Меню

Страницы

Статья

Бала қауіпсіздігі- басты міндеттердің бірі

Бала қауіпсіздігі- қашанда басты міндеттердің бірі болып саналады. Себебі, бала қауіпсіздігі- келер ұрпақ, яғни болашақтың қамы  десек те артық емес. Отбасынан бастау алатын тәрбие арқылы, мектеп, одан ары қарай қоғам өміріне етене араласатын баланы қауіпсіз ортамен қамтамасыз ету басты бағыттардың бірі.

Отбасындағы тәрбиенің негізгі мақсаты- білімді, саналы, адал, еңбекқор, ұлттық сана-сезімі ояу, дені сау ұрпақ тәрбиелеу. Отбасынан алған тәрбие- өмірінің негізі болып табылады. Сондықтан, ең алдымен отбасы басты назарда болуы қажет. Балалардың бос уақыттарын ұйымдастыра алмау, оларды ата-аналарының қараусыз қалдыруы әртүрлі жазатайым жағдайларға алып келеді.

  Соңғы қоңырау да соғылып, оқушылар жазғы демалысқа шықты. Жаз мезгілі-оқушылардың асыға күтетін мезгілі екені анық, алайда әр мезгілдің қауіпті тұстары, сақтануды қажет ететін құбылыстары да бар. Кәмелетке толмағандар арасындағы жазатайым оқиғалардың алдын-алу өте маңызды.   Осы өзекті сұрақты кеңінен қарастыру, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің жазатайым оқиғаға тап болуын болдырмау мақсатында мектебімізде түрлі іс-шаралар қарастырылған.

Осы мақсатта оқу жылы бойы мектебімізде оқушылармен қауіпсіздік тақырыбында дәрістер оқылып, бейнероликтер көрсетіліп, сауалнамалар да алынып отырады. Бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ата-аналармен жиналыстар өткізіп, әңгімелесу, пікір алмасу жұмыстарының маңызы зор.

    Сақтық шараларын ата-аналар үнемі балаларға ескертіп отырғаны жөн.

Бастауыш және орта буын оқушыларымен жол жүру ережесі жалпы қауіпсіздік тақырыбы жайлы дәрістер өткізу баланың жауапкершілігін арттыра түсетіні анық. Оқушылар  үйден мектепке дейінгі жол жүру ережесін білуі тиіс.  Алайда, тек мектепте алған білім, қауіпсіздік шаралары туралы өтілген

дәрістермен тоқтап қалуға болмайды. Сол үшін ата - анасы баласына жол - жөнекей кездесетін қиындықтарға, жол белгілеріне көңіл бөліп, үйреткені дұрыс. Мектепке жол көлікпен қатынайтын оқушыларға ата - анасы жол қиылыстарынан өтуді, көлік толық тоқтағанда ғана түсіп, мінуіне болатынын, өз аялдамасын дұрыс білуін, бөтен көлікке отырмауын ескеріп отырғаны жөн.

Бала қауіпсізідігін қамтамасыз ету мақсатында, жасөспірімдерге үнемі үйде, көшеде, шомылу маусымы кезінде суда және өрт кезіндегі қауіпсіздік шаралары жайлы мектепте де, отбасында да бірнеше түсіндірме жұмыстар, әңгімелесулер жиі өткізіліп тұрса, бала қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз. Бала қауіпсіздігіне қауіп төндіретін тағы бір басты жайт, ол әлеуметтік желі болып саналады. Қазіргі таңда смартфоны жоқ бала кемде-кем. Смартфонға байланған жасөспірімдердің санасының ғаламтор арқылы улануына жол бермеу үшін, әлеуметтік желіде көргенін қайталауға құлшынып тұратын жасөспірімдердің ғаламторды  тек пайдалы ақпараттар алу үшін қолдануына ықпал етуіміз қажет.

         Мектебімізде сынып жетекшілер арнайы тәрбие сағаттарында қауіпсіздік тақырыбын жан-жақты қарастырады, атап айтсақ буллингтің алдын-алу мақсатында семинарлар, тренингтер, сауалнамалар алынса, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстау, жол жүру ережесі, қауіпсіз мінез-құлық, табиғи құбылыстардан сақтану, ғаламтор қауіпсізідігі жайлы атқарылған іс-шаралар бала қауіпсізідігін қамтамасыз етуге зор үлес қосып келеді.

Еліміздің ертеңі, болашағы- өскелең  жас ұрпақ! Өсіп келе жатырған жас ұрпақтың, болашақта патриот болып өсуі үшін, қауіпсіз ортада өсіп-жетілуі үшін бар күшімізді саламыз!

 

 

 

 

Қарағанды облысы білім басқармасының

Шахтинск қаласы білім бөлімінің

«Санжар Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Э.О.Біржікен

 

 

 

 

 

Дата публикации
29 июня 2023
Дата обновления
29 июня 2023
Тип
Аналитическая статья

Сейчас читают

Аналитическая статья
31 декабря 2024
Итоги года!
04 марта 2024
29 февраля текущего года на республиканской платформе egov.kz на портале «Открытые НПА» опубликован с целью публичного обсуждения законопроект о правилах и условиях проведения аттестации педагогов.
Аналитическая статья
29 января 2024
В 2023 году в Казахстане впервые реализуется масштабный проект международного уровня в сфере образования «Teach of Qazaqstan».

Социальные медиа

Меню подвал

Экранный диктор
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Послания Президента РК
Государственные символы РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК
Термины и обозначения
Цели устойчивого развития
Концепция цифровой трансформации