
Жаңаарқа ауданының жалпы білім беру ұйымдарының
ағылшын тілі мүғалімдерінің
«Үздік ағылшын тілі мұғалімі – 2024» аудандық сайысының
ЕРЕЖЕСІ
- білім беру сапасын арттыру міндеттерін табысты шешетін, шығармашылық жұмыс атқаратын ағылшын тілі мұғалімдерін анықтау және қолдау;
- білім беру ұйымдары, аудан, аймақ деңгейінде өзекті мәселелерді шешуге бағытталған білім беру қызметін ынталандыру.
3.1. Байқау 2024 жылдың 15 мамырында онлайн форматында өтеді.
3.2. Байқауға Жаңаарқа ауданының білім беру ұйымдарының ағылшын тілі пәні мұғалімдері қатысады. Қатысушылардың жасы шектелмейді, педагогикалық өтілі ескерілмейді.
3.3. Байқауға ұсынылған материалдар рецензияланбайды және қайтарылмайды.
3.4. Байқау 2 кезеңде сырттай, қашықтықтан өткізіледі.
Бірінші кезең: Өтінімдер 30.04.2024 ж қабылданады.
Бірінші кезеңге қатысушы келесі құжаттарды тапсыру қажет (электронды нұсқада)
- Өтінім (1-Қосымша);
- Сауалнама (2-Қосымша);
-«Педагогикалық шеберлік»/ «Pedagogical excellence» авторлық әдістемелік әзірлеме;
Байқау тапсырмасы: Байқауға қатысушылар номинациялар бойынша бірегей педагогикалық идеялардың сипаттамасын қамтитын авторлық әдістемелік әзірлемелерді ұсынады:
- «Дидактикалық материалдарды пайдаланудың табысты технологиясы»;
- « Ағылшын тілі сабағының үздік әдістемелік әзірлемесі»;
- «Сыныптан тыс іс-шараның үздік әзірлемесі».
Байқау тапсырмасының бағалау критерийлері:
3.5. Байқаудың екінші кезеңінің бағдарламасы келесі тапсырмаларды қамтиды: Байқау жұмыстары 15.05.2024ж.(қоса алғанда) күнге дейін қабылданады.
- « I am a new formation teacher » шығармашылық видео немесе презентациялық таныстырылым , регламент 3 минут. заманауи талаптарға сәйкес білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігі, өзінің іс-тәжірибесін ұсыну. Бағалау критерийлері: көшбасшылық қабілеттер, автордың ұстанымы, ой-өрісінің кеңдігі, өз идеялары мен ұсыныстары, сөз сөйлеудің бірегейлігі.
- «Шеберлік-сабақ» регламенті 7 минут. «Шабыттандырушы әлем - үздік сабағымда» / "An inspiring world - in my best lesson" Youtube желісіне жүктелген сабақ сілтемелерін ұсыну.
Бағалау критерийлері: мақсат қою, тақырыпты ашуға шығармашылық көзқарас, күрделі тақырыпты терең түсіну, аргументация және логикалық құрылымдар жүйесі, ойлау креативтілігі заманауи технологияларды қолдануы.
4.1. Байқаудың Ұйымдастыру комитеті Жаңаарқа ауданының білім бөлімі болып табылады.
4.2. Байқауды ұйымдастыру және өткізу үшін сараптамалық байқау комиссиясы құрылады.
4.3. Сараптамалық байқау комиссиясының құрамы байқауды ұйымдастырушылардың өкілдерінен және шақырылған мамандардан құрылады. Байқаудың сараптамалық комиссиясы 2024 жылдың 15-20 мамыр аралығында ұсынылған байқау материалдарын талдайды және бағалайды, ақтық кезеңге қатысушыларды анықтайды.
4.4. Байқаудың жеңімпаздары дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталады.
1-қосымша
Өтініш
Білім беру ұйымының толық атауы _______________________________
______________________________________________________________
Аймақ ________________________________________________________
Байқауға қатысушының аты-жөні _______________________________
Ағылшын тілі пәні мұғалімі лауазымындағы жұмыс өтілі ________________________
______________________________________________________________
Байланыс ақпараты (пошталық мекен-жайы, телефоны, электрондық мекен-жайы)_______________________________________________________
Білім беру ұйымы басшысының қолы
Мөр
2-қосымша
Сауалнама
санат _______________________