмен таныстырады, тiзiмдердегi қателiктер мен жаңсақтықтар туралы арыздарды қарайды және оған тиiстi өзгерiстер енгiзу туралы мәселелердi шешедi;
  • сайлаушыларды дауыс беру күнi, уақыты және орны туралы хабарландырады;
  • дауыс беруге арналған үй-жай дайындайды, кабиналар мен жәшiктердiң жасалуын қамтамасыз етедi;
  • сайлау күнi сайлау учаскесiнде дауыс берiлуiн ұйымдастырады;
  • дауыс санауды жүргiзедi және учаскедегi дауыс беру нәтижелерiн анықтайды;
  • дауыс берудi әзiрлеу мен ұйымдастыру мәселелерi жөнiндегi арыздар мен шағымдарды қарайды және солар бойынша шешiмдер қабылдайды.
Ақпараттық хабар 09 тамыз 2019 ж.
09 августа 2019

Ақпараттық-коммуникациялық сайлау инфрақұрылымын, оның ішінде сайлаушылардың бірыңғай электрондық тізілімін құрумен, басқарумен және пайдаланумен 2005 жылдан бастап Ортсайлаукомның ведомстволық бағынысты ұйымы - "Орталық сайлау комиссиясының Инженерлік – техникалық орталығы"РМК айналысады.

Сайлаушы-азаматтардың бірыңғай электрондық тізілімі Орталық сайлау комиссиясының серверлерінде орналасқан, олар ақпаратты қорғаудың барлық шараларын көздейді және сыртқы қосылыстары жоқ, оның ішінде Интернет желісіне қосылмаған. Осылайша, ОСК серверлерінен деректердің таралып кетуі мүмкін емес.

Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылардың дербес деректерін тарату қаупі туралы жария алаңда баяндалған фактілер бойынша қызметтік тексеру жүргізді. Құпия ақпараттың жайылуына әкеп соғуы мүмкін Орталық сайлау комиссиясының серверлеріне рұқсатсыз қол жеткізу әрекеттерін тексеру нәтижелері бойынша анықталған жоқ.

Бұл ретте "ҚР ОСК ИТО" РМК мердігерлік ұйымының ақпараттық-талдау жүйесінің функционалын жетілдіру бойынша жұмыс барысында деректерді компрометациялау көзі бола алатын әзірлеу серверін пайдаланғандығы анықталды. Қызметтік тексеру нәтижелері, сондай-ақ "ҚР ОСК ИТО" РМК тапсырысы бойынша жұмыстар кешенін жүзеге асырған мердігерлік ұйымның қызметіне қатысты материалдар уәкілетті органдарға берілді. ІІМ жүргізген сотқа дейінгі тергеу шеңберінде болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға белсенді көмек көрсетіледі.

Сонымен қатар ағымдағы жылы ақпараттық қауіпсіздіктің қосымша шаралары қабылданғанын, екі рет аудит жүргізілгенін хабарлаймыз. Атап айтқанда, ақпан айында Мемлекеттік техникалық қызмет, маусым айында ОСК бастамасы бойынша "ЦАРКА" заңды тұлғалар бірлестігі жасаған меморандум негізінде.

"ЦАРКА" ЗТБ белгіленген ынтымақтастық шеңберінде ақпараттық жүйелердің кешенді аудитін, сыртқы және ішкі тестілеуді жүзеге асырды, қауіпсіздік қатерлеріне байланысты тәуекелдерді талдауды және бағалауды жүргізді және т. б.

Ақпараттық қауіпсіздік аудитінің қорытындылары бойынша 2019 жылғы 6 маусымдағы "ЦАРКА" ЗТБ есебі қолжетімділігі шектеулі ақпараттың, оның ішінде сайлаушылардың дербес деректерінің таралып кету қаупі мен осалдығын анықтау туралы деректерді қамтымайды. Есепте қамтылған ақпараттық қауіпсіздік шараларын күшейту жөніндегі ұсынымдар толық көлемде уақтылы іске асырылды.

Қазақстан Республикасы

 Орталық сайлау комиссиясы

2019 жылғы 9 маусымда болған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының қорытындылары туралы хабар
10 июня 2019

2019 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы болды.

Сайлаушылардың келуі 77,5 %-ды құрады.

2019 жылғы 9 маусымда болған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыстарды санау нәтижелері туралы облыстық, республикалық маңызы бар қалалар және астана сайлау комиссиялары хаттамаларының негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша сайлаушылардың тізімдеріне 11960364 азамат енгізілгенін, олардан дауыс беруге 9274110 адам немесе 77,5 пайызы қатысқанын хабарлайды, олардан есептен шығару куәліктері бойынша 22502 және дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде 105682 сайлаушы дауыс берді.

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат болып 7 адам дауысқа түсті.

Дауыс беру кезінде Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттар төмендегідей дауыстар санын жинады:

 

Ақмола облысы бойынша:

Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы - 13124 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 3,05 пайызын;

Еспаева Дәния Мәдиқызы - 23914 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  5,56  пайызын;

Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы - 45802 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 10,64 пайызын;

Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы - 20165 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 4,69 пайызын;

Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлы - 9896 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 2,3 пайызын;

Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы - 314859 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 73,16 пайызын;

Түгел Сәді-Бек - 2599 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  0,6 пайызын;

 

Ақтөбе облысы бойынша:

Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы - 3794 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,79 пайызын;

Еспаева Дәния Мәдиқызы - 42751 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  8,85  пайызын;

Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы - 69472 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 14,39 пайызын;

Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы - 14958 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 3,1 пайызын;

Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлы - 9186 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,9 пайызын;

Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы - 340979 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 70,62 пайызын;

Түгел Сәді-Бек - 1680 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  0,35 пайызын;

 

Алматы облысы бойынша:

Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы - 10138 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  0,81пайызын;

Еспаева Дәния Мәдиқызы - 20508 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  1,64 пайызын;

Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы - 207431 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  16,6 пайызын;

Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы - 26711 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  2,14 пайызын;

Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлы – 8720 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  0,7 пайызын;

Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы - 967042 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  77,4 пайызын;

Түгел Сәді-Бек - 8895 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  0,71 пайызын;

 

Атырау облысы бойынша:

Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы - 1761 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,61 пайызын;

Еспаева Дәния Мәдиқызы - 11126 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 3,86 пайызын;

Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы - 65436 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 22,69 пайызын;

Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы – 3523 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,22 пайызын;

Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлы - 4993 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,73 пайызын;

Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы - 199718 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 69,24 пайызын;

Түгел Сәді-Бек - 1882 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,65 пайызын;

 

Батыс Қазақстан облысы бойынша:

Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы - 2854 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  0,94 пайызын;

Еспаева Дәния Мәдиқызы - 4415 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  1,45 пайызын;

Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы - 63355 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  20,85 пайызын;

Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы -2923 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  0,96 пайызын;

Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлы - 5159 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  1,7 пайызын;

Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы -223937  дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  73,69 пайызын;

Түгел Сәді-Бек - 1237 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  0,41 пайызын;

 

Жамбыл облысы бойынша:

Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы - 8341 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  1,45 пайызын;

Еспаева Дәния Мәдиқызы - 30777 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  5,35 пайызын;

Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы – 96415 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  16,76 пайызын;

Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы - 21400 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  3,72 пайызын;

Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлы - 10757 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  1,87 пайызын;

Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы -  401133 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  69,73 пайызын;

Түгел Сәді-Бек - 6443 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  1,12 пайызын;

 

Қарағанды облысы бойынша:

Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы - 11454 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  1,6 пайызын;

Еспаева Дәния Мәдиқызы -  44526 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  6,22  пайызын;

Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы - 125203 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  17,49 пайызын;

Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы - 21762 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  3,04 пайызын;

Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлы - 6299 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  0,88 пайызын;

Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы - 501947 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 70,12 пайызын;

Түгел Сәді-Бек - 4654 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  0,65 пайызын;

 

Қостанай облысы бойынша:

Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы - 2025 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  0,41 пайызын;

Еспаева Дәния Мәдиқызы - 43789 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  8,96  пайызын;

Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы - 51951 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 10,63 пайызын;

Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы - 14131 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 2,89 пайызын;

Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлы - 17854 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 3,65 пайызын;

Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы - 357633 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 73,17 пайызын;

Түгел Сәді-Бек – 1365 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,28 пайызын;

 

Қызылорда облысы бойынша:

Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы - 2015 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  0,51 пайызын;

Еспаева Дәния Мәдиқызы -  16783 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  4,22  пайызын;

Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы - 68804 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  17,32 пайызын;

Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы - 3226 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  0,81 пайызын;

Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлы - 2896 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  0,73 пайызын;

Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы - 299192 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  75,32 пайызын;

Түгел Сәді-Бек - 4333 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  1,09 пайызын;

 

Маңғыстау облысы бойынша:

Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы - 6158 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 2,32 пайызын;

Еспаева Дәния Мәдиқызы - 12911 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  4,86  пайызын;

Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы - 86958 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 32,73 пайызын;

Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы - 3069 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,16 пайызын;

Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлы - 7236 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 2,72 пайызын;

Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы - 147495 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 55,52 пайызын;

Түгел Сәді-Бек - 1827 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,69 пайызын;

 

Павлодар облысы бойынша:

Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы - 4949 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,11 пайызын;

Еспаева Дәния Мәдиқызы - 27450 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  6,16 пайызын;

Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы - 63895 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 14,33 пайызын;

Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы - 16923 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 3,79 пайызын;

Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлы - 3226 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,72 пайызын;

Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы - 327277 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 73,39 пайызын;

Түгел Сәді-Бек - 2221 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,5 пайызын;

 

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша:

Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы - 10409 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 3,26 пайызын;

Еспаева Дәния Мәдиқызы - 9802 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 3,07 пайызын;

Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы - 32754 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 10,26 пайызын;

Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы - 12963 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 4,06 пайызын;

Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлы - 19419 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  6,08 пайызын;

Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы - 232284 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 72,75 пайызын;

Түгел Сәді-Бек - 1660 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,52 пайызын;

 

Түркістан облысы бойынша:

Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы - 10684 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,07 пайызын;

Еспаева Дәния Мәдиқызы - 28887 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  2,89 пайызын;

Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы - 178498 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 17,88 пайызын;

Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы - 45055 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 4,51 пайызын;

Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлы - 10788 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,08 пайызын;

Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы - 720855 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 72,21 пайызын;

Түгел Сәді-Бек - 3487 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,35 пайызын;

 

Шығыс Қазақстан облысы бойынша:

Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы - 15838 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,93 пайызын;

Еспаева Дәния Мәдиқызы -  51074 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  6,24  пайызын;

Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы - 126339 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  15,43 пайызын;

Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы -  16419 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  2,01 пайызын;

Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлы - 10566 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,29 пайызын;

Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы -  580457 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  70,89 пайызын;

Түгел Сәді-Бек - 18102 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 2,21 пайызын;

 

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша:

Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы - 15026 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 3,23 пайызын;

Еспаева Дәния Мәдиқызы - 36099 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  7,76 пайызын;

Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы - 91038 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  19,57 пайызын;

Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы - 27307 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  5,87 пайызын;

Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлы - 11536 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  2,48 пайызын;

Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы - 275346 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  59,19 пайызын;

Түгел Сәді-Бек - 8838 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,9 пайызын;

 

Алматы қаласы бойынша:

Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы - 39375 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  6,7 пайызын;

Еспаева Дәния Мәдиқызы -  43489 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  7,4 пайызын;

Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы - 50366 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  8,57 пайызын;

Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы - 19982 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  3,4 пайызын;

Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлы – 30560 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  5,2 пайызын;

Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы - 392167 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 66,73 пайызын;

Түгел Сәді-Бек - 11754 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 2,0 пайызын;

 

Шымкент қаласы бойынша:

Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы - 9704 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 2,53 пайызын;

Еспаева Дәния Мәдиқызы - 17413 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 4,54 пайызын;

Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы - 71684 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 18,69 пайызын;

Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы - 9934 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 2,59 пайызын;

Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлы - 13807 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 3,6 пайызын;

Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы - 257394 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 67,11 пайызын;

Түгел Сәді-Бек - 3605 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,94 пайызын;

 

Қазақстан Республикасы бойынша:

Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы - 167649 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,82 пайызын;

Еспаева Дәния Мәдиқызы - 465714 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 5,05  пайызын;

Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы -1495401 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 16,23 пайызын;

Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы - 280451 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 3,04 пайызын;

Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлы - 182898 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  1,98 пайызын;

Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы - 6539715 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  70,96 пайызын;

Түгел Сәді-Бек - 84582 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0, 92 пайызын.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 65-бабына сәйкес 1953 жылы туған, қазақ, «Nur Otan» партиясының мүшесі, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев, Нұр-Сұлтан қаласында тұратын Қазақстан Республикасының сайланған Президенті болып саналады.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы жанындағы Сарапшылық-әдістемелік кеңестің құрамы
18 марта 2019

1.      

Баймолдина

Зәуреш Хамитқызы

-

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі, заң ғылымдарының кандидаты (Кеңес Төрайымы)

2.      

Балиева

Зағипа Яхянқызы

-

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі (экономика ғылымдарының докторы)

3.      

Тукиев

Аслан Сұлтанұлы

-

ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары (заң ғылымдарының кандидаты, доцент)

4.      

Жақаева

Лейла Сұлтанқызы

-

ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы (ҚР Жоғарғы Сотының аппараты) Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің талдау және жоспарлау бөлімінің меңгерушісі (заң ғылымдарының докторы, профессор)

5.      

Көбеев

Еркін Қиянатұлы

 

-

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті жанындағы құқықтық зерттеулер және мемлекеттану институтының  директоры (заң ғылымдарының докторы, профессор)

6.      

Башимов

Марат Советұлы

-

Еуропа құқығы және адам құқықтары сарапшылық институтының директоры  (тарих ғылымдарының кандидаты, заң ғылымдарының докторы, профессор)

7.      

Жұмағұлов

Марат Иманғалиұлы

-

ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары заң ғылымдарының докторы, профессор)

8.      

Сарсембаев

Марат Алдоңғарұлы

-

Халықаралық дәрежедегі заңгер,

заң ғылымдарының докторы, профессор

9.      

Шаяхметов

Шәкір Шәмілұлы

-

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының директоры (заң ғылымдарының кандидаты, доцент)

10.            

Амандықова

Сәуле Көшкенқызы

-

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті Заң факультетінің деканы (заң ғылымдарының докторы, профессор)

11.            

Айдарбаев Сағынғали Жоламанұлы

 

-

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті халықаралық қатынастар факультетінің деканы (заң ғылымдарының докторы, профессор)

12.            

Пен

Сергей Геннадьевич

 

«М.С. Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ университеті» АҚ жоғары құқық мектебінің директоры (заң ғылымдарының кандидаты, доцент)

13.            

Караев

Алипаша Агаханович

 

Каспий университетінің «Әділет» Жоғары құқық мектебі деканының орынбасары (заң ғылымдарының кандидаты, профессор)

Сайлау заңнамасындағы жаңа енгізілімдер туралы
10 января 2019

2018 жылғы 29 маусымда сайлаушылар болып табылатын мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында сайлау тәжірибесінде алғаш рет «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға толықтырулар қабылданды.

Мынадай нормалар көзделді:

– 18-бап (4-1-тармақ) учаскелік сайлау комиссиялары мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдайтынын көздейді;

– 39-бап (1-1-тармақ) дауыс беруге арналған үй-жайды жабдықтау кезінде мүмкіндіктері шектеулі азаматтар болып табылатын сайлаушылардың кедергісіз кіруі және онда дауыс беруі үшін жағдайлар қамтамасыз етілуі тиіс екенін көздейді;

– 48-бап (2-1-тармақ) жергiлiктi атқарушы органдар сайлау комиссияларына мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыста жәрдемдесуге мiндеттi екенін көздейді.

«Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктін жарақтандыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Орталық сайлау комиссиясының қаулысына жаңа «Мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін дауыс беруге арналған үй-жайды жарақтандыру ерекшеліктері» деген тарау енгізілді.

Бұл тарау мыналарды көздейді:

– дауыс беруге арналған үй-жайлар (пункттер) орналасатын ғимаратқа кіреберісте тұтқалар, төсеніштер, пандустар, сондай-ақ басқа да қажетті құрылғылар (уақытша рұқсат етіледі) көзделуі тиіс;

– дауыс беруге арналған үй-жайлар мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін барынша қолжетімді болуға, бірінші қабаттарда орналасуға немесе басқа қабаттарға бару үшін көтеру тетіктері болуға тиіс;

– дауыс беруге арналған үй-жайларда тактильді көрсеткіштер (мүмкіндігінше), тірек-қозғалыс аппараты функциялары бұзылған, соның ішінде кресло-арбаларды пайдаланатын сайлаушылардың қолжетімділігі ескерілген, жасырын дауыс беруге арналған кабина(лар) көзделуге тиіс;

– мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін арнайы жабдықталған орын (бұрыш) көзделуі қажет (мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін бейімделген форматтағы материалдары бар компьютер, (құлақаспаптар, Брайль қарпінде орындалған сайлау туралы ақпараты бар арнайы папка және басқалары).

Жергiлiктi атқарушы органдар мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін дауыс беруге арналған арнайы сайлау учаскелерiн құруы мүмкін.

2018 жылғы Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау
12 октября 2018

«Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын 2018 жылғы 5 қазанға тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 9 тамыздағы № 731 Жарлығы негізінде Орталық сайлау комиссиясы Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекітті.

Сайлау науқаны келесі кезеңдерінің мерзімдері айқындады:

Кандидаттарды ұсыну 11 тамызда басталады, тіркеу ағымдағы жылдың 4 қыркүйегінде 18 сағатта (сайлау күніне бір ай қалғанда) аяқталады.

Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күніне дейін жиырма күн бұрын - 14 қыркүйек 18 сағатта аяқталады.

Сайлау алдындағы үгіт кандидаттарды тіркеу аяқталған мерзімнен басталып, сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады - 15 қыркүйектен 3 қазанға дейін қоса алғанда.

2018 жылғы 28 тамыздағы жағдай бойынша 9 кандидат ұсынылды, олардың 8-і тіркелген:

Алданов Серік Ысмайылұлы, 1983 жылы туылған, «Банк ЦентрКредит» АҚ Шымкент қ. филиалының қызметін қолдау басқармасының бастығы;

Бекназаров Нұрлан Құдиярұлы, 1964 жылы туылған, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы;

Доронин Владимир Анатольевич, 1964 жылы туылған, уақытша жұмыссыз;

Жылкелдиев Бижан Мергенбайұлы, 1984 жылы туылған, «Global A» ЖШС директоры;

Қарабеков Ғани Әжединұлы, 1968 жылы туылған, «Манкент шипажайы» АҚ бас директорының орынбасары;

Майқанов Ғалымжан Тастанұлы, 1969 жылы туылған, Түркістан облысының Ауғанстандағы соғыс ардагерлері одағының төрағасы;

Сатыбалды Дархан Амангелдіұлы, 1974 жылы туылған, уақытша жұмыссыз;

Үркімбаев Асқарбек Жүсіпұлы, 1953 жылы туылған, «Шымкент-сауда» ЖШС директоры.

Сайлау науқаны «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес өткізіледі.

Күн тәртібі
24 мая 2018

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының отырысы

 

2018 жылғы 24 мамыр                                           Астана қ., Бейбітшілік көш., 4

10 сағат 00 минут                                                                8-қабат, кабинет №802

 

Күн тәртібі

  1. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанындағы Сарапшылық-әдістемелік кеңесің (бұдан әрі - СӘК) төрағасын айқындау.
  2. СӘК хатшысын айқындау.
  3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының СӘК туралы Ережесі (жаңа редакция) туралы қаулысын және оның құрамын бекіту.
Сайлаушыға ақпарат
16 мая 2018

Сайлаушыларды тіркеу

Азаматты сайлаушылар тізіміне енгізу үшін сайлаушының сайлау учаскесі аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелуі негіз болып табылады.

Қазақстан Республикасы азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеуді жүзеге асыруға уәкілетті органдар әділет органдары болып табылады.

Жеке тұлғалардың тұрғылықты жерін тіркеу:

 

  • олардың белгіленген тәртіппен тұрғын үйді меншігіне сатып алғанын растайтын не оны пайдалануға, оның ішінде жалға алу (жалдау), ішінара жалға алу шарты бойынша алғаны туралы куәландыратын;

  • оларға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге негіздерде, сондай-ақ тұрғын үй меншік иесінің (жалға алушының) жазбаша келісімі бойынша тұрғын үйде тұру құқығын беретін құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.


Азаматтарды тіркеу:

 

  • тұрғын үйлерде, пәтерлерде, жатақханаларда, қонақүйлерде;
  • демалыс үйлерінде, шипажайларда, профилакторийлерде, емдеу мекемелерінде;
  • саяжай бау-бақша серіктестіктері мен кооперативтерінің тұрғын үй-жайларында;
  • интернат-үйлерінде, тұрғын үйге ыңғайланған қызметтік ғимараттарда тұрақты тұратын жері бойынша жүзеге асырылады.

 

Азаматтардың жауапкершілігі

Азаматтардың жеке куәліксіз немесе жарамсыз жеке куәлік бойынша, сондай-ақ тұрғылықты жері немесе уақытша келген жері бойынша үш айдан астам мерзім бойы тіркелмей тұруы ескертуге немесе бір айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде айыппұлға әкеліп соғады.


Сайлаушылардың тізімдері

Сайлауға қатысу үшін қажетті шарт сайлаушылар тізіміне сайлаушылардың енгізілуі болып табылады.

Сайлаушылардың тізімдерін тұрғылықты жері бойынша тиісті әкімдік жасайды.

Сайлау тағайындалған сәттен бастап әрбір сайлаушы тиісті әкімдікте сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы.


Сайлауға дейінгі отыз күннен кешіктірілмей

Егер сізге сайлау күні тіркелген жеріңіз бойынша дауыс беруге арналған үй-жайға келу мүмкіндігіңіздің болмайтыны белгілі болса, сіз сол жердің әкімдігіне сайлау күні өзіңіз болатын жер бойынша сайлаушылар тізіміне сізді енгізу туралы жазбаша өтінішпен жүгінуге құқылысыз.

Дауыс берудің басталуына жиырма күн қалғанда, тиісті әкімдік учаскелік сайлау комиссияларына акт бойынша сайлаушылар тізімдерін ұсынады.

Дауыс беру күніне он бес күн қалғанда, сайлаушылардың тізімдері сайлау учаскелерінде танысу үшін сайлаушыларға ұсынылады.

Сіз сайлаушылар тізімдеріндегі өзіңіз туралы деректерді тексеруге және тізімге енгізілмегеніңіз, дұрыс енгізілмегеніңіз немесе тізімнен алынып тасталғаныңыз, сондай-ақ тізімдегі сіз туралы деректерде жаңсақтықтар жіберілгені үшін шағым жасауға құқылысыз.

Тізімдерге түзетулер енгізу қажеттігі туралы өтініштерді учаскелік сайлау комиссиясы өтініш келіп түскен күні қарайды.

Жалпы жұрттың танысуы үшін сайлаушылар тізімдерін ұсыну мен сайлау күні арасындағы кезеңде

Сіз өзіңіздің болу орныңызды ауыстырған кезде өзіңіздің тіркелген жеріңіз бойынша учаскелік сайлау комиссиясына жүгінесіз, ол жерде төлқұжатты немесе жеке куәлікті берген кезде учаскелік сайлау комиссиясы дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін табыс етеді. Бұл ретте сайлаушылар тізіміне тиісті белгі қойылады.

Есептен шығару куәлігі бір елді мекеннің шегіндегі басқа сайлау округінде немесе басқа сайлау учаскесінде дауыс беруге қатысқысы келетін сайлаушыларға берілмейді.

Есептен шығару куәліктерін беру дауыс беру күні алдындағы күнгі жергілкіті уақыт бойынша 18 сағатта аяқталады.
Дауыс беретін күні дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін көрсеткен кезде учаскелік сайлау комиссиясы сізді келген орныңыз бойынша сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізеді.

 

Сайлау күні

Дауыс беру сайлау күні, сайлау учаскесіндегі дауыс беруге арналған үй-жайда жергілікті уақыт бойынша сағат жетіден жиырмаға дейін өткізіледі.

Сайлаушы өзі дауыс береді. сайлауда дауыс құқығын басқа біреуге беруге және сол сияқты басқа адам үшін дауыс беруге жол берілмейді.

Дауыс беруге арналған бюллетеньдер сізге сайлаушылар тізімінің негізінде қазақстан республикасы азаматының төлқұжатын немесе жеке куәлігіңізді көрсеткен кезде беріледі.

Сіз сайлаушылар тізімінде бюллетеньдерді алғандығыңыз туралы қол қоясыз.

Сайлау бюллетеньдерін сайлаушы жасырын дауыс беруге арналған кабинада толтырады. оларды толтыру кезінде сізден басқа кімнің болса да, кіріп тұруына тыйым салынады.

Егер сіздің бюллетеньдерді өз бетіңізше толтыруға мүмкіндігіңіз болмаған жағдайда, өзіңіз сенетін адамның көмегін пайдалануға құқылысыз, оның аты-жөні дауыс бергеннен кейін сайлаушылардың тізіміне тіркеліп, тұсына сіздің бюллетень алғандығыңыз туралы қолыңыз қойылады. мыналар ондай адам болуға тиіс емес:

 

  • сайлау комиссиясының мүшесі;
  • жергілікті өкілді немесе атқарушы органның лауазымды адамы;
  • кандидаттың немесе саяси партияның сенім білдірілген адамы;
  • бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі - журналист;
  • тиісті сайлау комиссиясында тіркелген байқаушы.

 


Сайлау күні жергілікті уақыт бойынша сағат он екіден кешіктірмей

Егер сіз:

 

  • денсаулығыңыздың жай-күйі бойынша;
  • науқас отбасы мүшесін күту себебі бойынша;
  • сайлау учаскелері құрылмаған шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда болып, дауыс беру үшін келе алмайтын болсаңыз, сіз учаскелік сайлау комиссиясына өзіңіз болатын жерде дауыс беруді ұйымдастыру туралы жазбаша өтінішпен жүгінуге құқылысыз.

 

Учаскелік сайлау комиссиясы сіздің болатын жеріңіз бойынша дауыс беруді ұйымдастыруға тиіс.


Электрондық дауыс беру жүйесінің артықшылықтары

Орталық сайлау комиссиясы қағаз бюллетеньдермен бір уақытта электрондық бюллетеньдер пайдаланылатын сайлау округтері мен учаскелерін айқындайтын болады.

Электрондық дауыс беру жүйесі көптген елдерде өзінің тиімділігін дәлелдеп, Қазақстанда табысты сыналғанын естеріңізге саламыз.

Оның артықшылықтары сайлаушылар үшін қолданудағы қарапайымдылығы мен қолайлылығы, сайлау процесінің жоғары дәрежедегі ашықтығы мен объективтілігі, дауыс беру нәтижелерін санаудың жеңілдігі мен шапшаңдығы болып табылады.

Біздің Республикамызда бүгін жоғары технологияларды барлық тіршілік салаларына енгізуге басымдық беріліп отырғаны белгілі. Электрондық дауыс беру жүйесін пайдалана отырып, сіз де Қазақстанда инновацияларды белгілі бір шамада алға жылжытуға көмектесесіз, барлық деңгейлердегі сайлау комиссияларының жұмыс тиімділігін елеулі дәрежеде арттыруды қамтамасыз етесіз, электрондық дауыс беру жүйесіне деген сеніміңізді көрсетесіз.


Сайлау туралы ақпаратты алу үшін кімге жүгінуге болады?

Барлық үміткерлердің біздің елімізде болып жатқан сайлау процесі туралы ақпаратқа барынша қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы интернет ғаламдық желісінде өзінің сайтын ашты: www.election.gov.kz

Сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты өздеріңізді қызықтыратын барлық мәселелер бойынша аумақтық, округтік немесе учаскелік сайлау комиссияларына жүгінуіңізге болады.

Егер сіз сайлау туралы заң бұзушылықтар болды деп есептесеңіз, заң бұзушылық жасалған күннен бастап он күннің ішінде жоғары тұрған сайлау комиссияларына, сотқа немесе прокуратура органдарына жүгінуіңізге болады.

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты