«Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:
«Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Достық үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры, А-1-3 санаты.
Лауазымдық айлықақысы еңбек өтіліне байланысты 181 571 теңгеден 220 151 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
«Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ «Достық үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Мекеме) қызметіне басшылықты жүзеге асырады. Кадрларды іріктеуді, олардың біліктілігін арттыру үшін тиісті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді. Мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуын ұйымдастырады. Өндірістік-шаруашылық қызметке басшылық етеді. Шығармашылық, мәдени-бұқаралық және әдістемелік жұмыстардың ағымдағы және перспективалық жоспарларын жасайды, оларды «Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-ге (бұдан әрі – Бөлім) бекітуге ұсынады. Мекемені барлық ведомстволар мен ұйымдарда таныстырады, оның қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігіне жауап береді. Ішкі еңбек тәртібі қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді, барлық мамандар мен техникалық қызметкерлердің жұмысын бақылайды, олардың жұмысының тиімділігі мен сапасын айқындайды. Өз құзыреті шегінде өкімдер береді және олардың орындалуын қадағалайды. Қызмет туралы есепке алуды және есептілікті жүргізеді. Жұмысқа жүйелі түрде талдау жасайды. Кітапханалармен, білім беру мекемелерімен, клубтық мекемелермен, қоғамдық ұйымдармен және т.б. өзара іс-қимылды ұйымдастырады. Мәдени-бұқаралық және бос уақытты өткізу шараларын дайындауға және өткізуге тікелей қатысады. Өзінің кәсіби деңгейі мен шеберлігін арттыру бойынша жұмыс жүргізеді. Қызметкерлер арасында еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық өткізеді, сондай-ақ жалпыадамзаттық мораль, этика және мінез-құлық мәдениеті қағидаттарына құрметпен қарауды қалыптастыру жөніндегі жұмысты жүргізеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі біліктілік талаптары:
білімі:
кадрларды даярлау бағыттарының бірі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: педагогикалық ғылымдар (жалпы даму пәні бойынша, гуманитарлық пәндер бойынша, тілдер мен әдебиет бойынша педагогтерді даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе қызметтер (туризм, мәдени-демалыс жұмысы);
жұмыс өтілі:
2) қалалық, аудандық маңызы бар мәдени-демалыс ұйымдары және филиалдары үшін:
мәдениет саласында немесе басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл, не болмаса Президенттік жастар кадрлық резервіне қабылданған тұлғалар үшін кемінде 5 жыл, не болмаса Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе жұмысшы орган бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған тұлғалар үшін, сондай-ақ педагогикалық ғылымдар (жалпы дамудың пәндік мамандануы бар педагогтарды даярлау, гуманитарлық пәндер, тіл және әдебиет бойынша), және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар, және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат, және/немесе бизнес, басқару және құқық, және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-демалыс жұмысы) кадрларын даярлау бағыттарының бірі бойынша ғылыми дәрежесі бар тұлғалар үшін мәдениет саласында немесе басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл.
Білуі керек:
Конституцияны;
Бюджет кодексін;
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексті;
Еңбек кодексін;
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті;
Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңдарын; ішкі еңбек тәртібінің, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптарының тәртібін.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде ұйымға қолма-қол немесе пошта арқылы мынадай құжаттарды:
1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;
6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманы ұсынады.
Азаматтық қызметке тұру кезінде, ол адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.
Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдарды) ұсынады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурс өткізілетіні туралы хабарландыру «Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің «Достық үйі» КММ-нің және «Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің интернет-ресурсында соңғы рет жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжай бойынша ұсынылуы тиіс:
141200, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі, 62 үй («Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің конкурс комиссиясы).
Анықтама телефондары: 741020, электронды пошта: kultura2014@bk.ru , kultura.ae@pavlodar.gov.kz
Сұхбаттасуға жіберілген кандидаттар оны «Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің конкурс комиссиясында өтеді.