Бекітемін
Жаңаарқа ауданының білім бөлімі
басшысы
_________ М.Е.Балабаева
«03» сәуір 2026 ж.
Аудандық «My little theatre» сахналық қойылымдар байқауының
ЕРЕЖЕСІ
- Жалпы ережелер
Жаңаарқа ауданының білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес « ауыл мектебі- сапа алаңы» тқжырымдамасы негізінде тірек, толық және серіктес шағын жинақты мектеп оқушыларының тілдік құзіреттілігін және шығармашылық әлеуетін арттыру, достық құндылықтарын дәріптеу және сахна мәдениетін қалыптастыру «My little theatre» сахналық қойылымдар өткізіледі.
- Байқаудың мақсаты мен міндеттері
- Мақсаты: Оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеу дағдысын дамыту, актерлік шеберлікті ояту, мейірімділік пен достық атмосферасын қалыптастыру.
- Міндеттері:
- Тұлғааралық қарым-қатынасты нығайту ;
- Көркем әдебиетке және театр өнеріне деген қызығушылықты арттыру;
- Көпшілік алдында ағылшын тілінде еркін сөйлеу және өзін-өзі ұстау дағдыларын дамыту.
- Байқаудың қатысушылары
3.1 Байқауға білім беру ұйымдарының 5-9 сынып оқушыларынан құралған шығармашылық топтар (театр үйірмелері, сынып ұжымдары) қатыса алады.
- Байқауды өткізу тәртібі мен шарттары
- Байқаудың уақыты: 04.2026ж. 15.00
- Өтетін орын: Б.Амалбеков тірек мектебінің АКТ залы
- Қойылым тақырыбы: Жас ерекшеліктеріне сай еркін тақырыпта
- Уақыт регламенті: Әр қойылымның ұзақтығы 15-20 минуттан аспауы тиіс.
- Тілдік ерекшелігі: Қойылым тек ағылшын тілінде жүргізіледі
- Техникалық талап: Қатысушылар қажетті декорацияларды, костюмдер мен музыкалық сүйемелдеуді өздері дайындайды.
- Өтінімдер сәуір айының 13 дейін Nuri_12_1991@mail.ru электронды почтасында қабылданады
- Бағалау критерийлері
- Қазылар алқасы қатысушыларды мынадай өлшемдер бойынша бағалайды:
- Актерлік шеберлік: Кейіпкердің образын ашу, дикция, тілдік дағды, сахналық мәдениет.
- Режиссерлік шешім: Қойылымның композициялық тұтастығы, сахнаны тиімді пайдалану.
- Көркемдік безендіру: Костюмдер, декорациялар және музыканың тақырыпқа сай келуі.
- Марапаттау
- Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады және сыйлықтар табысталады.
Өтінім үлгісі
|
№
|
Мектебі
|
Сыныбы
|
Тақырыбы
|
Қатысатын оқушы саны
|
Жетексіші
|
Жетекшінің байланыс телефоны
|
|
1
|
|
|
|
|
|
|