Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты К.В. Авершинді тіркеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 6-тармағына, 98-бабына сәйкес және «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Саяси кеңесі Бюросының 2022 жылғы 28 наурыздағы № 010PQ қаулысынан үзінді көшірмеге сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясыҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының бос мандаты «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Константин Викторович Авершинге берілсін.

2. Константин Викторович Авершин Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелсін.

3. Константин Викторович Авершинге белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.

docNumber

20/461

Жарияланған күні

29 наурыз 2022 19:00

Жаңарту күні

29 наурыз 2022

Түрі