Меню
Страницы

«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының  аудандық кезең

«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының  аудандық кезең

«БЕКІТЕМІН»

                                                                        «Жаңаарқа ауданының

 білім бөлімі» ММ басшысы

_____________ Балабаева М.

                                                                     «___» _________ 2026 ж.

 

 «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының  аудандық кезеңінің

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер
  2. Осы Ереже «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының аудандық кезеңін ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды. 
  3. Ереже Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы және «Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №293-VI ҚР Заңы негізінде әзірленді.
  4. Олимпиаданың аудандық кезеңі педагогтердің шығармашылық әлеуетін арттыруға, кәсіби дамуына және дарынды балалармен жұмыс сапасын жақсартуға бағытталған.                                                             4. Облыстық кезең және шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға жағдай жасау, кәсіби өзін-өзі жүзеге асыруға ынталандыру.
  5. II.  Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері

Мақсаты:                                                                                                                                                 Жас педагогтерге  кәсіби және шығармашылық мүмкіндіктерін  дамытуға жағдай жасау, кәсіби өзін-өзі жүзеге асыруға ынталандыру.

       Міндеттері:

  • педагогикалық мамандықтың беделін арттыру;
  • жас педагогтердің әдістемелік құзыреттілігін дамыту;
  • инновациялық тәжірибені іздеу және мәдениетін қалыптастыру;
  • эксперименттік және зерттеушілік жұмыстарға қызығушылықты арттыру;
  • педагогтердің кәсіби ойлауын, талдау дағдыларнын дамыту;
  • жас мамандар арасында кәсіби қауымдастықты нығайту және қолдау жүйесін қалыптастыру;

       III. Олимпиаданың құрылымы мен қатысушылары

5.Олимпиада үш бағыттан  (сатыдан) тұрады:                                                                                                         I саты – жас педагогтер                                                                                                                         II саты  - педагог-психологтар                                                                                                    III саты – тәлімгерлер                                                                                                                       6.Олимпиадаға қатысушылардың еңбек өтілі 5 жылдан аспауы тиіс.                                                  7.Қатысушылар олимпиада тапсырмаларын орындау арқылы педагогикалық зерттеу дағдыларын, әдістемелік құзыреттілігін, кәсіби мағызды тұлғалық қасиеттерін көрсетеді.                                                                                                                                              8.Аудандық  кезеңнің тапсырмалары облыстық кезеңнің талаптарына сәйкес дайындалады және жалпы кәсіби біліктіліктің төрт деңгейлік жүйесіне сай күрделенеді.                                                                                                                  IV.  Қатысушыларды бағалау өлшемдері                                                                                         9. Бағалау критерийлері:

* материалдың жүйелілігі мен дәйектілігі;

* кәсіби қызмет динамикасы;

* ұсынылған материалдардың мазмұндылылығы мен толықтығы;

* эстетикалық рәсімделуі.

  1. «Өзін-өзі таныстыру» кезеңі барысында:

        * шығармашылық жұмысты таныстыру деңгейі;

        * кәсіби жетістіктерге рефлексивті талдау жасай білуі;

    * АКТ қолдану деңгейі;                                                                                                                                       * ауызша сөйлеу мәдениеті (мәнерлілігі, сауаттылығы, образдылығы)  

*  импровизация жасау қабілеті;

* аудиториямен жұмыс жүргізу дағдысы.

  1. Идеяны бағалау:

* педагогикалық құзыреттілік (әдістемелік сауаттылық, АКТ, мақсаттардың жүзеге асуы) ; 

  1. Олимпиаданың кезеңі
  2. Олимпиада 2026 жылдың 29,30 қаңтар күндері өтеді.
  3. Жаңаарқа ауданының білім беру ұйымдарының жас мамандары қатысады. Еңбек өтілімдері 5 жылдан аспауы тиіс. Байқаудың өтетін орны: Б.Амалбеков атындағы ТМ базасындағы /РО/. Қатысушылар әр сатыға байланысы тест тапсырмаларын орындайды.                         29 қаңтар күні  тест тапсырытын уақыты: 10:00-12:00
  4. «Шығармашылық жолдың бастамасы»   тақырыбында өзін-өзі таныстыру (фотопрезентация, бейнепрезентация, аудиожазба, көркемсөз, т.б. шығармашылық жолдар арқылы көрсетілуі мүмкін).                                                    30 қаңтар күні  қатысушы өзін таныстырып, мамандығына деген көзқарасын ұсынады. (презентаци уақыты 5-7 минут).                                                  Өтетін уақыты: 10:00-12:00.
  5. 15. Қатысушының өтінімдерін бекітіп (вортта, электронды түрде)                           20 қаңтарға дейін барлық олимпиада  материалдарын, kulshat6767@mail.ru электрондық поштасына жіберу қажет.
  6. VI. Байқауда мыналар бағаланады:

         - Қатысушысының кәсібилігі мен жаңашыл идеяларының ұсынылуы;

            Оқушыға білім берудің жаңашыл әділ-тәсілдерін меңгертуі;

        -  Қатысушысының коммуникативтік белгілері;

         -  Қатысушысының ақпараттық-коммуникативтік технологияны меңгеруі.

Олимпиада нәтижесі әр тапсырма бойынша 10 ұпаймен бағаланады.

        Әрбір қатысушының нәтижесі әр тапрсырма бойынша жинаған ұпайларының қосындысы арқылы айқындалады. Екі кезеңінің қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған 3 қатысушы Олимпиада лауреаттары болып жарияланады. Жоғарғы ұпай жинаған лауреат Олимпиада жеңімпаздары болады.

VII. Қорытынды шығару және марапаттау.

  1. Олимпиаданың Ұйымдастыру комитеті Жаңаарқа ауданының білім бөлімі болып табылады.
  2. Олимпиаданың ұйымдастыру және өткізу үшін сараптамалық олимпиаданы комиссиясы құрылады.
  3. Сараптамалық байқау комиссиясының құрамы олимпиаданы ұйымдастырушылардың өкілдерінен және шақырылған мамандардан құрылады.
  4. Олимпиада жеңімпаздары марапатталады.

 

 

 

 

 

Қосымша 3.

«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының  аудандық кезеңіне қатысушылар

 

Педагогтердің тегі, аты, әкесінің аты (жеке куәлік бойынша)

 

Қала (аудан)

ББҰ толық атауы

 

Байланыс  телефон,:

e-mail:

 

 

 

 

 

 

 

Социальные медиа
Меню подвал
Экранный диктор
Термины и обозначения
Политика конфиденциальности
Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК