Құрметті қызмет алушылар!

Құрметті қызмет алушылар!

Сіздердің назарыңызға, мүгедектігі бар балаларды жеке оқу жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды оқу мерзімін көрсете отырып мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ жүзеге асыратынын  хабарлаймыз.

          Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.

          Оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу өтініш берілген айдан бастап оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін жүргізіледі.

  Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін өтініш беруші Мемлекеттік корпорация және Егов-порталы арқылы  уәкілетті органға жүгінеді.

Бұл ретте өтініш берушінің (ата-анасының, қорғаншысының) өзімен бірге:

- жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжаты;

- баланың мүгедектігі туралы анықтамасы;

- баланың туу туралы куәлігі;

- үйде оқу мерзімі көрсетілген оқу орнынан анықтамасы;

- қорғаншының атына банктегі шот, ДКК анықтамасы болуы қажет.

          Мүгедектігі бар балалар қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері тоқсанның аяқтаулы бойынша әр мүгедектігі бар балаға                        8  айлық есептік көрсеткішке тең.