Меню
Страницы

"Лучший историк -2021" районный конкурс

"Лучший историк -2021" районный конкурс


БЕКІТЕМІН

Қарағанды облысы білім басқармасының «Жаңаарқа ауданының білім бөлімі» ММ басшысы

__________ М.Балабаева

«____» _______ 2021 жыл

 

 

 

Жаңаарқа ауданының  білім беру ұйымдарының

тарих мұғалімдерінің

«Үздік тарихшы - 2021» қалалық сайысының

ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ережелер

1.1. Осы ереже «Үздік тарихшы – 2021» қалалық байқауының (бұдан әрі – байқау) мақсатын, міндеттерін, ұйымдастыру тәртібін, өткізу шарттарын, оның қатысушыларына қойылатын талаптарды, бағалау өлшемдерін, қорытындыларды шығару және жеңімпаздарды марапаттау тәртібін айқындайды.

1.2. Байқауды Қарағанды облысы білім басқармасының «Жаңаарқа ауданының  білім бөлімі» ММ 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізеді.

  1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері

2.1. Байқау тарих мұғалімдерінің инновациялық педагогикалық тәжірибесін анықтау және бағалау, қала мұғалімдері арасында тарих пәнін оқыту деңгейін арттыру мақсатында өткізіледі.

2.2. Байқау міндеттері:

- білім беру сапасын арттыру міндеттерін табысты шешетін, шығармашылық жұмыс атқаратын тарих мұғалімдерін анықтау және қолдау;

- білім беру ұйымдары, қала деңгейінде өзекті мәселелерді шешуге бағытталған білім беру қызметін ынталандыру.

  1. Байқауды өткізу мерзімі мен шарттары

3.1. Байқау 2021 жылдың 4 наурыздан 12 наурыз аралығында өткізіледі.

3.2. Байқауға Жаңаарқа ауданының  жалпы білім беретін мектептерінің тарих пәні мұғалімдері қатысады. Қатысушылардың жасы шектелмейді, педагогикалық өтілі ескерілмейді.

3.3. Байқауға ұсынылған материалдар рецензияланбайды және қайтарылмайды.

3.4. Байқау үш кезеңде өткізіледі.

Бірінші кезең-сырттай, қашықтықтан өткізіледі. Байқау құжаттары 04.03.2021 - 10.03.2021 жж. аралығында қабылданады. Өтінімдер мен байқау жұмыстары 2021 жылдың 10 наурызына дейін ghanaarka_raioo@mail.ru  электрондық поштасына қабылданады. Анықтамалар 87712630391 телефоны арқылы.

Екінші кезең: Байқаудың сараптамалық комиссиясы 2021 жылдың                              10-11 наурыз күні  ұсынылған байқау материалдарын талдайды және бағалайды, ақтық кезеңге қатысушыларды анықтайды. Байқаудың Ұйымдастыру комитеті ІІІ-кезеңнің қатысушыларына жеке шақыруларды таратады.

Үшінші кезең (финалдық, күндізгі) - 12.03.2021 жыл.

3.5. Бірінші кезеңге қатысушы келесі құжаттар пакетін тапсыруы қажет (электронды нұсқада):

- Өтінім (1-Қосымша);

- Сауалнама (2-Қосымша);

Байқау тапсырмасы: «2020-2021 оқу жылының айтулы күндері» тақырыбы бойынша «Педагогикалық шеберлік». Байқауға қатысушылар номинациялар бойынша бірегей Педагогикалық идеялардың сипаттамасын қамтитын авторлық әдістемелік әзірлемелерді ұсынады:

-«Дидактикалық материалдарды пайдаланудың табысты технологиясы»;

- «Тарих сабағының үздік әдістемелік әзірлемесі»;

- «Сыныптан тыс іс-шараның үздік әзірлемесі».

3.6. Байқау тапсырмасының бағалау критерийлері:

  1. Байқау материалының мазмұнының мәлімделген номинацияға, тақырыпқа, деңгейіне, оқушылардың жасына сәйкестігі;
  2. Материалдың жаңалығы, қолданылған педагогикалық тәсілдер мен әдістердің анықтығы мен айқындығы;
  3. Нәтижелерді сипаттау айқындығы, әзірлеудің практикалық құндылығы, оны басқа білім беру мекемелерінде енгізу мүмкіндігі.

3.7. Байқаудың күндізгі кезеңінің бағдарламасы келесі тапсырмаларды қамтиды:

- «Визит карточкасы»: регламент 3 минут. Бағалау критерийлері: көшбасшылық қабілеттер, тақырыпты терең түсіну, аргументация және логикалық құрылымдар жүйесі, автордың ұстанымы, ой-өрісінің кеңдігі, өз олжалары мен ұсыныстары, сөз сөйлеудің бірегейлігі.

- «Шеберлік-сабақ» регламенті 10 минут. Бағалау критерийлері: мақсат қою, тақырыпты ашуға шығармашылық көзқарас, ойлау креативтілігі.

- «TEDx» регламенті: «Ұлытау Қазақстан тарихының бесігі» тақырыбы бойынша 3 минут.

  1. Қорытынды шығару және марапаттау.

4.1. Байқаудың Ұйымдастыру комитеті Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының негізгі орта білім беру бөлімі болып табылады.

4.2. Байқауды ұйымдастыру және өткізу үшін сараптамалық байқау комиссиясы құрылады.

4.3. Сараптамалық байқау комиссиясының құрамы байқауды ұйымдастырушылардың өкілдерінен және шақырылған мамандардан құрылады.

4.4. Байқаудың ІІІ кезеңінің жеңімпаздары дипломдармен марапатталады және  І дәрежелі диплом иегері «Үздік тарихшы - 2021» байқаудың облыстық кезеңіне қатысатын болады.

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Әдістемелік кабинеттің

меңгерушісі

______________Г.Достаева

«____»_______________2021ж.

 

 

 

 

1-қосымша

Өтініш

 

Білім беру ұйымының толық атауы _______________________________

______________________________________________________________

Аймақ ________________________________________________________

Байқауға қатысушының аты-жөні _______________________________

Тарих пәні мұғалімі лауазымындағы жұмыс өтілі ________________________

______________________________________________________________

Байланыс ақпараты (пошталық мекен-жайы, телефоны, электрондық мекен-жайы)_______________________________________________________

 

Білім беру ұйымы басшысының қолы

Мөр

 

2-қосымша

Сауалнама

  1. ТАӘ _________________________________________________________
  2. Жұмыс орны _______________________ жұмыс өтілі _______________

санат _______________________

  1. Біліктілікті арттыру курстары (соңғы жылы, тақырыбы) _____________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

  1. Пән бойынша өз білімін жетілдіру тақырыбы: _______________________________________________________________________
  2. Ең маңызды жеке жетістіктері (соңғы үш жылда): ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
  3. Марапаттары, атақтары: ____________________________________________________________________________________________________________________________________
  4. Оқушылардың ең маңызды жетістіктері (соңғы бір-екі жылда): ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Социальные медиа
Меню подвал
Экранный диктор
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Послания Президента РК
Государственные символы РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК
Термины и обозначения
Цели устойчивого развития
Концепция цифровой трансформации