«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

  1.  «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген, 2018 жылғы                            14 қарашада Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:

29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«29. Білім алушылардың бағаланатын жазбаша жұмыстары (курстық, дипломдық жұмыстар (жобалар), магистрлік диссертациялар (жобалар) және докторлық диссертациялар) мәтінді пайдалану және басқа тілден аударылған мәтінді пайдаланумен қоса мағынаны (парафраз) өзгертусіз сөйлемдердің және пікірлердің синонимдік ауыстырумен бөтен мәтінді пайдалану (бұдан әрі – бөтен мәтінді пайдалану) нысанына тексеруден өтеді.

Бөтен мәтінді пайдалану нысанына тексерудің қағидалары мен тәртібін ЖЖОКБҰ әзірлейді, бекітеді және сақталуын қамтамасыз етеді.

Бөтен материалды пайдалануды анықтау жүйелерінде тексерілген дипломдық жұмыстар (жобалар), магистрлік диссертациялар (жобалар) және докторлық диссертациялар Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының базасында сақталады.

Оқытушылардың және ғылыми қызметкерлердің басылымға шығаруға ұсынылған ғылыми жұмыстарын бөтен мәтінді пайдалануды анықтау жүйелерінде тексеруге рұқсат етіледі.

ЖЖОКБҰ орыс немесе ағылшын тілдерінде қорғалған диссертациялық жұмыстардың қазақ тіліне аудармасын қамтамасыз етеді. Докторанттарды диссертацияларды аударуға тартуға жол берілмейді.»;

31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«31. ЖЖОКБҰ осы қағидалардың нормаларына сәйкес білім алушыларды ауыстыру мен қайта қабылдау қағидаларын әзірлейді, бекітеді және сақталуын қамтамасыз етеді.

Бұл ретте білім алушыны бір білім беру бағдарламасынан екіншісіне, бір ЖЖОКБҰ-дан екіншісіне ауыстыру және қайта қабылдау жазғы және қысқы демалыс кезеңінде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы білім беру ұйымдарын және ӘАОО-ны қоспағанда, білім алушы кез келген ЖЖОКБҰ-ға қайта қабылдау кезінде оқудан шығарылған мерзіміне қарамастан ауыстырылады немесе қайта қабылданады.

 Уәкілетті орган білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны тоқтата тұру, қайтарып алу және одан айыру туралы шешім қабылдаған жағдайда, осы ЖЖОКБҰ-ның білім алушылары уәкілетті орган лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны тоқтата тұру, қайтарып алу және одан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап ағымдағы семестр ішінде оқуын жалғастыру үшін басқа ЖЖОКБҰ-ға ауыстырылады.

Білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға  қосымша ерікті түрде тоқтатылған немесе ЖЖОКБҰ таратылған жағдайда, осы ЖЖОКБҰ-ның білім алушылары  ЖЖОКБҰ-ның  лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны ерікті түрде тоқтату немесе тарату туралы жүгінген күнінен бастап ағымдағы семестр ішінде оқуын  жалғастыру үшін басқа ЖЖОКБҰ-ға ауыстырылады.

 Аккредиттеу тоқтатыла тұрған, одан айырылған немесе қолданылу мерзімі өткен жағдайда осы ЖЖОКБҰ-ның білім алушысы аккредиттеуді тоқтата тұру, одан айыру немесе қолданылу мерзімі өткен күннен бастап бір ай мерзімде оқуын жалғастыру үшін басқа ЖЖОКБҰ-ға ауыстырылады.

ЖЖОКБҰ білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау мамандырылған аккредиттеу болған кезде жүзеге асырылады.

Егер ЖЖОКБҰ білім алушы жеке оқу жоспарына сәйкес меңгеріп жатқан бағдарламасының бірінші академиялық кезеңін толық аяқтаса, ол оқудан шығарылғаннан кейін ғана ауыстырылады және қайта қабылданады.

Білім алушыны ақылы негізден мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстыру «Білім туралы» Заңның 4-бабының 5) тармақшасына сәйкес бекітілген тәртіппен жүзеге асырылады.

Білім беру гранты бойынша білім алатын студент білім беру грантын сақтай отырып, өз қалауынша басқа ЖЖОКБҰ-ға ауысады.

Білім алушының ауысуы кезінде қабылдайтын ЖЖОКБҰ даярлау бағытын және білім беру бағдарламасының бейінін, білім алушының оқу жетістіктерін, сондай-ақ білім алушының академиялық адалдықты бұзған жағдайларын ескереді. Білім алушының ауысуы немесе қайта қабылдануы кезінде оқыту нәтижелерін қайта есептеу үшін ЖЖОКБҰ тиісті комиссияны құрады.

Жекелеген ЖЖОКБҰ-лар үшін бекітілген білім беру гранты бойынша, сондай-ақ бөлінген квота шегінде педагогикалық мамандықтарға түскен студенттер басқа ЖЖОКБҰ-ға тек ақылы негізде ғана ауысады.

Студенттерді, магистранттарды, резидентура тыңдаушыларын және докторанттарды басқа ЖЖОКБҰ-дан ұлттық ЖЖОКБҰ-ға немесе өзге де ЖЖОКБҰ-ға ауыстыру білім алушылардың білім беру грантының құнындағы айырмашылығын қосымша төлеу шартымен жүзеге асырылады.

Шығармашылық даярлықты қажет ететін білім беру бағдарламаларының тобынан басқа білім беру бағдарламаларының тобына білім алушының ауысуы «Білім туралы» Заңның 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес белгіленген өту балынан төмен емес балы бар ұлттық бірыңғай тестілеу сертификаты болған жағдайда жүзеге асырылады.

 Білім алушыны жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының басқа топтарынан педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламаларына ауыстыру «Білім туралы» Заңның 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес балы белгіленген шекті балдан төмен емес Ұлттық бірыңғай тестілеу сертификаты болған кезде жүзеге асырылады.

Шетелдік ЖЖОКБҰ-лардан білім алушылардың ауысуы білім берудің тиісті деңгейі, білім беру саласы және қабылдау жылы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы орналасқан және (немесе) Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізіліміне және (немесе) қауымдастықтарына кірген ұлттық және (немесе) шетелдік аккредиттеу органдарының халықаралық мамандандырылған аккредиттеуі бар ЖЖОКБҰ-да жүзеге асырылады.

ӘАОО-да білім алушыларды ауыстыру мен қайта қабылдау қағидалары «Білім туралы» Заңның 5-1-бабының 12) тармақшасына сәйкес бекітіледі.»;

35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«35. Академиялық адалдық оқыту процесінің негізі болып табылады және оны іске асыруды ЖЖОКБҰ қамтамасыз етеді.

Академиялық адалдықтың негізгі қағидаттары:

1) академиялық жұмыста адалдық пен өзара сыйластықты қалыптастыратын негізгі институционалдық құндылық ретінде академиялық адалдықты қамтамасыз ету;

2) жоғары әдеп құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған академиялық адалдықтың әділетті және объективті қағидаларын бекіту;

3) басқа білім беру ұйымдарының верификацияланатын транскриптері негізінде білім алушының кредиттерін қайта есептеудің нақты тетігін және рәсімін анықтау жолымен білім алушының жүйелі және үздіксіз оқу траекториясын қамтамасыз ету;

4) академиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал ететін оқытушы ретінде оқытушыға құрмет көрсету;

5) академиялық адалдықты ілгерілету және қорғау үшін білім беру процесінің қатысушыларын көтермелеу және ынталандыру;

6) оқытушының пәннің нақты саясатын, білім алушыдан күтілетін талаптарды анықтауы;

7) оқытушының білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың нақты параметрлері саясатын анықтауы;

8) білім алушыларға білім беру, әлеуметтік және психологиялық қолдау көрсететін және академиялық ұждансыздықты көрсетудің алдын-алуға көмектесетін академиялық ортаны жасау.

Академиялық адалдық қағидаттарын және лицензиялау нормаларын бұзу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.»;

51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

  1. Докторлық диссертацияларды қорғауды ұйымдастыру мен өткізу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6951 болып тіркелген) Ғылыми дәрежелерді беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Білім беру бағдарламасын игеру кезінде докторант тартылмауы тиіс:

1) шетелдік консультанттарды, ресми рецензенттерді іздеуге;

2) ОПҚ және ғылыми жетекшінің орнына (докторанттың жеке оқу жоспарына енгізілген оқу сабақтарын қоспағанда) оқу сабақтарын орындауға міндетті);

3) ашық ғылыми семинарларды, диссертациялық кеңестердің отырыстарын ұйымдастыруға;

4) диссертациялық Кеңестің отырыстарына материалдар дайындауға, қорғау рәсімін ресімдеуге және аттестациялық істі қалыптастыруға бағытталады;

5) рецензенттердің, диссертациялық Кеңес мүшелерінің жұмысына және жол жүруіне ақы төлеуге;

6) кафедраның, факультеттің, ЖЖОКБҰ-ның қоғамдық жүктемесін орындауға (жеке бастамадан басқа).);

7) оның тікелей міндеттеріне кірмейтін басқа жұмысты орындауға міндетті.

ЖЖОКБҰ қамтамасыз етеді:

1) докторантты оқыту және зерттеу жүргізу үшін қажетті жағдайлар;

2) докторанттың зияткерлік меншік авторлығын тану;

3) өзінің жеке оқу жоспарын орындау нәтижелерін жария, объективті және ашық бағалауды қамтуға тиіс.

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

             Аты-жөні

 

Дата публикации
20 апреля 2021