Меню
Страницы

«Лучший преподаватель - 2022» районный конкурс

«Лучший преподаватель - 2022» районный конкурс

«Үздiк педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшiн құжаттарды қабылдау ережесі

«Үздік педагог – 2022» республикалық    конкурсының аудандық кезеңін  өткізу тәртібі

  1. Конкурсқа келесі критерийлерге сәйкес келетін білім беру ұйымдарының педагогтері қатысады: 

 - білім беру ұйымының штаттағы педагог қызметкері; 

 - конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі бар педагог қызметкерлер.

  1. Конкурс жеңімпазы келесі конкурсқа он жылдан кейін ғана қатыса алады.
  2. Конкурсқа қатысушыларды бағалау үшін аудандық білім бөлімінің  бұйрығымен бекітілген аудандық  комиссия құрылады.
  3. Комиссия аудандық, білім бөлімі қызметкерлерінен, тәжірибелі педагогтерден, педагогикалық шеберлік кәсіби конкурстарының жеңімпаздарынан, білім беру саласындағы қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен құрылады.

Комиссия мүшелерінің саны кемінде  бес адамды құрайды. Комиссия отырыстары оның мүшелерінің кемінде үштен екісі болған жағдайда заңды деп саналады.

Комиссия төрағасы, төраға орынбасары комиссия мүшелерінен сайланады. Хатшы оның мүшесі болып табылмайды.

 

  1. Конкурс жыл сайын үш кезеңде өткізіледі:

1) І кезең –аудандық, онлайн режимде 2022 жылдың 01 – 10 сәуір аралығында өткізіледі; электронды портфолио талдауына сәйкес конкурсқа қатысушылар анықталып, екінші кезеңге ұсынылады.

Конкурстың І кезеңінің қорытындысымен аудандық комиссия конкурстың II кезеңіне әрбір білім деңгейі бойынша бір жеңімпазды ұсынады: 

– мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту – 1 педагог;

– жалпы орта білім беру – 1 педагог.

2) II кезең – облыстық : 2022 жылдың  сәуір-мамыр  аралығында, өтеді, онда Қазақстан Республикасының «Үздік педагог» республикалық конкурсына қатысу үшін ұсынылатын конкурс жеңімпаздары айқындалады.

Конкурсқа қатысушылардың сканерленген құжаттары салынған папка мен портфолиосы электронды форматта  2022 жылдың  10  сәуірге  дейін    gulshat.dostaeva.73@mail.ru  электронды поштасына жіберілуі тиіс.

Папкада төмендегі сканерленген құжаттар болуы тиіс:

  1. «Үздік педагог-2022» атағын беруге арналған конкурсқа қатысуға өтінім;

2) конкурсқа қатысушыға арналған мектеп басшылары куәландырған ұсыныс;

3) жұмыс орнымен куәландырылған кадрларды тіркеу бойынша жеке іс-парағы;

4) жеке куәлігінің көшірмесі;

5)  мектепішілік комиссия отырысының хаттамасынан көшірме;

6) электронды тасығыштардағы жазылған оқу сабақтары;

7) электронды портфолио оқыту тілінде (педагогтің портфолиосының құрылымы «Үздік педагог - 2022»  аудандық  конкурсының ережесінің №2 қосымшасында көрсетілген).

8) қатысушының «Менің педагогикалық ұстанымым» тақырыбында жазған эссесі (қатысушының жазатын эссесінің құрылымы мен мазмұны «Үздік педагог - 2022» аудандық  конкурсы ережесінің №3 қосымшасында көрсетілген).

9) қатысушының «Мен шығармашыл ұстазбын» тақырыбындағы бейнежазбасы (Үздік педагог - 2022» қалалық конкурсының ережесінің №4 қосымшасында көрсетілген техникалық шарттарға сәйкес).

               Педагогтердің кәсіби қызметіндегі жетістіктер «Үздік педагог – 2022» аудандық конкурс ережесінің № 5 қосымшасында баяндалған критерийлерге сәйкес құрастырылуы тиіс.

Конкурстың аудандық кезеңінің қорытындысы конкурс аяқталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, сондай-ақ  Жаңаарқа ауданы білім бөлімінің интернет-ресурсында орналастырылады.

        Аудандық  байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Аудандық  конкурс қорытындысы бойынша жеңімпазға «Үздік педагог» атағы беріледі.

 

 

«Үздік педагог - 2022» конкурсы туралы 

бұйрығына

№1 қосымша

«Үздік педагог - 2022» конкурсының ауадндық  қезеңіне қатысуға

ӨТІНІМ

Мені конкурсқа қатыстыруыңызды сұраймын. Өзім туралы төмендегідей мәлімет беремін: 

 

1. Жұмыс орны

 

2. Т.А.Ә. толық (жеке куәлікте көрсетілгендей) 

 

3.Туған күні, айы, жылы 

 

4. Қызметі

 

5. Педагогикалық еңбек өтілі

 

6. Осы қызметтегі еңбек өтілі 

 

7. Білімі (қандай оқу орны, факультеті, қай жылы аяқтады) 

 

8. Біліктілік санаты 

 

9. Тұрғылықты мекен-жайы, индекспен бірге 

 

10. Жеке куәліктің мәліметтері (нөмірі, қашан және кім берген, ЖСН) 

 

11. Байланыс телефоны (үй, ұялы) 

 

12. Марапаттары, мадақтаулары 

 

13. Аудандық кезеңде алған орны

 

 

Қосымша: конкурсқа қатысу үшiн құжаттар _____ парақ.
 Өтінім толтырылған күн ___________________________________

Конкурсқа қатысушының қолы _______________________________

Білім беру ұйымы басшысының қолы ____________________

М.О.

«Үздік педагог – 2021» 

аудандық конкурсы ережесінің 

№ 2 қосымшасы

 

Педагог портфолиосының құрылымы

  1. Педагог туралы жалпы мәлімет:

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), 3х4 көлеміндегі фотосурет міндетті түрде салынуы қажет. 

Өтілі (еңбек және педагогикалық). 

Білімі.

Біліктілікті арттыру.

Марапаттары (грамоталары, мақтау қағаздары, алғыс хаттар, пікірлер мен ұсынымдар), біліктілікті арттыру курстарының сертификаттары, оның ішінде қашықтан білім беру (білімін, курстан өткенін растайтын құжаттардың сканерленген көшірмелері, Құрмет грамоталарының, сертификаттардың сканерленген көшірмелері). 

  1. Педагогтік қызметінің мониторингі:

Соңғы бес жылдағы білім сапасының даму динамикасы және мониторингі;

пән бойынша сыртттай бағалаудың қорытындысы туралы мәлімет;   олимпиадаларға, кәсіби конкурстарға қатысуы туралы мәлімет;оқушыларының жетістігі, олимпиадалардың, пән бойынша жарыстардың (конкурстардың) жеңімпаздары, ғылыми-практикалық конференцияларға қатысуы.

  1. Ғылыми-әдістемелік қызметі:

Педагог жұмыс істейтін педагогикалық бағыт бойынша барлық ақпарат:қолданылатын технологиялардың, оқыту әдістері мен тәсілдерінің сипаттамасы; педагог қатысқан семинарлар, конкурстар, «дөңгелек үстелдер», фестивальдер бойынша материалдар; зерттеулері; авторлық бағдарламалар, оқу-әдістемелік кешендер, әдістемелік материалдар әзірлемелері, олар бойынша хаттамалардан үзінді (бар болған жағдайда); білім беру және әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша материалдар (бар болған жағдайда);шығармашылық есептер, семинарлар, ашық сабақтар, тренингтер, ғылыми-практикалық конференциялардағы баяндамалары туралы мәліметтер; бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;      тәжірибе алмасу бойынша жұмыс.

  1. Сабақтан тыс қызметі: 

оқушылардың шығармашылық жұмыстары;оқушылардың, әріптестерінің, педагогтердің, әлеуметтік әріптестердің, ата-аналардың, қоғамның пікірлері; волонтерлік қызмет, қайырымдылық іс-шараларға қатысу.

 

 «Үздік педагог – 2022»  аудандық

 конкурсы ережесінің 

№ 3 қосымшасы

 

«Менің педагогикалық ұстанылым» 

тақырыбындағы эссенің құрылымы мен мазмұны

 

«Менің педагогикалықұстанылым» тақырыбындағы эссенің мазмұны

(A4 көлеміндегі бір бет, Times New Roman шрифті, арасы  бір интервал) келесі сұрақтардың мәнін ашуы қажет:

  • Сіз балаларға айтатын (философтар, саясаткерлер, суретшілер,

ағартушылар,рухани жетекшілер, меценаттар және т.б.) ұлы адамдардың қайсысы оларды шабыттандырады?

  • Мұғалімнің мәртебесін көтеру үшін мектепте, ауданда, облыста,

елімізде сіздің тарапыңыздан қандай іс-әрекеттер іске асуда?

  • Балаға білім беру мен тәрбиелеуде отбасы қалай әсер етеді?
  • Ізгі және жомарт адамды қалай тәрбиелеу керек?
  • Баланың оқу үлгерімінің төмендеу себебі неде?

(білім беру тәсілдерінде, ата-аналары немесе баланың өзі), т.б.

 

«Үздік педагог – 2022» аудандық

 конкурсы ережесінің 

№ 4 қосымшасы

 

Конкурстың«Мен шығармашыл ұстазбын» 

бейнежазбасының техникалық шарттары

  1. Техникалық шарттар:

Конкурсқа конкурстың тақырыбына сәйкес келетін бейнежазбалар қабылданады.

Форматы: DVD, MPEG4; 720x480 (12: 8 см);

Ұзақтығы - 1 минут; 

Қатысушының аты-жөні көрсетілген негізгі бет.

Бейнежазбаны түсіру және монтаждау кезінде арнайы бағдарламалар мен құралдар, фотосуреттер, бейнефрагменттер, арнайы эффект, фондық музыка қолданылуы мүмкін. 

Конкурсқа адамдардың қадір-қасиеті мен сезімдерін қорлайтын, тақырыпқа сәйкес келмейтін жарнамалық сипаттағы роликтер қабылданбайды. 

  1. Бейнежазбаның мазмұныұсынылған тақырып бойынша қатысушының жеке қабылдауын, көзқарасы мен ойын көрсетеді.

 

«Үздік педагог – 2022» аудандық

 конкурсы ережесінің 

№ 5 қосымшасы

 

«Үздік педагог – 2022»  ауадндық  конкурсына қатысушы педагогтердің кәсіби қызметін бағалау критерийлері:

  1. Педагогтің кәсіби құзыреттілігі (соңғы 5 жылда) – 10 балл.

1-4 балл

1 балл – оқытудың инновациялық әдістерін білу, оқыту және тәрбиелеу практикасын зерттеуді білу (соңғы бес жылда);

2 балл – оқыту және тәрбиелеу практикасын зерттеу әдістемесін білу (соңғы бес жылда);

3 балл – білім сапасын арттыруға ықпал ететін оқытудың инновациялық әдістерінің элементтерін қолдану (соңғы бес жылда);

4 балл – оқытудың инновациялық әдістерінің элементтерін қолдану және оқыту, оқыту және тәрбиелеу практикасын зерттеу (соңғы бес жылда).

5-7 балл                                       

5 балл – оқытудың тиімді және инновациялық әдістерін қолдану, оқыту және тәрбиелеу практикасына зерттеу жүргізу; білім беру сапасын айқындау бойынша диагностикалық құралдардың болуы (соңғы бес жылда);

6 балл – оқытудың тиімді және инновациялық әдістерін қолдану, оқыту және тәрбиелеу практикасына зерттеу жүргізу; білім сапасы мониторингінің болуы (соңғы бес жылда);

7 балл – оқытудың тиімді және инновациялық әдістерін қолдану, аудандық деңгейде оқыту және тәрбиелеу практикасына зерттеу жүргізу бойынша тәжірибені тарату; білім беру сапасының динамикасы (соңғы бес жылда).

8-10 балл

8 балл – оқытудың тиімді және инновациялық әдістерін қолдану, қалалық деңгейде оқыту және тәрбиелеу практикасына зерттеу жүргізу бойынша тәжірибені тарату; білім беру сапасының динамикасы (соңғы бес жылда);

9 балл - оқытудың тиімді және инновациялық әдістерін қолдану, республикалық деңгейде оқыту және тәрбиелеу практикасына зерттеу жүргізу бойынша тәжірибені тарату; білім беру сапасының динамикасы (соңғы бес жылда);

10 балл – оқытудың тиімді және инновациялық әдістерін қолдану, халықаралық деңгейде оқыту және тәрбиелеу практикасына зерттеу жүргізу бойынша тәжірибені тарату; білім беру сапасының динамикасы (соңғы бес жылда).

  1. Педагогтің білім беруді дамытуға қосқан үлесі (соңғы 5 жылда) – 

10 балл.

1-4 балл

1 балл – авторлық бағдарламалар, оқу-әдістемелік кешендер, әдістемелік материалдар әзірлеу (соңғы бес жылда);

2 балл – авторлық әдістемелік материалдарды, бағдарламаларды, оқу-әдістемелік кешендерді, әдістемелік материалдарды әзірлеу; педагогтердің семинарларда, конференцияларда және т. б. тәжірибесін бөлісу сөйлеуі (соңғы бес жылда);

3 балл – авторлық бағдарламалар, оқу-әдістемелік кешендер, әдістемелік материалдар әзірлеу; педагогтердің мақалаларын психологиялық-педагогикалық басылымдарда, қалалық деңгейдегі БАҚ-та жариялау (соңғы бес жылда);

4 балл – авторлық бағдарламалар, оқу-әдістемелік кешендер, әдістемелік материалдар әзірлеу; педагогтердің мақалаларын психологиялық-педагогикалық басылымдарда, республикалық деңгейдегі БАҚ-та жариялау (соңғы бес жылда).

5-7 балл 

5 балл – авторлық бағдарламалар, оқу-әдістемелік кешендер, әдістемелік материалдар әзірлеу; педагогтердің мақалаларын психологиялық-педагогикалық басылымдарда, халықаралық деңгейдегі БАҚ-та жариялау (соңғы бес жылда);

6 балл – білім беру немесе әлеуметтік жобаларды іске асыру (соңғы бес жылда);авторлық бағдарламалар, оқу-әдістемелік кешендер, әдістемелік материалдар әзірлеу (соңғы бес жылда);аудандық деңгейде педагогтерді оқыту (семинарлар, тренингтер, шеберлік сабақтар) (соңғы бес жылда);

7 балл – білім беру немесе әлеуметтік жобаларды іске асыру (соңғы бес жылда);авторлық бағдарламалар, оқу-әдістемелік кешендер, әдістемелік материалдар әзірлеу; қалалық деңгейде тәлімгерлік және педагогтерді оқыту (семинарлар, тренингтер, шеберлік сабақтар) (соңғы бес жылда).

8-10 балл

8 балл - білім беру немесе әлеуметтік жобаларды іске асыру;аудандық немесе қалалық деңгейде аудандық оқу-әдістемелік кеңес бекіткен авторлық бағдарламаларды, оқу-әдістемелік кешендерді, әдістемелік материалдарды әзірлеу және енгізу (соңғы бес жылда);аудандық немесе қалалық деңгейде тәлімгерлік және педагогтерді оқыту (семинарлар, тренингтер, шеберлік сабақтар) (соңғы бес жылда);

9 балл – білім беру немесе әлеуметтік жобаларды іске асыру (соңғы бес жылда); қалалық немесе республикалық деңгейде қалалық оқу-әдістемелік кеңес бекіткен авторлық бағдарламаларды, оқу-әдістемелік кешендерді, әдістемелік материалдарды әзірлеу және енгізу; қалалық немесе республикалық деңгейде тәлімгерлік және педагогтерді оқыту (семинарлар, тренингтер, шеберлік сабақтар) (соңғы бес жылда);

10 балл – білім беру немесе әлеуметтік жобаларды іске асыру;республикалық немесе халықаралық деңгейде республикалық оқу-әдістемелік кеңес бекіткен авторлық бағдарламаларды, оқу-әдістемелік кешендерді, әдістемелік материалдарды әзірлеу және енгізу; республикалық немесе халықаралық деңгейде тәлімгерлік және педагогтерді оқыту (семинарлар, тренингтер, шеберлік сабақтар) (соңғы бес жылда).

  1. 3. Педагог қызметінің нәтижелілігі (соңғы бес жылда) – 10 балл.

1-4 балл

1 балл – ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу (соңғы бес жылда);

2 балл – оқушылар мен тәрбиеленушілердің білім сапасының мониторингі (соңғы бес жылда);

3 балл – оқушылар мен тәрбиеленушілердің білім сапасының мониторингі; 

ғылыми-практикалық конференцияларға қатысуы (соңғы бес жылда);

4 балл – оқушылар мен тәрбиеленушілердің олимпиадалардағы, конкурстардағы, жарыстардағы жетістіктері; ғылыми-практикалық конференцияларға қатысуы (соңғы бес жылда);

5-7 балл

5 балл – оқушылар мен тәрбиеленушілердің білім сапасының мониторингі; оқушылар мен тәрбиеленушілердің олимпиадалардағы, конкурстардағы, жарыстардағы жетістіктері; ғылыми-практикалық конференцияларға қатысуы (соңғы бес жылда);

6 балл – оқушылар мен тәрбиеленушілердің білім сапасының мониторингі; оқушылар мен тәрбиеленушілердің олимпиадалардағы, конкурстардағы, жарыстардағы жетістіктері; ғылыми-практикалық конференцияларға, кәсіби конкурстарға қатысуы (соңғы бес жылда);

7 балл – оқушылар мен тәрбиеленушілердің білім сапасының мониторингі;

оқушылар мен тәрбиеленушілердің олимпиадалардағы, конкурстардағы, жарыстардағы жетістіктері; ғылыми-практикалық конференцияларға, кәсіби конкурстар мен жобаларға қатысуы (соңғы бес жылда);

8-10 балл

8 балл – оқушылар мен тәрбиеленушілердің білім сапасының мониторингі; 

оқушылар мен тәрбиеленушілердің қалалық деңгейдегі олимпиадалардағы, конкурстардағы, жарыстардағы жетістіктері; қалалық деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларға қатысуы, қалалық деңгейдегі кәсіби конкурстар мен жобаларға қатысу (соңғы бес жылда);

9 балл – оқушылар мен тәрбиеленушілердің білім сапасының мониторингі;

оқушылар мен тәрбиеленушілердің республикалық деңгейдегі олимпиадалардағы, конкурстардағы, жарыстардағы жетістіктері; республикалық деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларға қатысуы, республикалық деңгейдегі кәсіби конкурстар мен жобаларға қатысу (соңғы бес жылда);

10 балл – оқушылар мен тәрбиеленушілердің білім сапасының мониторингі; 

оқушылар мен тәрбиеленушілердің халықаралық деңгейдегі олимпиадалардағы, конкурстардағы, жарыстардағы жетістіктері; халықаралық деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларға қатысуы, халықаралық деңгейдегі кәсіби конкурстар мен жобаларға қатысу (соңғы бес жылда).

  1. Педагогтің кәсіби шеберлігі мен тұлғасын бағалау - 10 балл 

1-4 балл

1 балл – педагог туралы білім беру ұйымдары директорларының, әріптестерінің, басқа да қауымдастықтар өкілдерінің, оқушылардың пікірі (әкімшіліктің, әріптестерінің, оқушылардың, ата-аналардың пікірлері);
 2 балл – педагог туралы білім беру ұйымдары директорларының, әріптестерінің, оқушылардың пікірі (әкімшіліктің, әріптестерінің, оқушылардың, ата-аналардың, әлеуметтік әріптестерінің пікірлері);
 3 балл – педагог туралы білім беру ұйымдары директорларының, әріптестерінің, оқушылардың пікірі (әкімшіліктің, әріптестерінің, оқушылардың, ата-аналардың, әлеуметтік әріптестерінің, педагогикалық қоғам өкілдерінің пікірлері);
 4 балл – педагог туралы білім беру ұйымдары директорларының, әріптестерінің, басқа да қоғамдастықтар өкілдерінің, оқушылардың пікірі (әкімшіліктің, әріптестерінің, оқушылардың, ата-аналардың, әлеуметтік әріптестерінің, ғылыми, педагогикалық, шығармашылық қоғам өкілдерінің пікірлері).

5-7 балл

5 балл – педагог туралы ұлттық педагогикалық ұйымдардың, білім беру ұйымдары директорларының, әріптестерінің, басқа да қоғамдастықтар өкілдерінің, оқушылардың пікірі (әкімшіліктің, әріптестерінің, оқушылардың, ата-аналардың, әлеуметтік әріптестерінің, ғылыми, педагогикалық, шығармашылық қоғам өкілдерінің пікірлері);
 6 балл – педагог туралы Үкіметтің, ұлттық педагогикалық ұйымдардың, білім беру ұйымдары директорларының, әріптестерінің, басқа да қоғамдастықтар өкілдерінің, оқушылардың пікірі (әкімшіліктің, әріптестерінің, оқушылардың, ата-аналардың, әлеуметтік әріптестерінің, ғылыми, педагогикалық, шығармашылық қоғам өкілдерінің пікірлері, алғыс хаттар; қоғамдастыққа ықпал ету (бұқаралық ақпарат құралдарында танылуы);
 7 балл – педагог туралы Үкіметтің, ұлттық педагогикалық ұйымдардың, білім беру ұйымдары директорларының, әріптестерінің, басқа да қоғамдастықтар өкілдерінің, оқушылардың пікірі (әкімшіліктің, әріптестерінің, оқушылардың, ата-аналардың, әлеуметтік әріптестерінің,  ғылыми, педагогикалық, шығармашылық қоғам өкілдерінің пікірлері, алғыс хаттар, грамоталар, қалалық деңгейдегі дипломдар); қоғамдастыққа ықпал ету (бұқаралық ақпарат құралдарында танылуы, қайырымдылық ұйымдарындағы мүшелік).

8-10 балл

8 балл – педагог туралы Үкіметтің, ұлттық педагогикалық ұйымдардың, білім беру ұйымдары директорларының, әріптестерінің, басқа да қоғамдастықтар өкілдерінің, оқушылардың пікірі (әкімшіліктің, әріптестерінің, оқушылардың, ата-аналардың, әлеуметтік әріптестерінің, ғылыми, педагогикалық, шығармашылық қоғам өкілдерінің пікірлері, алғыс хаттар, грамоталар, қалалық деңгейдегі дипломдар); қоғамдастыққа ықпал ету (бұқаралық ақпарат құралдарында танылуы, қайырымдылық ұйымдарындағы мүшелік); оқушылар мен тәрбиеленушілерге әртүрлі ұлттар, мәдениет және дін адамдарымен өмір сүруге, жұмыс істеуге және қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін құнды білім беруді дамыту (Қазақстан Республикасының және басқа елдердің білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық);
 9 балл – педагог туралы Үкіметтің, ұлттық педагогикалық ұйымдардың, білім беру ұйымдары директорларының, әріптестерінің, басқа да қоғамдастықтар өкілдерінің, оқушылардың пікірі (әкімшіліктің, әріптестерінің, оқушылардың, ата-аналардың, әлеуметтік әріптестерінің, ғылыми, педагогикалық, шығармашылық қоғам өкілдерінің пікірлері, алғыс хаттар, грамоталар, республикалық деңгейдегі дипломдар); қоғамдастыққа ықпал ету (бұқаралық ақпарат құралдарында танылуы, қайырымдылық ұйымдарындағы мүшелік); оқушылар мен тәрбиеленушілерге әртүрлі ұлт, мәдениет және дін адамдарымен өмір сүруге, жұмыс істеуге және қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін құнды білім беруді дамыту (Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық, оқушылармен алмасу бойынша бағдарламаларды іске асыруға жәрдемдесу);

10 балл – педагог туралы Үкіметтің, ұлттық педагогикалық ұйымдардың, білім беру ұйымдары директорларының, әріптестерінің, басқа да қоғамдастықтар өкілдерінің, оқушылардың пікірі (әкімшіліктің, әріптестерінің, оқушылардың, ата-аналардың, әлеуметтік әріптестерінің, ғылыми, педагогикалық, шығармашылық қоғам өкілдерінің пікірлері, алғыс хаттар, грамоталар, халықаралық деңгейдегі дипломдар); қоғамдастыққа ықпал ету (бұқаралық ақпарат құралдарында танылуы, қайырымдылық ұйымдарындағы мүшелік); оқушылар мен тәрбиеленушілерге әртүрлі ұлттар, мәдениет және дін адамдарымен өмір сүруге, жұмыс істеуге және қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін құнды білім беруді дамыту (басқа елдердің білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық, оқушылармен алмасу бойынша бағдарламаларды іске асыруға жәрдемдесу).

Социальные медиа
Меню подвал
Экранный диктор
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Послания Президента РК
Государственные символы РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК
Термины и обозначения
Цели устойчивого развития
Концепция цифровой трансформации