«ҮЗДІК АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА» КОНКУРСЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ
І. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
Осы ЕРЕЖЕ сынып мұғалімдер арасындағы «Үздік авторлық бағдарлама» облыстық конкурсының аудандық кезеңін өткізу тәртібі мен шарттарын анықтайды.
- Облыстық конкурсты Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу- әдістемелік орталығы өткізеді.
- Конкурсты өткізу тәртібі ЕРЕЖЕМЕН анықталады.
Конкурс білім мазмұнын жетілдіру және жаңарту мақсатында үздік авторлық бағдарламаларды анықтауға мүмкіндік береді.
ІІ. КОНКУРСТЫҢ МАҚСАТЫ
- Мұғалімдерінің оқу пәндері мен таңдау курстары бойынша авторлық бағдарламалар жасайтын, озық авторлық іс- тәжірибесін анықтау және тарату.
ІІІ. КОНКУРСТЫҢ МІНДЕТІ
- Мұғалімдерінің шығармашыл әлеуетін қолдау;
- Үздік жұмысты анықтау;
- Өз әзірлемелерін тәжірибеде қолдану мүмкіндіктерін пайдалану;
- Үздік педагогикалық іс-тәжірибені тарату;
- Шығармашылық қызмет нәтижелерімен, педагогикалық идеялармен, жобалармен бөлісу;
- КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫЛАР ЖӘНЕ КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ
- Конкурсқа барлық орта мектептердің мұғалімдері қатысады. Екі нмесе үш авторлық жұмыстар қарастырылады. Бұрын қорғалған жұмыстар конкурсқа жіберілмейді.
- Конкурсқа қатысуға үміткерлердің жалпы өтініштері өз мектептерінің сараптамасынан өткеннен кейін жүргізіледі.
- Бағалау критерийлерге байланысты жүзеге асырылады.
- КОНКУРСТЫҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ТҮРІ
Конкурсқа авторлық бағдарламалар, факультативтік курстар және таңдау пәні бойынша курстар ұсынылады.
- Авторлық бағдарламаның құрылымы:
- титул беті
- рецензия (ғылыми қызметкер, практик-мұғалімдердің);
- түсінік хат;
- тақырыптық-оқу жоспары;
- авторлық бағдарлама жоспары;
- әдістемелік қамтылуы;
- қосымша;
- Титул бетінде:
- білім беру ұйымының атауы заңды құжатқа сәйкес;
- тегі,аты,әкесінің аты(жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес),жеке куәлік;
- бағдарлама авторының лауазымы;
- авторлық бағдарламаның әзірленген жылы; Бағдарламаның түсінік хаты:
- бағыты;
- жаңашылдығы,өзектілігі, педагогикалық маңыздылығы;
- мақсаты мен міндеттері;
- ерекшеліктері;
- күтілетін нәтижелер және оларды тексеру әдістері.
- Авторлық бағдарлама мазмұны:
- авторлық бағдарлама мазмұнына: тақырыптық-оқу жоспар,тақырыптар, бөлімдер тізбесі;
- сабақтың теориялық және практикалық түрлеріне бөлінетін тақырыптарға арналған сағаттар саны, авторлық бағдарламаның мазмұны тақырыптардың қысқаша сипаттамасы арқылы ашылады. (Теория және практика).
- Авторлық бағдарламаның әдістемелік қамтылуы:
- сипаттама;
- тақырып бойынша жоспарланған сабақ түрлері (ойын, экскурсия, конкурс, конференция және т. б.);
- оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың әдістері мен түрлері, дидактикалық материал, сабақтың техникалық жабдықталуы;
- әр тақырып немесе бөлім бойынша қорытынды шығару.
- Қосымша:
- Оқу-әдістемелік кешен: оқу құралы, оқу дәптері, дидактикалық, көрнекілік, электронды материал, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау және бағалау бойынша материалдар (жазбаша бақылау тапсырмалары, тест тапсырмалары, бөлімнің, тоқсанның суммативті жұмыстары.
- 7.Материалдар қағаз және электронды нұсқада ұсынылады.
Рәсімдеуге қойылатын талаптар:
- А4 форматта, текст редакторы- Microsoft Word, шрифт – Times New Roman, шрифт көлемі – 14, екі жақ жиегі – 2 см.барлық жағынан, жоларалық интервал -1 -1,5, ориентациясы кітап,тасымалсыз.
- Конкурсты өткізу кезеңдері мен мерзімдері:
- кезең - білім беру ұйымдарында (қаңтар-ақпан); II кезең – аудандық әдістемелік кабинет(ақпан
наурыз)
ІІІ облыстық (сәуір-мамыр).
- Конкурсқа әр пән бойынша аудандық кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылатын авторлық бағдарламалар облыстық кезеңге жіберіледі.
VІ. КОНКУРСТЫҢ МАЗМҰНДЫҚ БАҒЫТЫ
5.1. Конкурс келесі бағыттарда жүргізіледі:
- Гуманитарлық (қазақ, орыс тілдері, әдебиеттік оқу);
- Математикалық;
- Жаратылыстану бағыты
- КОНКУРС ӘДІЛҚАЗЫЛАРЫ
- Конкурс әділқазыларының жұмысы:
- конкурстың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес материалдарды конкурстың бағалау критерийлеріне сәйкес конкурсқа ұсынылған материалды бағалау;
- жеңімпаздарды анықтау;
- жеңімпаздарды марапаттауға қатысу.
- Конкурс қорытындысы арнайы хаттамамен рәсімделіп әділқазы мүшелерінің қолтаңбаларымен бекітіледі.
- ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНЕ ҚҰЖАТТАРДЫ ҰСЫНУ ТӘРТІБІ
- Материалдар мен өтініштер 2022 жылдың 26 ақпанына дейін бастауыш сынып мұғалімдері үшін kulshat6767@mail.ru ,пән мұғалімдері үшін 2022 жылдың 26 наурызына дейін kyrykbaeva_nazira@mail.ru электронды почталарына қабылданады.
- Конкурсқа қатысу үшін:
- тіркелген формаға сәйкес қатысушы туралы мәлімет көрсетілген өтініш(1-қосымша);
- конкурстық материалдар (қағаз және электронды нұсқада).
- Конкурсқа жіберілген материалдар қайтарылмайды.
- КОНКУРС ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРУ, МАРАПАТТАУ
- Әділқазылардың шешімімен анықталған конкурс жеңімпаздары Жаңаарқа ауданы білім бөлімінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.
- Әділқазылар ең үздік авторлық жұмыстарды анықтайды. I орын – 1 авторлық жұмыс;
- орын –2 авторлық жұмыс; III орын – 3 авторлық жұмыс.
- Конкурсқа қатысушылар қатысушы сертификатына ие болады.
- Практикаға енгізу үшін аудандық әдістемелік кабинеттің кеңесінде қарастырылып, ұсынылады
- Жеңімпаздардың авторлық бағдарламалары Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу- әдістемелік орталығы өткізетін Облыстық конкурсқа ұсынылады.
1 қосымша
№
|
Қатысуш ының аты-жөні
|
Қала/аудан
|
Жұмыс орны
|
лауазымы
|
Авторлық бағдарламаны ң атауы (бағытын көрсетіңіз)
|
Өткізу
жылы және іске асыру
|
Байланыс
телефоны, email
|
|
|
|
|
|
|
|
|