Меню
Страницы
Құжаттар
Қызметі
ҚР ОСК туралы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Комиссия туралы
Қызметі
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Все материалы
Референдум-2024
14 сентября 2024

 

 

 

 

«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
11 января 2024

 

Қазақстан Республикасы Президентінің Сайлауы
22 октября 2022

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Заңдар

Қаулылар

Күнтізбелік жоспар

БАҚ үшін

Байқаушылар үшін

Ақпараттық материалдар (бейнероликтер, аудиороликтер, баннерлер)

Әдістемелік материалдар

Мүгедектігі бар адамдар үшін

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттар

Сайлау қорлары қаражатының түсуі және жұмсалуы туралы есептер

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына РҚБ ұсыну қорытындылары бойынша берілетін құжаттар тізімі

Бұқаралық ақпарат құралдарында эфир уақытын және баспасөз бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасының сайлауын және республикалық референдумдарын ұйымдастыру және өткізу
Шетелдегі сайлау учаскелерінің тізімі
18 ноября 2019

№ 240 учаскелік сайлау комиссиясы

Аустрия, Вена, Аустрия Республикасындағы Қазақстан Республикасының елшілігі,1040 Wien, PrinzEugenStrasse 32, тел:8-10-43(1)-890-80-08-10

№ 241 учаскелік сайлау комиссиясы

Бельгия, Брюссель, Бельгия Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының елшілігі

ВанБевер көш., д. 30, тел:+32023733890,

+32023749462

№ 242 учаскелік сайлау комиссиясы

Литва Республикасы, Вильнюс, Литва Республикасындағы Қазақстан Республикасының елшілігі, Бирутес көш., 20А үйі,тел:+37052122123

№ 243 учаскелік сайлау комиссиясы

Венгрия, Будапешт, Венгриядағы Қазақстан Республикасының елшілігі,

Капи көш., 59-үй, тел:+3612751300

№ 244 учаскелік сайлау комиссиясы

Ұлыбритания, Лондон, Ұлыбритания және Солтүстік Құрама Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының елшілігі  ПаллМалл көш., 125-үй, тел:+44 (0) 207 925 1757

№ 245 учаскелік сайлау комиссиясы

Италия Республикасы, Рим, Италия Республикасындағы Қазақстан Республикасының елшілігі, Кассия көш., 471-үй, тел:+39 06 36301 130

№ 246 учаскелік сайлау комиссиясы

Француз Республикасы, Париж, Француз Республикасындағы Қазақстан Республикасының елшілігі, PierreCharron көш., 59-үй, тел:+33 145 61 52 00

№ 247 учаскелік сайлау комиссиясы

ГФР, Берлин, Германия Федеративтік Республикасындағы Қазақстан Республикасының елшілігі Nordendstrasse көш., 14-17-үй, тел:+4903047007111

№ 248 учаскелік сайлау комиссиясы

Швейцария Конфедерациясы, Берн, Швейцария Конфедерациясындағы Қазақстан Республикасының елшілігі, Мельхенбюльвег көш., 79-үй,тел:+41(79) 4358097

№ 249 учаскелік сайлау комиссиясы

АҚШ, Вашингтон, Құрама Америка Штаттарындағы Қазақстан Республикасының елшілігі, 16thStNW көш., 1401-үй, тел:1 (202) 232-5488

№ 250 учаскелік сайлау комиссиясы

АҚШ, Нью-Йорк, Нью-Йорктегі Қазақстан Республикасының Бас консулдығы, 535 5-ші авеню, 19-қабат, Нью-Йорк қ. 10017, тел: (646) 370-6331

№ 251 учаскелік сайлау комиссиясы

Мысыр, Каир, Мысыр Араб Республикасындағы Қазақстан Республикасының елшілігі, Аммар бен Ясир көш., 371-үй,

тел: 8(2)26132991

№ 252 учаскелік сайлау комиссиясы

Иран, Тегеран, Иран Ислам Республикасындағы Қазақстан Республикасының елшілігі, 

Даррус ауданы, Хедоят № 83 көш., тел:(+9821) 22565933, 22565934

№ 253 учаскелік сайлау комиссиясы

Израиль, Тель-Авив, Израиль Республикасындағы Қазақстан Республикасының елшілігі,

Ха-Яркон көщ., 52а үйі, тел:+972-35163411

№ 254 учаскелік сайлау комиссиясы

Сауд Арабиясы, Эр-Рияд, Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының елшілігі  St. AmrAldamri6691 көш., AlSafarat, Riyadh 12511

№ 255 учаскелік сайлау комиссиясы

Туркия, Стамбул, Стамбул қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығы (Түрік Республикасы), Бакыркөй, Йешильюрт, Башак көш. 35,

тел: 8-10-90-212-662-53-47

№ 256 учаскелік сайлау комиссиясы

Үндістан, Дели, Үндістан Республикасындағы Қазақстан Республикасының елшілігі,

ВасантВихар көш., Ф-блогы, 6/7, тел:+91(111) 45555110

№ 257 учаскелік сайлау комиссиясы

Қытай, Пекин, Қытай Халық Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілігі,  Чаоян ауд., 6-шы Шығыс көшесі

Сан Ли Тунь, №9 үй, тел:(+8610) 65324189

№ 258 учаскелік сайлау комиссиясы

Оңтүстік Корея Республикасы, Сеул, Оңтүстік Корея Республикасындағы Қазақстан Республикасының елшілігі, 04392, 53 Jangmun-ro, Yongsan-gu, Seoul,

тел:8-10-822-379-9714, 8-10-822-394-9716

№ 259 учаскелік сайлау комиссиясы

Малайзия, Куала-Лумпур, Малайзиядағы Қазақстан Республикасының елшілігі,

АмпангХилир көш., 115-көш., тел: +(603) 42522999

№ 260 учаскелік сайлау комиссиясы

Пәкістан, Исламабад, Пәкістан Ислам Республикасындағы Қазақстан Республикасының елшілігі, 45-көш., 11-үй, тел:+92 51 226 29 20

№ 261 учаскелік сайлау комиссиясы

Жапония, Токио, Жапониядағы Қазақстан Республикасының елшілігі, 

Минато әкімш. округі, Азабудай ауданы, 1-8-14-үй, тел: 03-3589-1821

№ 262 учаскелік сайлау комиссиясы

Әзербайжан, Баку, Әзербайжан Республикасындағы Қазақстан Республикасының елшілігі,

Н.Рафиев көш., 14-үй,тел:+994 (12) 489 23 55

№ 263 учаскелік сайлау комиссиясы

Беларусь, Минск, Беларусь Республикасындағы Қазақстан Республикасының елшілігі, Победители даңғ., 67, тел: +375 17 276 01 10

№ 264 учаскелік сайлау комиссиясы

Қырғызстан, Бішкек, Қырғыз Республикасындағы Қазақстан Республикасының елшілігі,

Ш.Айтматов даңғ. 95А, тел:+(996312) 56-54-01, 56-54-17

№ 265 учаскелік сайлау комиссиясы

РФ, Мәскеу, Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының елшілігі, Мәскеу қаласы, Чистопрудный бульвар көш.,  3-үй,тел:+7 (495) 627-18-12

№ 266 учаскелік сайлау комиссиясы

Түрікменстан, Ашхабад, Түрікменстандағы Қазақстан Республикасының елшілігі, Гарашсыздык даңғ., 13-үй, тел:8(99312) 48-04-68, 48-04-69

№ 267 учаскелік сайлау комиссиясы

Өзбекстан, Ташкент, Өзбекстан Республикасындағы Қазақстан Республикасының елшілігі, Фидокор (А.Чехов) көш. 23,

тел: 8-10-998-71-252-16-54

№ 268 учаскелік сайлау комиссиясы

Украина, Киев, Украинадағы Қазақстан Республикасының елшілігі, Юрий Ильенко (Мельников) көш., д. 26, тел:+38 (044) 489-18-58

№ 269 учаскелік сайлау комиссиясы

ГФР, Майндағы Франкфурт, Майндағы Франкфурт қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығы (Германия Федеративтік Республикасы), Бетховенштрассе көш., 17-үй, тел: +(4969)971-467-47

№ 270 учаскелік сайлау комиссиясы

Испания, Мадрид, Испания Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының елшілігі, Мадрониос көш., 43-үй, тел:(+ 34) 917 216 290

№ 271 учаскелік сайлау комиссиясы

Польша, Варшава, Польша Республикасындағы Қазақстан Республикасының елшілігі, КрулёвэйМарыщиенки көш.(KrólowejMarysieńki), 14-үй,

тел: +48 (22) 642 5388

№ 272 учаскелік сайлау комиссиясы

Тәжікстан, Душанбе, Тәжікстан Республикасындағы Қазақстан Республикасының елшілігі, Хусейнзода көш., 31/1-үй, тел:8(+992) 37 221 89 40

№ 273 учаскелік сайлау комиссиясы

Чехия, Прага, Чехия Республикасындағы Қазақстан Республикасының елшілігі, 

 Pod Hradbami көш., 9-үй, тел: +(420) 233 371 019

№ 274 учаскелік сайлау комиссиясы

БАӘ, Дубай, Дубай қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығы (Біріккен Араб Әмірліктері), 3-көш., 14-үй,

тел: +7 (971) 43397151

№ 275 учаскелік сайлау комиссиясы

Армения, Ереван, Армения Республикасындағы Қазақстан Республикасының елшілігі,

Д.Демирчяна көш., 11-13-үй, тел:(+374)585119

№ 276 учаскелік сайлау комиссиясы

Грекия, Афины, Грек Республикасындағы Қазақстан Республикасының елшілігі, Имитту көш., 122-үй, тел:+30 2106547765

№ 277 учаскелік сайлау комиссиясы

Грузия, Тбилиси, Грузиядағы Қазақстан Республикасының елшілігі,

Львовская көш., 77-үй, тел:+ 995 (322) 255-20-00

№ 278 учаскелік сайлау комиссиясы

Иордания, Амман, Иордан Хашимит Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының елшілігі,11138 Иордания, 830626 Амман, Абдун ауданы, Каир №99 көш.,

тел: 8-10-962-659-279-54

№ 279 учаскелік сайлау комиссиясы

Канада, Оттава, Канададағы Қазақстан Республикасының елшілігі,

Меткалф көш., 150-үй, 1603 кеңсесі, тел: +1 613 695 80 55

№ 280 учаскелік сайлау комиссиясы

Катар, Доха, Катар мемлекетіндегі Қазақстан Республикасының елшілігі, WestBay, Zone 66, Street 563, Building № 2, тел:+97444128014

№ 281 учаскелік сайлау комиссиясы

Монғолия, Ұлан-Батор, Монғолиядағы Қазақстан Республикасының елшілігі,

Зайсан көш., 31/6-үй, тел:+ 976 11 345408

№ 282 учаскелік сайлау комиссиясы

Нидерланды, Гаага, Нидерланд Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының елшілігі, 

Badhuisweg көш., 91-үй, тел:+31 (0)70 363 4757

№ 283 учаскелік сайлау комиссиясы

БАӘ, Абу-Даби, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан Республикасының елшілігі, Рашид бен Заид Аль Мактум көш., 44-үй,

тел: (+9712)-4498775

№ 284 учаскелік сайлау комиссиясы

Оман, Маскат, Оман Султанатындағы Қазақстан Республикасының елшілігі,  Шати Аль-Курум ауданы,  3050 көш., 4076-үй, тел:+968 24692418

№ 285 учаскелік сайлау комиссиясы

Сингапур, Сингапур Республикасындағы Қазақстан Республикасының елшілігі, 1 KimSengPromenade, 09-04/05 GreatWorldCity, EastOfficeTower,

Singapore 237994, тел:(+65) 6536 6100, 6235 7150

№ 286 учаскелік сайлау комиссиясы

Түркия, Анкара, Түрік Республикасындағы Қазақстан Республикасының елшілігі,

 Кылыч Али көш., 6-үй, тел:+90 (0312) 491 91 00

№ 287 учаскелік сайлау комиссиясы

Хорватия, Загреб, Хорватия Республикасындағы Қазақстан Республикасының елшілігі, 

Босанска 26 көш. (Bosanska), тел:+385-1-483-92-55

№ 288 учаскелік сайлау комиссиясы

Болгария, София, Болгария Республикасындағы Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясы,

 Св.св. Кирил және Методий көш, 37-үй,тел: + 359 2 862 41 70, + 359 2 862 41 52

№ 289 учаскелік сайлау комиссиясы

Таиланд, Бангкок, Таиланд Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының елшілігі, 93/1 Wirelessroad, GPF WitthayuTowers "A", 8 қабат, № 804A кеңсесі, тел:+66 2 254 3043

№ 290 учаскелік сайлау комиссиясы

РФ, Санкт-Петербург, Санкт-Петербург қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығы (Ресей Федерациясы), Рылеев көш., 10-үй,

тел: 8(812) 335-25-46

№ 291 учаскелік сайлау комиссиясы

РФ, Астрахань, Астрахань қаласындағы Қазақстан Республикасының консулдығы
(Ресей Федерациясы),  Акварельная көш, 2 «Б»-үй,

тел: 8 (8512) 61-00-07

№ 292 учаскелік сайлау комиссиясы

РФ, Омбы, Омбы қаласындағы Қазақстан Республикасының консулдығы
(Ресей Федерациясы), Ш.Уәлиханов көш., 9-үй, тел: 8 (3812) 325213

№ 293 учаскелік сайлау комиссиясы

Гонконг, Гонконгтағы  Қазақстан Республикасының Бас консулдығы
(Гонконг және Макао арнайы әкімшілік аудандары), ШенУан ауданы,

183 КуинзРоуд Орталық көш., тел:8-10-852-2548-3841

№ 294 учаскелік сайлау комиссиясы

ҚХР, Шанхай, Шанхай қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығы (Қытай Халық Республикасы), Лоушангуан 85 көш. (OrientInternationaPlaza),

 А1005-1006, тел:8-10-86-21-6275-2838

№ 295 учаскелік сайлау комиссиясы

Сауд Арабиясы, Джидда, Джидда қаласындағы Қазақстан Республикасының консулдығы (Сауд Арабиясы Корольдігі, Аль-Мустакар көш, 16 -үй,

тел:+9(66) 12 690 2070

№ 296 учаскелік сайлау комиссиясы

Түркия, Анталия, Анталия қаласындағы Қазақстан Республикасының консулдығы
(Түрік Республикасы), 2074 көш., 15-үй, тел: +(90) 2423242611

№ 297 учаскелік сайлау комиссиясы

Бразилия, Бразилиа, Бразилия Федеративтік Республикасындағы Қазақстан Республикасының елшілігі, LagoSul, SHIS QI 09, conjunto 03, casa 08,

тел: +55-61-3879-4602

№ 298 учаскелік сайлау комиссиясы

Беларусь, Брест, Беларусь Республикасындағы Қазақстан Республикасының консулдығы, 

Карл Маркс көш, 82-үй, тел: +375-162-20-35-00

№ 299 учаскелік сайлау комиссиясы

Румыния, Бухарест, Румыниядағы Қазақстан Республикасының елшілігі, 1-сектор,

 Крынгулуй 13 көш., тел:8-10-40-21-230-08-65

№ 300 учаскелік сайлау комиссиясы

Индонезия, Джакарта, Индонезия Республикасындағы Қазақстан Республикасының елшілігі,

JalanDenpasarRaya, Block A/12, Kav.1, KuninganTimur, JakartaSelatan,

тел:8-10-62-21-294-403-88

№ 301 учаскелік сайлау комиссиясы

РФ, Қазан, Қазан қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығы

(Ресей Федерациясы), Карл-Маркс көш., 8-үй,

тел: 8 (843) 202-05-52

№ 302 учаскелік сайлау комиссиясы

Эстония, Таллин, Таллин қаласындағы Қазақстан Республикасының консулдығы (Эстон Республикасы), Tartumnt 18 көш., тел: 8-10-372-662-2926

№ 303 учаскелік сайлау комиссиясы

ҚХР, Үрімші, Үрімші қаласындағы Қазақстан Республикасының Паспорттық-визалық қызметі

(Қытай Халық Республикасы), Куньмин көш, 216-үй,

тел:+86(991) 3821203

№ 304 учаскелік сайлау комиссиясы

Финляндия, Хельсинки,

Финляндия Республикасындағы Қазақстан Республикасының елшілігі, Юнионинкату көш., 24-үй, тел: +358 9 4247 2040

 

Шетелдегі сайлау учаскелерінің тізімі

Электораттық оқыту
Электораттық оқытуды ұйымдастыруды қаржыландыру мәселелері бойынша жаднама
15 ноября 2019

Электрораттық оқытуды ұйымдастыруды қаржыландыру мәселелері келесі нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі:

1. «Қазақстан Республикасының сайлау және республикалық референдум туралы заңнамасында көзделген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту және "Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасында көзделген тауарлар мен қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 мамырдағы № 652 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1161 қаулысы.

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1500001161

2. «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V Қазақстан Республикасының Заңы (39-баптың 15, 45-тармақшалары)

http://adilet.zan.kz/rkaz/docs/Z1500000434

Электоральное обучение
14 ноября 2019

2019 жылғы 15 сәуірде ҚР ОСК-ның «Сайлау комиссиялары мүшелері мен сайлау процесінің басқа да қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру туралы» мәселесі бойынша ашық отырысы өтті

ҚР ОСК-ның 2019 жылғы 15 сәуірдегі №13/240 қаулысымен Сайлау комиссияларының барлық деңгейдегі мүшелерін оқытуды ұйымдастыру жоспары бекітіліп, сайлау комиссиялары құрамын оқыту мерзімдері, оның ішінде аумақтық сайлау комиссияларын – сәуір айының, учаскелік сайлау комиссияларын – мамыр айының соңына дейін оқыту белгіленді.

Сайлау науқанына әдістемелік құралдар мен ақпараттық-түсіндірмелік материалдар тізбесі, оларды дайындау, шығару және жеткізу мерзімдері бекітілді.

Халықаралық ынтымақтастық бөлімі
Халықаралық ынтымақтастық
14 ноября 2019

Халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастық

Халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастық сайлау органдарының қауымдастықтары, мемлекетаралық, парламентаралық және халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың желісі бойынша жүзеге асырылады.

Осы ынтымақтастық негізінен төмендегі нысандарда өткізіледі

  • сайлау мен референдумдарды байқау;
  • халықаралық конференциялар мен форумдарға қатысу;
  • халықаралық оқыту бағдарламаларына қатысу;
  • бірлескен жобаларды іске асыру;
  • құқықтық ақпаратпен алмасу.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы мынадай сайлау органдары қауымдастықтарының институционалдық мүшесі болып табылады:

Дүниежүзілік сайлау органдары қауымдастығы
Азия сайлау органдары қауымдастығы
Еуропа елдерінің сайлауды ұйымдастырушылары қауымдастығы

 

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы сайлау мен референдумдар мәселелері бойынша

 

  • халықаралық мемлекетаралық және үкіметаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды:

 

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым
Шанхай ынтымақтастық ұйымы
Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық Комиссия (Венеция комиссиясы)
Түркі мемлекеттері ұйымы
Демократия мен сайлауға жәрдемдесу халықаралық институты
  • парламентаралық ұйымдармен:

 

Парламентаралық одақ
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық қауымдастығы
Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы
ЕҚЫҰ-ның Парламенттік Ассамблеясы
  • халықаралық үкіметтік емес ұйымдармен:

 

Сайлау жүйелерiнiң халықаралық қоры (IFES)
Парламенттік зерттеулердің халықаралық орталығы (ICPS)
БРИДЖ (BRIDGE) жобасы
Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі
14 ноября 2019

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы мемлекеттік билікті ұйымдастырудың негізгі қағидаты ретінде ерікті сайлауды, ал егемендікке ие әрі мемлекеттік биліктің бірден-бір көзі - халық екенін анықтады. Қазақстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет.

Демократиялық сайлау – бұл бәсекелі, мерзімді және өкілдік сайлау, оның процесінде кең еркіндікке ие азаматтар билік құрылымдарына өздерінің өкілдерін балама негізде сайлайды. Бәсекелі сайлау сайлауға түрлі партиялардың және кандидаттардың қатысуына кепілдік береді. Олардың барлығы сөз, жиналыс, қозғалыс бостандығын, олардың саяси көзқарастарының естілуі үшін және олар сайлаушыларға балама кандидаттарды ұсына алуы үшін қажеттінің барлығын пайдалана алады. Қазақстан Республикасының заңнамасы сайлаудың мерзімділігін, билік органдарында елдің әр түрлі әлеуметтік топтарының өкілдігін қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабы Қазақстан Республикасының он сегiз жасқа жеткен азаматтарының тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысу құқығына кепілдік береді. Сайлауға сот iс-әрекетке қабілетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқы жоқ.

Қазақстан беделді халықаралық ұйымдардың белсенді мүшесі бола отырып, өзі қабылдаған ерікті және бәсекелі сайлау өткізу жөніндегі барлық міндеттемелерді ұстанады. Мемлекет Басшысын сайлау және Қазақстан Республикасының Парламентін, сондай-ақ жергілікті өкілді органдарды құру біздің елімізде ұлттық заңнамаға және Жалпыға бірдей адам құқығы декларациясына (1948 ж.), Халықаралық азаматтық және саяси құқықтар туралы пактіге (1966 ж.), Еуропалық адам құқығы мен негізгі бостандықты қорғау туралы конвенциясына (№1 Хаттама, 1952 ж.), ЕҚЫҰ-ның Копенгаген кеңесінің құжатына (1990 ж.) енгізілген демократиялық сайлаудың жалпыға танымал принциптеріне сәйкес ашықтық және жариялық жағдайларында өтеді.

Сайлау және сайлану құқығы 1995 жылғы қыркүйекте қабылданған «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда реттелген.

Конституцияның және аталған заңның ережелеріне сәйкес Президентті, Парламент Мәжілісі мен жергілікті өкілді органдар депутаттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жергілікті органдарының мүшелерін сайлау жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi.

Қазақстан Республикасының Президенті бес жыл мерзімге сайланады.

Республика Президенті болып тумысынан Республика азаматы болып табылатын қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда соңғы он бес жыл тұратын Республика азаматы сайлана алады.

Қазақстан Республикасының Парламенті елдің жоғары өкілетті органы болып табылады және тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады.

Сенатты 47 депутат құрайды. Қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын Мемлекет Басшысы тағайындайды. Сенаттың тағы 32 депутаты, әр облыстан, Астана және Алматы қаласынан екі адамнан сайланады. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Сенат депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен жүзеге асырылады. Жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады.

Мәжіліс  жүз жеті депутаттан тұрады, олардың тоқсан сегізі Парламент Мәжілісі депутаттарын партиялық тізімдер бойынша тепе-теңдік сайлау жүйесі бойынша сайланады, тоғыз депутатты Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Жасы жиырма беске толған адам Мәжіліс депутаты бола алады. Саяси партиялар Парламенттің төменгі палатасының құрамын сайлаудың тепе-тең жүйесі арқылы (партиялық тізім бойынша) құрады. Бұдан бұрын елімізде Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау аралас сайлау жүйесі бойынша өткізілетін (67 депутат бір мандаттық сайлау округі бойынша сайланып, ал 10-ы – саяси партиялардың тізімі бойынша сайланатын).

Дүниежүзінде әбден жетілдіріліген сайлау жүйесі әлі де болса қалыптаспаған. Ғасырлық демократиялық дәстүрі бар ежелгі мемлекеттердің өзі жаңа сайлау науқандарын ұйымдастыру мен өткізу барысында кемшіліктер табады.

Сондықтан да «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң үнемі жетілдіріліп, заманауи әлемнің реалийлеріне сәйкес түзетіліп отырады. Сайлау заңнамасымен бірге сайлау үдерісі де жақсарады, сайлаушылардың және басқа да сайлау үдерісіне қатысушылардың құқықтық мәдениеті артады.

1995 жылғы қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның бастапқы қабылдану уақытынан бастап оған он төрт рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Жалпы алғанда осындай түзетулер 792-ден астам болды. Осылайша қалыптасқан еліміздің сайлау заңнамасы ЕҚЫҰ-ның 1990 жылғы Копенгаген құжаты қалыптастырған сайлау құқығының негізгі қағидаттарына жауап беретін, Қазақстан Республикасы Конституциясына негізделген және Сайлау туралы Конституциялық заңның жалпы бөліміне енгізілген және оның тараулары мен баптарында тәтпіштелген сайлау жүйесін құруға мүмкіндік берді.

Сайлау туралы заңға неғұрлым тұжырымдамалық өзгерістер 2004, 2007 және 2009 жылдары енгізілді. Сонымен қатар 2004 жылы баламасыз сайлау, алдын-ала дауыс беру алынып тасталды; сайлау комиссияларын қалыптастырудың жаңа қағидаты - саяси партиялардың ұсынуымен жергілікті өкілді органдарды сайлау енгізілді; сайлаушылардың тізімін құру қағидаты өзгерді: сайлаушылар тізімге тұрғылықты жеріндегі тіркеуге сәйкес енгізіледі; кандидаттардың БАҚ-қа тең қолжетімділігіне кепілдіктер енгізілді; отандық және халықаралық байқаушылардың құқықтары едәуір кеңейді және т.б.

2007 жылғы маусымда Конституцияға 2007 жылғы мамырда енгізілген өзгерістерге байланысты Сайлау туралы заңда Парламент Мәжілісін қалыптастырудың жаңа тәртібі белгіленді, сондай-ақ саяси партиялардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысу мүмкіндігі едәуір кеңейді. Атап айтқанда, сайлау комиссиясының құрамында өкілдері жоқ саяси партиялар сайлау науқанын дайындау және өткізу кезеңіне тиісті сайлау комиссиясына өзінің кеңесші дауыс құқығын бере отырып сайлау комиссиясы мүшесінің барлық құқығы берілген өкілін жіберуге құқылы.

Республиканың сайлау заңнамасына 2009 жылы енгізілген маңызды өзгерістердің бірі - Парламент Мәжілісін, екінші партия заңда белгіленген 7-пайыздық кедергіні еңсермеген жағдайда да, кемінде екі саяси партияның қатысуымен құруға мүмкіндік беретін құқықтық тетіктің енгізілуі. Аталған тетіктің енгізілуіне себеп - 2007 жылы өткізілген Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауда дауыс беру нәтижелері бойынша қалған барлық партиялар заңда белгіленген 7-пайыздық кедергіні еңсермегендіктен, барлық мандаттар бір партияға тиесілі болғандығы.

Бұдан басқа сайлау алдындағы үгітті жүргізу тәртібін регламенттейтін және кандидаттар мен саяси партияларға бұқаралық ақпарат құралдарына қолжетімділіктің тең шарттарын қамтамасыз ететін баптарға өзгерістер енгізілді. Жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) шығып қалған депутаттарының орнына сайлаудың бірыңғай күні белгіленді.

2011 жылғы толықтырулар Республика Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау мен өткізу мәселелерін қамтыды. Соның ішінде толықтырулар кезектен тыс президент сайлауын Президент тағайындайтынын және тағайындалған күннен бастап екі ай мерзімде кезектен тыс Президент сайлауы үшін белгіленген ережелерге сәйкес өткізілетіні, ал кезектен тыс Президент сайлауынан кейінгі Президенттің кезекті сайлауы бес жылдан кейін жарияланатыны анықталды. Бұл ретте сайлау іс-шараларын өткізу мерзімін Орталық сайлау комиссиясы анықтайды.

2013 жылғы толықтырулар Парламент Сенаты мен Мәжілісінің кезектен тыс сайланған депутаттарының өкілеттіктерінің конституциялық мерзімін есептеуге қатысты болды.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда ел азаматтары екі референдумдық науқанға, президентті сайлау жөніндегі алты науқанға, бес –Парламент Мәжілісін (төменгі палата) сайлау жөнінде, бес – биліктің жергілікті өкілді органдарын (мәслихаттарды) сайлауға қатысты. Сонымен қатар 2009 жылдан бастап сайлаушылар жылына екі рет мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауға қатысады.

Соңғы бес жыл біздің еліміз үшін электораттық оқиғаларға толы кезеңдердің бірі болды.

2011 жылғы сәуірде және 2015 жылғы сәуірде Мемлекет Басшысын сайлау, 2012 жылдың басында Парламент Мәжілісінің мен жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) депутаттарын сайлау болды. 2013 жылғы тамызда 2457 әкімшілік-аумақтық бірлікте жергілікті әкімшіліктердің басшыларын (әкімдерді) сайлау, ал 2014 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау болды.

Қазақстан Республикасының сайлауын және республикалық референдумдарын ұйымдастыру және өткізу
Қазақстан Республикасындағы сайлау органдарының жүйесі және олардың қалыптасуы қағидаттары
14 ноября 2019

Сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасында сайлауды дайындау мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік сайлау органдары болып табылады. Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі 5 жылды құрайды.

Сайлау комиссияларының біртұтас жүйесін:

  • Республиканың Орталық сайлау комиссиясы (бұдан әрі - Ортсайлауком);
  • aумақтық сайлау комиссиялары;
  • учаскелік сайлау комиссиялары құрайды.

Ортсайлауком Республиканың сайлау комиссияларының біртұтас жүйесін басқарады және тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. Оған депутаттарға жазалау шараларын, депутаттық этика ережелерін қолдануға, сондай-ақ депутаттардың өкілеттігін тоқтатуға және оларды өкілеттігінен және депутаттың дербес құқығынан айыруға байланысты мәселелерді дайындау жүктелген.

Қазақстан Республикасының Президенті Ортсайлаукомның Төрағасы мен екі мүшесін бес жыл мерзімге тағайындайды, Парламент палаталарының әрқайсысы, басқа палатаның қатысуынсыз, Ортсайлаукомның екі мүшесін бесжылдық мерзімге тағайындайды. Төрағаның орынбасары мен Ортсайлауком хатшысы комиссияның бірінші отырысында сайланады.

Орталық сайлау комиссиясының өз аппараты бар. Орталық сайлау комиссиясын және оның аппаратын ұстауға шығыстар республикалық бюджеттен қаржыландырылады.

Аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссиялары өз қызметін қоғамдық бастамаларда жүзеге асырады және оларды саяси партиялардың ұсыныстары негізінде тиісті мәслихаттар сайлайды. Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясына бір кандидатураны ұсынуға құқылы.

Мәслихат белгілеген мерзімде саяси партияның ұсынысы болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Жоғары тұрған сайлау комиссиясы сайлау туралы заңда белгіленген тәртіппен сайлау комиссиясын құратын мәслихат сайлау комиссиясының мүшесін сайлағанға дейін сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына тағайындауға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы. Сайлау комиссияларының құрамында өкілі жоқ саяси партиялар сайлау науқанын даярлау және өткізу кезеңіне кеңесші дауыс құқығын бере отырып өз өкілін тиісті сайлау комиссиясына жіберуге құқылы.

 

Қазақстан Республикасы сайлау органдарының негізгі өкілеттіктері

Орталық сайлау комиссиясы:

  • Республиканың аумағында сайлау туралы заңдардыңатқарылуына бақылаудыжүзеге асырады; олардың бiрыңғай қолданылуын қамтамасыз етедiөзiнiңқұзыретiшегiнде бүкiл Республика аумағында мiндеттi шешiмдер қабылдайды;
  • Президент пен Парламент Мәжiлiсi депутаттарының сайлауын әзiрлеу мен өткiзудi ұйымдастырады; Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткiзуге басшылық етедi;
  • мәслихаттар мен өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын сайлауды ұйымдастыру мен өткiзу кезiнде аумақтық сайлау комиссияларына әдiстемелiк басшылықты және олардың қызметiнің сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес келуін бақылауды жүзеге асырады;

Аумақтық сайлау комиссиясы:

  • әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуына бақылауды жүзеге асырады; 
  • Президенттi, Парламенттiң және мәслихаттардың депутаттарын, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды әзiрлеу мен өткiзудi қамтамасыз етедi;
  • төменгi тұрған аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының қызметiне басшылық етедi;
  • Сенат депутаттары сайлауын өткiзудi қамтамасыз етедi:
  • мәслихаттар депутаттарын сайлау жөнiнде сайлау округтерiн құрады және олардың тiзiмдерiн жариялайды, сайлау комиссияларының орналасқан жерi туралы сайлаушыларға хабарлайды; 
  • мәслихаттардан басқа өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды, қайта сайлауды және шығып қалған мүшелердің орнына сайлауды тағайындайды және ұйымдастырады;

Округтiк сайлау комиссиясы:

  • тиiстi сайлау округiнiң аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуын бақылауды жүзеге асырады;
  • мәслихаттар депутаттарын сайлаудың өткiзiлуiн ұйымдастырады;
  • учаскелiк сайлау комиссияларының қызметiн ұйымдастырып, үйлестiрiп отырады;

Учаскелiк сайлау комиссиясы:

  • сайлау учаскесiнде Президенттi, Парламент Мәжiлiсiнiң, мәслихаттардың депутаттарын және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөнiндегi сайлау шараларын жүргiзедi;
  • учаскелiк комиссияның орналасқан жерi туралы сайлаушыларды хабарландырады;
  • тиiстi сайлау учаскесiнде сайлаушылардың тiзiмiн нақтылайды;
  • азаматтарды сайлаушылардың тiзiмiмен таныстырады, тiзiмдердегi қателiктер мен жаңсақтықтар туралы арыздарды қарайды және оған тиiстi өзгерiстер енгiзу туралы мәселелердi шешедi;
  • сайлаушыларды дауыс беру күнi, уақыты және орны туралы хабарландырады;
  • дауыс беруге арналған үй-жай дайындайды, кабиналар мен жәшiктердiң жасалуын қамтамасыз етедi;
  • сайлау күнi сайлау учаскесiнде дауыс берiлуiн ұйымдастырады;
  • дауыс санауды жүргiзедi және учаскедегi дауыс беру нәтижелерiн анықтайды;
  • дауыс берудi әзiрлеу мен ұйымдастыру мәселелерi жөнiндегi арыздар мен шағымдарды қарайды және солар бойынша шешiмдер қабылдайды.
Ақпараттық хабар 09 тамыз 2019 ж.
09 августа 2019

Ақпараттық-коммуникациялық сайлау инфрақұрылымын, оның ішінде сайлаушылардың бірыңғай электрондық тізілімін құрумен, басқарумен және пайдаланумен 2005 жылдан бастап Ортсайлаукомның ведомстволық бағынысты ұйымы - "Орталық сайлау комиссиясының Инженерлік – техникалық орталығы"РМК айналысады.

Сайлаушы-азаматтардың бірыңғай электрондық тізілімі Орталық сайлау комиссиясының серверлерінде орналасқан, олар ақпаратты қорғаудың барлық шараларын көздейді және сыртқы қосылыстары жоқ, оның ішінде Интернет желісіне қосылмаған. Осылайша, ОСК серверлерінен деректердің таралып кетуі мүмкін емес.

Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылардың дербес деректерін тарату қаупі туралы жария алаңда баяндалған фактілер бойынша қызметтік тексеру жүргізді. Құпия ақпараттың жайылуына әкеп соғуы мүмкін Орталық сайлау комиссиясының серверлеріне рұқсатсыз қол жеткізу әрекеттерін тексеру нәтижелері бойынша анықталған жоқ.

Бұл ретте "ҚР ОСК ИТО" РМК мердігерлік ұйымының ақпараттық-талдау жүйесінің функционалын жетілдіру бойынша жұмыс барысында деректерді компрометациялау көзі бола алатын әзірлеу серверін пайдаланғандығы анықталды. Қызметтік тексеру нәтижелері, сондай-ақ "ҚР ОСК ИТО" РМК тапсырысы бойынша жұмыстар кешенін жүзеге асырған мердігерлік ұйымның қызметіне қатысты материалдар уәкілетті органдарға берілді. ІІМ жүргізген сотқа дейінгі тергеу шеңберінде болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға белсенді көмек көрсетіледі.

Сонымен қатар ағымдағы жылы ақпараттық қауіпсіздіктің қосымша шаралары қабылданғанын, екі рет аудит жүргізілгенін хабарлаймыз. Атап айтқанда, ақпан айында Мемлекеттік техникалық қызмет, маусым айында ОСК бастамасы бойынша "ЦАРКА" заңды тұлғалар бірлестігі жасаған меморандум негізінде.

"ЦАРКА" ЗТБ белгіленген ынтымақтастық шеңберінде ақпараттық жүйелердің кешенді аудитін, сыртқы және ішкі тестілеуді жүзеге асырды, қауіпсіздік қатерлеріне байланысты тәуекелдерді талдауды және бағалауды жүргізді және т. б.

Ақпараттық қауіпсіздік аудитінің қорытындылары бойынша 2019 жылғы 6 маусымдағы "ЦАРКА" ЗТБ есебі қолжетімділігі шектеулі ақпараттың, оның ішінде сайлаушылардың дербес деректерінің таралып кету қаупі мен осалдығын анықтау туралы деректерді қамтымайды. Есепте қамтылған ақпараттық қауіпсіздік шараларын күшейту жөніндегі ұсынымдар толық көлемде уақтылы іске асырылды.

Қазақстан Республикасы

 Орталық сайлау комиссиясы

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы