Меню
Страницы

Scratch визуалды бағдарламалау тілінен олимпиада

Scratch визуалды бағдарламалау тілінен олимпиада

Бекітемін

Жаңаарқа ауданының білім бөлімі

__________М.Е.Балабаева

«06» сәуір 2026 ж.

 

 

Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданының жалпы білім беретін

мектептерінің бастауыш сыныптары арасында Scratch визуалды бағдарламалау тілінен олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу туралы

ЕРЕЖЕ

 

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Осы Ереже     Ұлытау облысы,    Жаңаарқа ауданы,  Жаңаарқа кенті,

«С. Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ базасында өткізілетін Scratch бағдарламалау тілі бойынша аудандық олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды. Олимпиада жалпы білім беретін мектептердің 2–4 сынып оқушыларына арналған және олардың білім деңгейін, шығармашылық қабілеттерін, логикалық және алгоритмдік ойлауын дамытуға бағытталған.

Олимпиаданы өткізу барысында қатысушылардың тең мүмкіндіктері, академиялық адалдық қағидалары және ашықтық қамтамасыз етіледі. Осы Ереже олимпиаданың мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастыру және өткізу кезеңдерін, қатысу шарттарын, бағалау тәртібін, сондай-ақ жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау механизмін белгілейді.

Олимпиада аудан деңгейінде өткізіледі және қатысушылар мектепішілік іріктеу нәтижесі бойынша жіберіледі. Олимпиаданы ұйымдастыру мен өткізуді ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.

 

 

  1. Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері

 

  1. Мақсаты:
  • Бастауыш сынып оқушыларының Scratch бағдарламалау ортасына қызығушылығын арттыру.
  • Логикалық, алгоритмдік және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.
  • Цифрлық технологияларды тиімді қолдану дағдыларын қалыптастыру.
  1. Міндеттері
  • Оқушылардың бағдарламалау негіздері бойынша білімдерін тереңдету және практикада қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ету.
  • Дарынды және қабілетті оқушыларды анықтау және қолдау.
  • Оқушылардың креативтілігін және жобалық ойлауын дамыту.
  • Өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
  • Ақпараттық технологиялар саласына қызығушылықты арттыру.

 

 

  1. Олимпиаданы өткізу тәртібі

 

  1. Олимпиаданың өтетін күні – 04.2026
  2. Өтінімдерді қабылдау 04.2026 дейін жалғасады
  3. Өтінімдер imenisakenasejfullinaos@gmail.com электронды поштасы арқылы қабылданады
  4. Олимпиада екі турдан тұрады:
  • І кезең (теориялық)
  • ІІ кезең (практикалық)
  1. Олимпиада офлайн форматта «С. Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ базасында өткізіледі.
  2. Олимпиадаға қатысушылар әр мектепте өткізілген іріктеу кезеңінің нәтижесі бойынша жіберіледі.
  3. I кезеңде қатысушылар Scratch бағдарламалау негіздері бойынша тест тапсырмаларын орындайды. Тапсырмалар жабық форматта беріледі (бір дұрыс жауап).
  4. II кезеңде қатысушылар берілген тақырып бойынша Scratch бағдарламасында жоба әзірлейді (ойын, анимация немесе интерактивті көрініс).
  5. Әр қатысушы жеке компьютермен қамтамасыз етіледі. Қатысушыларға тек қажетті бағдарламалармен жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
  6. Олимпиада барысында қатысушыларға бір-бірімен сөйлесуге, сырттан көмек алуға және дайын материалдарды пайдалануға тыйым салынады.
  7. Олимпиаданың ұзақтығы:
  • I кезең - 30–40 минут;
  • II кезең - 60–90 минут.
  1. Қатысушылардың жұмыстары белгіленген бағалау критерийлері бойынша қазылар алқасымен тексеріледі.
  2. Олимпиада өткізу кезінде академиялық адалдық қағидалары сақталады. Ережені бұзған қатысушылар олимпиададан шеттетіледі.
  3. Олимпиада нәтижелері қорытынды отырыста жарияланады.

 

 

  1. Олимпиаданың кезеңдері

 

  1. Олимпиада екі кезеңнен тұрады: теориялық және практикалық.
  2. I кезең - теориялық (тест):
  • Қатысушылар Scratch бағдарламалау негіздері бойынша тест тапсырмаларын орындайды;
  • Тест 20–25 сұрақтан тұрады;
  • Әр сұраққа 1 дұрыс жауап беріледі;
  • Тапсырмаларды орындау уақыты - 30–40 минут;
  • Бұл кезеңде қатысушылардың теориялық білімдері бағаланады.
  1. II кезең - практикалық:
  • Қатысушылар Scratch ортасында берілген тақырып бойынша жоба әзірлейді;
  • Жоба түрлері: ойын, анимация немесе интерактивті тапсырма;
  • Тапсырмаларды орындау уақыты - 60–90 минут;
  • Қатысушылар өз жобаларын толық аяқтап, жұмыс істеуін көрсетуі тиіс.
  1. Практикалық кезеңнің бағалау критерийлері:
  • жобаның логикасы және дұрыс жұмыс істеуі;
  • алгоритмнің құрылымы;
  • креативтілік және идеяның ерекшелігі;
  • интерфейс және визуалды безендіру;
  • тапсырма талаптарына сәйкестігі.

Әр кезеңнің нәтижелері бойынша қатысушылардың ұпайлары есептеліп, қорытынды рейтинг анықталады.

 

 

  1. Қатысушылар

 

  1. Олимпиадаға Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданының жалпы білім беретін мектептерінің 2–4 сынып оқушылары қатыса алады.
  2. Әр білім беру ұйымынан олимпиадаға 2–4 оқушыдан қатыстыруға рұқсат етіледі.
  3. Қатысушылар мектепішілік іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша анықталады.
  4. Олимпиадаға қатысу ерікті түрде жүзеге асырылады.
  5. Қатысушылар олимпиада өтетін күні белгіленген уақыттан кешікпей тіркеуден өтуі тиіс.
  6. Қатысушылар өзімен бірге оқушы билетін немесе мектептен берілген анықтаманы алып келуі қажет.
  7. Олимпиада барысында қатысушылар осы Ережеде көрсетілген талаптарды сақтауға міндетті.
  8. Ереже талаптарын бұзған жағдайда қатысушы олимпиададан шеттетіледі.

 

 

  1. Ұйымдастыру комитеті

 

  1. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады.
  2. Ұйымдастыру комитетінің құрамы мектептің әкімшілігіенн және информатика пәні мұғалімдерінен қалыптастырылады.
  3. Ұйымдастыру комитетінің негізгі міндеттері:
  • олимпиаданы өткізу жоспарын әзірлеу және бекіту;
  • олимпиада тапсырмаларын дайындауды ұйымдастыру;
  • қатысушыларды тіркеу және тізімін қалыптастыру;
  • олимпиаданың өткізілу барысын үйлестіру;
  • қажетті техникалық және ұйымдастырушылық жағдайларды қамтамасыз ету;
  • қорытынды нәтижелерді дайындау және жариялау.
  1. Ұйымдастыру комитеті олимпиаданың ашық, әділ және талаптарға сәйкес өткізілуіне жауап береді.

 

 

  1. Қазылар алқасы

 

  1. Олимпиада жұмыстарын бағалау үшін қазылар алқасы құрылады.
  2. Қазылар алқасының құрамы аудан мектептерінің тәжірибелі информатика пәні мұғалімдерінен қалыптастырылады.
  3. Қазылар алқасының негізгі міндеттері:
  • қатысушылардың жұмыстарын белгіленген критерийлер бойынша бағалау;
  • әр кезең бойынша ұпайларды есептеу;
  • олимпиаданың қорытынды нәтижелерін анықтау;
  • жеңімпаздар мен жүлдегерлерді айқындау;
  • даулы мәселелерді қарастыру.
  1. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.
  2. Бағалау барысында әділдік, ашықтық және объективтілік қағидалары сақталады.

 

 

  1. Олимпиада қорытындылары мен марапаттау рәсімі

 

  1. Олимпиада нәтижелері әр кезең бойынша жинақталған ұпайлар негізінде анықталады.
  2. Қатысушылардың жұмыстары белгіленген бағалау критерийлері бойынша әділ және объективті түрде тексеріледі.
  3. Ең жоғары ұпай жинаған қатысушылар жеңімпаз және жүлдегер болып танылады.
  4. Олимпиада қорытындысы бойынша:
  • I орын;
  • II орын;
  • III орын тағайындалады.
  1. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады.
  2. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және қажет болған жағдайда бағалы сыйлықтармен марапатталады.

 

 

  1. Қосымша номинациялар берілуі мүмкін:
  • «Ең креативті жоба»;
  • «Үздік ойын»;
  • «Үздік дизайн».
  1. Марапаттау рәсімі олимпиада аяқталғаннан кейін өткізіледі.

 

 

  1. Қорытынды ережелер

 

  1. Олимпиада осы Ереже негізінде өткізіледі және барлық қатысушылар үшін міндетті болып табылады.
  2. Олимпиада барысында академиялық адалдық қағидалары қатаң сақталуы тиіс.
  3. Қатысушыларға бір-бірімен сөйлесуге, сырттан көмек алуға, дайын жобаларды пайдалануға және интернет ресурстарын қолдануға тыйым салынады (ұйымдастыру комитеті рұқсат еткен жағдайларды қоспағанда).
  4. Ереже талаптарын бұзған қатысушылар қазылар алқасының шешімімен олимпиададан шеттетіледі.
  5. Даулы мәселелер туындаған жағдайда, олар ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасының бірлескен шешімімен қарастырылады.
  6. Олимпиада нәтижелері жарияланғаннан кейін өзгертілмейді.
  7. Осы Ережеде қарастырылмаған жағдайлар ұйымдастыру комитетінің шешімімен реттеледі.
  8. Осы Ереже олимпиада өткізілетін күннен бастап күшіне енеді.

 

 

ӨТІНІМ ҮЛГІСІ

 

 

Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданының жалпы білім беретін мектептерінің

бастауыш сыныптары арасында Scratch визуалды

бағдарламалау тілінен олимпиадаға

_________________________________ мектебінен

 

ӨТІНІМ

 

Қатысушының аты-жөні

Қатысушының туған күн, ай, жылы

Білім беру

ұйымының

атауы

Сыныбы

Жетекшісінің аты-жөні

Жетекшісінің байланыс нөмірі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектеп директоры         Мөр және қолы          Аты-жөні

 

 

Социальные медиа
Меню подвал
Экранный диктор
Термины и обозначения
Политика конфиденциальности
Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК