Қазақстан Республикасында орта білім беру міндетті болып табылады және үш деңгейден тұрады: бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру. Орта білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру Оқу-ағарту министрлігінің құзыретіне кіреді. Министрлік сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, білім беру процесін ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен озық тәжірибе негізінде ұйымдастырады.
Министрліктің орта білім беру саласындағы негізгі функциялары:
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды, үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларды әзірлеу;
оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру;
оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету;
білім алушылардың білімін бағалау жүйесін дамыту және аттестацияларды өткізу;
халықаралық және республикалық білім беру бағдарламалары мен олимпиадаларды жүзеге асыру;
педагогтердің біліктілігін арттыру және педагогикалық қызметтің стандарттарын әзірлеу;
білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету.
"Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес үлгілік мінез-құлық көрсеткен және оқу кезеңінде 5-тен 11 (12) - сыныпқа дейінгі барлық пәндер бойынша жылдық және қорытынды бағалары "5" болған және жалпы орта білімі", № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестаты және "Алтын белгі"белгісі беріледі.
Негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру білім алушыларды міндетті қорытынды аттестаттаумен аяқталады және мынадай нысанда жүргізіледі::
1) 9 (10) сынып білім алушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары;
2) 11 (12) сынып білім алушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандарын тапсыру.
Қорытынды баға емтихан нәтижелері (қорытынды аттестаттау) және оқу жылындағы тоқсандық бағалар негізінде қойылады.
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 399 Заңында (бұдан әрі-заң) дене шынықтыру педагогтеріне негізгі жұмыс орны бойынша сабақтан тыс спорттық сабақтар өткізгені үшін базалық лауазымдық жалақыдан 100% мөлшерінде қосымша ақы көзделген.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында сабақтан тыс спорттық сабақтар аптасына 2 сағат, орта білім беру ұйымдарында аптасына 3 сағат, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында аптасына 4 сағат өткізіледі.
1-4 сыныптарда аптасына кемінде бір сағат шахмат бойынша сабақтан тыс сабақтар міндетті түрде ұйымдастырылуы тиіс.
Сабақтан тыс спорттық сабақтарға арналған топтың сандық құрамы – кемінде 12 адам.
Жоғарыда көрсетілген Заңды іске асыру үшін 2021 жылғы 4 наурызда "азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер енгізілді.
Сабақтан тыс спорттық сабақтар өткізгені үшін қосымша ақы "Мемлекеттік ұйымдар педагогтерінің жалақысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 191 бұйрығының (бұдан әрі-бұйрық) негізінде жүргізіледі.
Қазіргі уақытта "Мемлекеттік ұйымдар педагогтерінің жалақысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 191 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрықтың жобасы әзірленді және мемлекеттік органдардың келісімінде тұр.
Бұл норма 2021 жылғы 1 қаңтарда енгізілді. Төлем сабақтарды өткізу фактісі бойынша жүргізілуі тиіс.
«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес педагогтердің жұмыс уақытына атқаратын лауазымына қарай: оқу (оқытушылық), тәрбие жұмысы, білім алушылармен жеке жұмыс, ғылыми, шығармашылық және зерттеу жұмысы, сондай-ақ лауазымдық міндеттермен және (немесе) жеке жоспарда көзделген басқа да педагогикалық жұмыс: әдістемелік, дайындық, ұйымдастырушылық, диагностикалық, мониторингтік жұмыс, білім алушылармен тәрбиелік, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық, шығармашылық және өзге де іс-шаралар жоспарларымен көзделген жұмыс кіреді.
Педагогке тән емес функцияларға тартуға, шамадан тыс есеп беруге, негізсіз тексерулер жүргізуге тыйым салуды белгілеу арқылы жүктемені қысқарту бойынша нормалар жеке көзделген.
Педагогтің кәсіби қызметін жүзеге асыру кезінде:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны кәсіптік міндеттермен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға;
2) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделмеген есептілікті ақпаратты талап етуге;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген тексерулерді жүргізуге;
4) тауарлар мен қызметтерді сатып алу жөніндегі міндетті жүктеуге жол берілмейді.
Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының педагогтерін олардың кәсіптік қызметін жүзеге асыруы кезінде мемлекеттік емес ұйымдардың іс-шараларын өткізуге, тартуға жол берілмейді.
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі - ӘҚБтК) (409-баптың 7-3-тармағы) сәйкес педагог мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын мынадай нысанда жасалған бұзушылық:
Педагогтің кәсіби қызметін жүзеге асыру кезінде:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны кәсіптік міндеттермен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға;
2) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделмеген есептілікті ақпаратты талап етуге;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген тексерулерді жүргізуге;
4) тауарлар мен қызметтерді сатып алу жөніндегі міндетті жүктеуге жол берілмейді.
5) мемлекеттік орта білім беру ұйымының педагогін өз кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік емес ұйымдардың іс-шараларын өткізуге тарту түрінде жасалған бұзушылық ескерту жасауға алып келеді.
Жоғарыда көрсетілген әрекеттерді қайталап жасаған кезде (әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде) (409-баптың 7-4-тармағы) лауазымды адамдарға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Педагогке өзінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде былапыт сөйлеуден, лайықсыз мінез-құлықтан, мазақ қылудан, әбес қылықтар (белгілер), заттар көрсетуден көрінген, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы құрметтемеушілік таныту жеке тұлғаларға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді(409-баптың 7-6-тармағы).
Егер бұл әрекеттерді он екі жастан он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған болса ата-анаға немесе оларды алмастыратын адамдарға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді (409-баптың 7-7-тармағы).