Меню
Страницы

"Жыр алыбы - Жамбыл" облыстық байқаудың қалалық кезеңі

"Жыр алыбы - Жамбыл" облыстық байқаудың қалалық кезеңі

2022 жылдың 28 қаңтары жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасында «Жыр алыбы - Жамбыл» облыстық байқаудың қалалық кезеңі өткізіледі. Байқауға 8-11 сынып оқушылары қатыса алады. Әр командада 3 оқушы (әр бағытқа – 1 оқушы) және 1 жетекші болуы тиіс. Байқау - қазақ тілінде жүргізіледі.
Байқау 3 бағыт бойынша өткізіледі:
1. «Өлеңмен ойып оюды» номинациясы. Жамбыл Жабаев өлеңдерін жатқан мәнерлеп оқу сайысы. Қазылар алқасы бұл номинацияда оқушы жатқа білетін Жамбыл Жабаев шығармаларының санына байланысты бағалайды.
2. «Домбырасын серік қып, өткізді Жамбыл ғасырды» номинациясы бойынша Жамбыл Жабаевтың толғаулары мен ол жырлаған тарихи жырлары мен айтыстарын орындау. Бұл бағыт бойынша Жамбыл Жабаевтың толғаулары мен тарихи жырларын, айтыстарын толық білуі бойынша бағаланады.
3. «Жыр жұлдызы – Жамбыл» номинациясы бойынша Жамбыл Жабаевтың шығармашылығына, рухани болмысына қатысты тақырыпқа эссе жазу. Қатысушының теориялық білімін, шығармашылық қабілетін тексеру мақсатында эссе жұмысы бойынша арнайы 3 тақырып ұсынылады. Оқушы бір тақырыпты таңдап 1 сағат 30 минут көлемінде эссе жазып тапсырады.
Байқаудың жеңімпаздар мен жүлдегерлері І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.
Байқауға қатысу үшін өтінім білім беру ұйымы арқылы 2022 жылдың 26 қаңтарына дейін қабылданады.

Социальные медиа
Меню подвал
Экранный диктор
Термины и обозначения
Политика конфиденциальности
Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК