«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің                 2008 жылғы 18 наурыздағы                   № 125 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (ҚР нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 5191 болып тіркелген, 2008 жылғы 30 мамырда № 81 (1307) «Заң газеті» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларында:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар қолданылады:

1) бағалау – білім алушылардың оқуда нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудан күтілетін нәтижелермен әзірленген өлшемшарттар негізінде салыстыру процесі;

2) бағалау өлшемшарттары – білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүргізуге негіз болатын белгі;

3) білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау - бұл жалпы білім беретін оқу бағдарламасына сәйкес ағымдағы сабақ барысында мұғалім жүргізетін білім алушылардың білімдерін жүйелі тексеру;

4) білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушылардың бір оқу пәнін оқып аяқтағаннан кейін оның бөлігінің немесе барлық көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;

5) білім алушыларды қорытынды аттестаттау - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) бекітілген  Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында (бұдан әрі - МЖМБС) қарастырылған оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін рәсім:

6) жиынтық бағалау – белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы), сондай-ақ оқу бағдарламасына сәйкес бөлімдерді (ортақ тақырыптарды) оқып аяқтағаннан кейін өткізілетін бағалау түрі;

7) модерация – бағалаудың объективтілігін және айқындығын қамтамасыз ету үшін балдарды қоюды стандарттау мақсатында тоқсандық жиынтық бағалау бойынша білім алушылардың жұмысын талқылау процесі;

8) оқытудан күтілетін нәтижелер – оқыту процесі аяқталғанда білім алушының нені біліп, түсініп, көрсете алатынын сипаттайтын құзыреттіліктер жиынтығы;

9) формативті бағалау – сыныпта күнделікті жұмыс барысында жүргізілетін бағалау түрі, білім алушылар үлгерімінің ағымдағы көрсеткіші болып табылады, оқыту барысында білім алушылар мен мұғалім арасындағы жедел өзара байланысты, оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және білім беру процесін жетілдіруге мүмкіндік береді.»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Формативтік бағалау білім алушылардың оқыту мақсатына жету мониторингін жүргізу және орындалған үй жұмысы мен педагогтің жазбаша түрдегі (дәптерге немесе күнделікке) немесе ауызша ұсынымдамаларының қорытындысын ескере отырып сараланған жұмыстарды одан әрі теңестіру үшін жүргізіледі.

Тиісті мемлекеттік органдардың шектеу шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде және қашықтықтан оқыту нысанында оқыту кезінде білім алушылардың оқу жетістіктері балл қою арқылы формативті бағаланады. 1-11 (12) сынып білім алушыларының оқу жетістіктерін бағалау бір балдан 10 балға дейінгі шекте жүзеге асырылады.

Тоқсанға баға қою кезінде формативті бағалау үшін орташа балл есепке алынады, ол журналдың жеке бағанында қойылады.»;

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылауды тоқсан, бөлім (ортақ тақырып) аяқталғаннан кейін оқу материалдарының мазмұнын меңгеру деңгейін анықтау және қадағалау үшін жиынтық бағалау нысанында педагогтер жүргізеді.

Тиісті мемлекеттік органдардың шектеу шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде және қашықтықтан оқыту нысанында оқыту кезінде жиынтық бағалау 2-11 (12) сыныптарда жүргізіледі. Бұл ретте пәндер бойынша 1 бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (бұдан әрі - БЖБ) өткізіледі.
1-сыныпта білім алушылардың оқу жетістіктері бағаланбайды.»;

14-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14-1. Формативті бағалау, БЖБ және тоқсан бойынша жиынтық бағалау (бұдан әрі - ТЖБ) нәтижелері бойынша білім алушыларға тоқсандық оқу жетістіктерін бағалау кезінде ескерілетін балдар қойылады.»;

19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«19. Даулы мәселелер туындаған жағдайда білім алушылардың тоқсандағы оқу жетістіктерінің нәтижелері бойынша жазбаша түрде өткізілетін жиынтық бағалауда объективтілікті және ашықтықты қамтамасыз ету үшін және/немесе педагогикалық кеңестің шешімімен педагогтер қажет болған жағдайда, ТЖБ бағасы қойылғанға дейін бір күннен кешіктірмей модерация жүргізеді.

Балдары өзгертілуі тиіс болатын білім алушылардың тоқсандық жиынтық жұмыстарының модерациясы жүргізілген жағдайда олар қайта тексеріледі. Модерация қорытындысы бойынша тоқсан ішіндегі жиынтық жұмыс үшін балл өсу жағына да, азаю жағына да өзгереді.»;

20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Білім алушылар (денсаулық жағдайына байланысты, жақын туыстарының қайтыс болуы, қолайсыз метеожағдайларға байланысты, барлық деңгейдегі жарыстарға, конференцияларға, олимпиадаларға және ғылыми жобалар конкурстарына қатысу) болмаған жағдайда жиынтық бағалауды жеке кесте бойынша тапсырады.

Ағымдағы тоқсан/жартыжылдық аяқталғанға дейін Жиынтық жұмыстарды тапсырмаған жағдайда білім алушыға жиынтық жұмыстарды тапсырғанға дейін «уақытша аттестатталмады» деген белгі электронды журналда қойылады. Тапсыру қорытындысы бойынша төртінші/жартыжылдық баға қойылады.»;

22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«22. Ағымдағы жылғы білім алушылардың жиынтық жұмыстары мектепте сол оқу жылы аяқталғанға дейін сақталады.»;

25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«25. Тоқсандық баға бөлім (ортақ тақырып) және тоқсан бойынша жиынтық бағалау қорытындысының негізінде 50%-да 50% пайыздық арақатынаста қойылады.

Тиісті мемлекеттік органдардың шектеу шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде және уәкілетті органның шешімі бойынша қашықтықтан оқыту нысанында оқыту кезінде тоқсандық баға қалыптастырушы бағалау үшін орташа балл, БЖБ мен ТЖБ нәтижелері бойынша тиісінше 25%, 25% және 50% пайыздық арақатынаста қойылады.»;

31-тармақ  мынадай редакцияда жазылсын:

«31. Оқушылар бір мектептен екінші мектепке ауысқан кезде, оқу жылы көлеміндегі оның жиынтық бағалау нәтижесі (бөлім (ортақ тақырыптар) және тоқсан үшін жиынтық бағалаудың максималды балы және білім алушының қорытынды балдары) электронды (қағаз) журналдан жазба арқылы ресімделіп, директор және мектеп мөрімен расталып, оқушының жеке іс қағазымен беріледі.

Білім алушы бұрын қандай да бір пән оқытылмаған мектептен ауысқан жағдайда «тоқсан үшін баға» бағанына «оқытылмаған» белгісі енгізіледі. Бұл жағдайда білім алушыға оқу пәні бойынша жылдық баға осы пәнді оқу кезінде одан әрі ағымдағы оқу жылында алынған тоқсандық бағалар сомасының орташа арифметикалық мәні ретінде қойылады.»;

37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«37. 9 (10) сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі:

1) қазақ/орыс тілі және өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде білім беретін мектептер үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан:, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп оқушылары үшін жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе);

2) математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан;

3) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан;

4) таңдау пәні (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) бойынша жазбаша емтихан.»;

39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«39. 11 (12) сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі:

1) қазақ/орыс тілі бойынша және өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде білім беретін мектептер үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан:

2) алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан;

3) Қазақстан тарихынан тестілеу;

4) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу;

5) таңдау бойынша пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері, әдебиет, шетел тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) тестілеу.»;

көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгі қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің техникалық және кәсіптік білім департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) ресми жарияланғаннан кейін осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік жасайтын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Бұйрыққа қосымша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына 2-қосымша
Дата публикации
19 марта 2020