1. Функциялары мен міндеттері:
Міндеттері:
1) заңнамаға сәйкес қызмет пен кәсiп түрлерiн еркiн таңдауға, еңбек еркіндігі, әлеуметтік қорғауға азаматтардың құқықтарын іске асыру үшін жағдай жасау;
2) жұмысқа орналасу және кәсіби оқу мәселелері бойынша қажетті ақпарат және кеңес беру негізінде, еңбекке жарамды халықтың жұмыс немесе қызмет түрін таңдау қажеттілігін қанағаттандыру;
3) жұмыссыздарға және жұмыс берушілерге қызмет көрсетуге арналған іс-шаралардың сапасын арттыруға, тізбесін кеңейтуге бағытталған жаңа прогрессивтік түрлерін және жұмыс әдістерін енгізу;
4) халықты әлеуметтік қорғау мәселесін шешу, қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіру;
5) әлеуметтік көмектердің және жәрдемақылардың (халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік және тұрғын-үй көмегі, 18 жасқа дейнгі балалары бар жанұяларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау, жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек) дер кезінде және дұрыс тағайындалуын қамтамасыз ету;
6) халықты әлеуметтік қорғау жүйесіне біріңғай ақпараттық технологияны енгізу, ақпаратты өңдеудің автоматтандырылған жүйесін жасау;
7) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы жұмыс жасайтын ведомстваға қарасты коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жұмыстарын үйлестіру;
Функциялары:
1) заңнамаға сәйкес халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру;
2) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерінің жобасын әзірлеу;
3) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы бағдарламалық құжаттарды бағалау және мониторингтеу;
4) халықты еңбек нарығындағы жағдай туралы ақпараттандыру, біріңғай ақпараттық еңбек нарығы базасын жасау негізінде, жұмыс күшіне деген сұранысы мен ұсынысын мониторингтеу;
5) еңбек нарығының сұранымына сәйкес, мүдделес органдармен бірге кадрлар дайындау қажеттілігін анықтау;
6) жұмыссыз азаматтарды тіркеу және оларға өз құзыреті шегінде әлеуметтік қолдау көрсету;
7) еңбек нарығының қажеттілігін есепке ала отырып жұмыс күшін кәсіби даярлықты және қайта даярлауды ұйымдастыру және жүргізу;
8) ҰОС мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне, көп балалы отбасыларына, мүгедектерге, мүгедек-балаларға, аз қамтамасыз етілген азаматтарға қайырымдылық акциясын өткізу жолымен әлеуметтік көмек көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру, барлық меншік формаларындағы мекемелер мен кәсіпорындардың қайырымдылық және демеушілік көмектерін үйлестіру;
9) халықтың әлеуметтік осал топтарына мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыдан әлеуметтік көмекті есепке алу: аз қамтамасыз етілген азаматтарға, көп балалы аналарға және басқа да халықтың әлеуметтік-қорғалған топтарына;
10) аз қамтамасыз етілген азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа толмаған балаларға мемлекеттік жәрдемақыны, тұрғын-үй көмегін ұсыну;
11) жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету;
12) мүгедектерді оңалту бойынша іс-шараларды іске асыру;
13) уәкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іс-әрекетке қабілетсіз азаматтарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық органдарының функцияларын іске асыру;
14) әлеуметтік серіктестік жүйесін реттеу бойынша ұсыныстар дайындау;
15) әлеуметтік және еңбек қатынастары аясындағы әлеуметтік серіктестік жүйесін реттеу бойынша ұсыныстарды іске асыру, сонымен қатар өз құзіреті шегінде әлеуметтік серіктестік бойынша қалалық үшжақты комиссиясының жұмысын қамтамасыз ету;
16) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселесін қарастыратын бірлескен жұмыс беруші мен кәсіподақ ұйымдарының, атқарушы билік органдары өкілдерінен құрылған кеңес беру комиссиясының және жұмыс тобының жұмысына қытысу;
17) мемлекеттік және ведомствалық есеп дайындау, бағынштылық бойынша оларды тапсыру, белгіленген тәртіпте бухгалтерлік есеп пен есеп жүргізу;
18) қолданыстағы заңнамаға сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуларды жүргізу;
19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қымет көрсету;
20) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
2. Бөлімнің құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі:
- ұйымдастыру-бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету секторы;
-бухгалтерлік есеп секторы;
-азаматтардың жекеленген санаттарымен жұмыс жасау секторы;
-жұмыспен қамту секторы;
-әлеуметтік көмек секторы;
-мүгедектермен және ардагерлермен жұмыс жасау секторы.
Пошталық |
141200, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, |
Телефондар: |
(87187) 74-00-54 - қабылдау бөлмесі (87187) 74-01-54 - бөлім басшысының орынбасары |