"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 561 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 18 қарашада № 25208 болып тіркелді
БҰЙЫРАМЫН:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 7-тармағына, "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес", БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары бекітілсін.";
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі |
А. Аймагамбетов |
|
|
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі |
|
||
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |
|
||
|
Қазақстан Республикасының |
||
Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) аттестатталушы – осы Қағидаларға сәйкес аттестаттаудан өтетін және біліктілік санатын алуға (растауға) үміткер адам;
2) аттестаттау – осы Қағидаларға сәйкес педагогтердің біліктілік деңгейін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім, оның нәтижелері бойынша біліктілік санаттары беріледі (расталады);
3) аттестаттау комиссиясы – педагогтерді аттестаттау рәсімін жүргізуге уәкілетті алқалы орган (бұдан әрі – Комиссия);
4) аттестаттау кезеңі – күнтізбелік жылдағы (қаңтар-мамыр, тамыз-желтоқсан) уақыт аралығы, оның ішінде осы Қағидаларға сәйкес аттестатталушы адам Ұлттық біліктілік тестілеуін тапсыруға өтініш береді, біліктілік бағалауынан өтеді, аттестаттау комиссиясына біліктілік санатын беру (растау) туралы өтініш береді;
5) апелляция – осы Қағидаларға сәйкес педагогтің сұранысы бойынша ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы жүзеге асырылатын ұлттық біліктілік тестілеуінің нәтижелерін қайта қарау рәсімі;
6) апелляцияларды қарау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі – апелляциялық комиссия) – білім беру саласындағы уәкілетті орган құратын комиссия, ол педагогтер ұлттық біліктілік тестілеуінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда даулы мәселелер бойынша шешім қабылдайды;
7) біліктілік санаты – "Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5750 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 338 бұйрық) бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес педагогтің кәсіби құзыреттілік деңгейі;
8) қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау – аттестатталушы жетістіктерінің біліктілік талаптарының деңгейіне сәйкестігін бағалау рәсімі;
9) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен немесе өтініш жасамай жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
10) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;
11) педагог – тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар және педагогтің білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, әдістемелік сүйемелдеу немесе білім беру қызметін ұйымдастыру жөніндегі кәсіби қызметін жүзеге асыратын тұлға;
12) ұлттық біліктілік тестілеуі (бұдан әрі – Біліктілік тестілеуі) – осы Қағидаларға сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган әзірлеген тестілер бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейін айқындау мақсатында өткізілетін рәсім.
"педагог" – білім беру ұйымдарында;
"педагог-модератор", "үшінші біліктілік санатты басшының орынбасары" немесе "басшы-ұйымдастырушы", "екінші біліктілік санатты басшының орынбасары" немесе "басшы-менеджер", "педагог-модератор" – әдіскерлер үшін – ауданның, облыстық маңызы бар қаланың білім бөлімі органдарында;
"педагог-сарапшы" және "педагог-зерттеуші", "бірінші біліктілік санатты басшының орынбасары" немесе "басшы-көшбасшы", "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "педагог-шебер" – әдіскерлер үшін – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың білім беруді басқару органдарында;
"педагог-шебер" – білім беру саласындағы уәкілетті органның жанында.
2-тарау. Аттестаттауды өткізу тәртібі
педагогтер үшін:
1) Біліктілік тестілеуі;
2) эссе;
3) біліктілік бағалауы;
4) қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау;
білім беру ұйымдары басшысының орынбасарлары, басшының орынбасарлары және әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері үшін:
1) біліктілік бағалауы;
2) қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау;
3) аттестаттау комиссиясының отырысында қызмет нәтижелерін көрсете отырып сұхбат жүргізу (өзін-өзі бағалау және комиссияның бағалауы сәйкес келмеген жағдайда);
білім беру ұйымдарының және әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары үшін:
1) Біліктілік тестілеуі;
2) біліктілік бағалауы;
3) қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау;
4) Комиссия отырысында қызмет нәтижелерін көрсете отырып сұхбат жүргізу (өзін-өзі бағалау және комиссияның бағалауы сәйкес келмеген жағдайда).
1-параграф. Біліктілік тестілеуін өткізу тәртібі
Тестілеуден кемінде 50 балл жинаған техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тәжірибесі жоқ кандидаттарына "педагог" біліктілік санаты беріледі.
педагогтер:
күнтізбелік жыл ішінде 1 (бір) рет – ақысыз;
күнтізбелік жыл ішінде 1 (бір) рет қайта өту ақылы негізде;
күнтізбелік жыл ішінде 1 (бір) рет мерзімінен бұрын аттестаттауға өтініш берген педагогтер – ақысыз;
сынақ (педагогтің қалауы бойынша) – күнтізбелік жыл ішінде ақылы негізде;
педагогикалық (мамандықтар) бағыттар бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, тәжірибесі жоқ кандидаттар:
күнтізбелік жыл ішінде 1 рет – ақысыз;
білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары күнтізбелік жылда 1 (бір) рет – ақысыз;
күнтізбелік жыл ішінде 1 (бір) рет қайта өту ақылы негізде;
сынақ (қалауы бойынша) – күнтізбелік жыл ішінде ақылы негізде.
1) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтері үшін:
"Мектепке дейінгі педагогика және психология" – отыз тапсырма;
"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесі" – отыз тапсырма;
2) Бастауыш білім беру педагогтері пәндер бойынша тест тапсырады:
"Педагогика, оқыту әдістемесі" – отыз тапсырма;
"Оқу пәнінің мазмұны" (қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі бойынша), әдебиеттік оқу, математика) – жетпіс тапсырма;
3) Негізгі орта және жалпы орта білім беру педагогтері үшін:
"Педагогика, оқыту әдістемесі" – отыз тапсырма;
"Оқу пәнінің мазмұны" – жетпіс тапсырма;
4) Қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері үшін:
"Педагогика, оқыту әдістемесі" – отыз тапсырма;
"Психология негіздері" – отыз тапсырма;
5) Интернаттық ұйымдардың, жатақханалардың тәрбиешілері үшін:
"Педагогика, оқыту әдістемесі" – отыз тапсырма;
"Психология негіздері" – отыз тапсырма;
6) Арнайы ұйымдардың тәрбиешілері үшін:
"Педагогика, оқыту әдістемесі" – отыз тапсырма;
"Психология негіздері" – отыз тапсырма;
7) Арнайы білім беру ұйымдарының педагогтері үшін:
"Арнайы педагогика және оқыту әдістемесі" – отыз тапсырма;
"Оқу пәнінің мазмұны" – отыз тапсырма;
8) Білім беру ұйымдарының әдіскерлері үшін (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерінен басқа):
"Педагогика, оқыту әдістемесі" – отыз тапсырма;
"Оқу пәнінің мазмұны" – жетпіс тапсырма;
9) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін:
Жалпы білім беретін пәндер бойынша педагогтер:
"Педагогика, оқыту әдістемесі" – отыз тапсырма;
"Оқу пәнінің мазмұны" – жетпіс тапсырма;
Жалпы кәсіптік және арнайы, жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер бойынша педагогтер:
"Педагогика, оқыту әдістемесі" – отыз тапсырма;
"Қызмет бағыты бойынша" – жетпіс тапсырма;
Өндірістік оқыту шеберлері:
"Педагогика, оқыту әдістемесі" – отыз тапсырма;
Өзге лауазымдағы педагогтер:
"Педагогика, оқыту әдістемесі" – отыз тапсырма;
"Психология негіздері" – отыз тапсырма;
10) Таңдау бойынша дене шынықтыру педагогтері үшін:
1) "Оқу пәнінің мазмұны" – жетпіс тапсырма;
"Педагогика, оқыту әдістемесі" – отыз тапсырма;
2) "Педагогика, оқыту әдістемесі" – отыз тапсырма;
не тиісті уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізу қағидаларына сәйкес (білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйым жүргізеді) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін таңдау бойынша тапсыра алады.
11) педагогикалық (мамандықтар) бағыттар бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, тәжірибесі жоқ кандидат:
"Оқу пәнінің мазмұны" – жетпіс тапсырма;
"Педагогика, оқыту әдістемесі" – отыз тапсырма.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогикасы бағыты бойынша:
"Мектепке дейінгі педагогика және психология" – отыз тапсырма;
"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесі" – отыз тапсырма.
12) Білім беру ұйымдарының (оның ішінде әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары үшін:
"Заңнаманы білу" бағыты бойынша – сексен сұрақ:
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі – жиырма сұрақ;
Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекс – жиырма сұрақ;
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы – жиырма сұрақ;
"Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы – он сұрақ;
"Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы – он сұрақ;
"Басқарушылық құзыреттер" бағыты бойынша – жиырма сұрақ.
1) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтері үшін:
"Мектепке дейінгі педагогика және психология":
"педагог" біліктілік санаты – 50%;
"педагог-модератор" біліктілік санаты – 60%;
"педагог-сарапшы" біліктілік санаты – 70%;
"педагог-зерттеуші" біліктілік санаты – 80%;
"педагог-шебер" біліктілік санаты – 90%.
"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесі":
"педагог" біліктілік санаты – 30%;
"педагог-модератор" біліктілік санаты – 40%;
"педагог-сарапшы" біліктілік санаты – 50%;
"педагог-зерттеуші" біліктілік санаты – 60%;
"педагог-шебер" біліктілік санаты – 70%.
2) Бастауыш оқыту педагогтері үшін:
"Оқу пәнінің мазмұны" бағыты бойынша:
"педагог" біліктілік санаты – 50%;
"педагог-модератор" біліктілік санаты – 60%;
"педагог-сарапшы" біліктілік санаты – 70%;
"педагог-зерттеуші" біліктілік санаты – 80%;
"педагог-шебер" біліктілік санаты – 90%.
"Педагогика, оқыту әдістемесі" бағыты бойынша:
"педагог" біліктілік санаты – 30%;
"педагог-модератор" біліктілік санаты – 40%;
"педагог-сарапшы" біліктілік санаты – 50%;
"педагог-зерттеуші" біліктілік санаты – 60%;
"педагог-шебер" біліктілік санаты – 70%.
3) Негізгі орта және жалпы орта білім беру педагогтері үшін:
"Оқу пәнінің мазмұны" бағыты бойынша:
"педагог" біліктілік санаты – 50%;
"педагог-модератор" біліктілік санаты – 60%;
"педагог-сарапшы" біліктілік санаты – 70%;
"педагог-зерттеуші" біліктілік санаты – 80%;
"педагог-шебер" біліктілік санаты – 90%.
"Педагогика, оқыту әдістемесі" бағыты бойынша:
"педагог" біліктілік санаты – 30%;
"педагог-модератор" біліктілік санаты – 40%;
"педагог-сарапшы" біліктілік санаты – 50%;
"педагог-зерттеуші" біліктілік санаты – 60%;
"педагог-шебер" біліктілік санаты – 70%.
4) Қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері үшін:
"Педагогика, оқыту әдістемесі":
"педагог" біліктілік санаты – 50%;
"педагог-модератор" біліктілік санаты – 60%;
"педагог-сарапшы" біліктілік санаты – 70%;
"педагог-зерттеуші" біліктілік санаты – 80%;
"педагог-шебер" біліктілік санаты – 90%.
"Психология негіздері":
"педагог" біліктілік санаты – 30%;
"педагог-модератор" біліктілік санаты – 40%;
"педагог-сарапшы" біліктілік санаты – 50%;
"педагог-зерттеуші" біліктілік санаты – 60%;
"педагог-шебер" біліктілік санаты – 70%.
5) Интернаттық ұйымдардың, жатақханалардың тәрбиешілері үшін:
"Педагогика, оқыту әдістемесі" бағыты бойынша:
"педагог" біліктілік санаты – 50%;
"педагог-модератор" біліктілік санаты – 60%;
"педагог-сарапшы" біліктілік санаты – 70%;
"педагог-зерттеуші" біліктілік санаты – 80%;
"педагог-шебер" біліктілік санаты – 90%.
"Психология негіздері" – отыз тапсырма:
"педагог" біліктілік санаты – 30%;
"педагог-модератор" біліктілік санаты – 40%;
"педагог-сарапшы" біліктілік санаты – 50%;
"педагог-зерттеуші" біліктілік санаты – 60%;
"педагог-шебер" біліктілік санаты – 70%.
6) Арнайы ұйымдардың тәрбиешілері үшін:
"Педагогика, оқыту әдістемесі" бағыты бойынша:
"педагог" біліктілік санаты – 50%;
"педагог-модератор" біліктілік санаты – 60%;
"педагог-сарапшы" біліктілік санаты – 70%;
"педагог-зерттеуші" біліктілік санаты – 80%;
"педагог-шебер" біліктілік санаты – 90%.
"Психология негіздері" – отыз тапсырма:
"педагог" біліктілік санаты – 30%;
"педагог-модератор" біліктілік санаты – 40%;
"педагог-сарапшы" біліктілік санаты – 50%;
"педагог-зерттеуші" біліктілік санаты – 60%;
"педагог-шебер" біліктілік санаты – 70%.
7) Арнайы білім беру ұйымдарының педагогтері үшін:
"Оқу пәнінің мазмұны" бағыты бойынша:
"педагог" біліктілік санаты – 50%;
"педагог-модератор" біліктілік санаты – 60%;
"педагог-сарапшы" біліктілік санаты – 70%;
"педагог-зерттеуші" біліктілік санаты – 80%;
"педагог-шебер" біліктілік санаты – 90%;
"Психология негіздері" бағыты бойынша – отыз тапсырма:
"педагог" біліктілік санаты – 30%;
"педагог-модератор" біліктілік санаты – 40%;
"педагог-сарапшы" біліктілік санаты – 50%;
"педагог-зерттеуші" біліктілік санаты – 60%;
"педагог-шебер" біліктілік санаты – 70%.
8) Білім беру ұйымдарының әдіскерлері үшін (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерінен басқа):
"Оқу пәнінің мазмұны":
"педагог" біліктілік санаты – 50%;
"педагог-модератор" біліктілік санаты – 60%;
"педагог-сарапшы" біліктілік санаты – 70%;
"педагог-зерттеуші" біліктілік санаты – 80%;
"педагог-шебер" біліктілік санаты – 90%.
"Педагогика, оқыту әдістемесі":
"педагог" біліктілік санаты – 30%;
"педагог-модератор" біліктілік санаты – 40%;
"педагог-сарапшы" біліктілік санаты – 50%;
"педагог-зерттеуші" біліктілік санаты – 60%;
"педагог-шебер" біліктілік санаты – 70%.
9) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері үшін:
"Оқу пәнінің мазмұны" бағыты бойынша:
"педагог" біліктілік санаты – 50%;
"педагог-модератор" біліктілік санаты – 60%;
"педагог-сарапшы" біліктілік санаты – 70%;
"педагог-зерттеуші" біліктілік санаты – 80%;
"педагог-шебер" біліктілік санаты – 90%.
"Қызмет бағыты бойынша" бағыты бойынша:
"педагог" біліктілік санаты – 50%;
"педагог-модератор" біліктілік санаты – 60%;
"педагог-сарапшы" біліктілік санаты – 70%;
"педагог-зерттеуші" біліктілік санаты – 80%;
"педагог-шебер" біліктілік санаты – 90%.
"Педагогика, оқыту әдістемесі" бағыты бойынша:
"педагог" біліктілік санаты – 50%;
"педагог-модератор" біліктілік санаты – 60%;
"педагог-сарапшы" біліктілік санаты – 70%;
"педагог-зерттеуші" біліктілік санаты – 80%;
"педагог-шебер" біліктілік санаты – 90%.
"Психология негіздері" – отыз тапсырма:
"педагог" біліктілік санаты – 50%;
"педагог-модератор" біліктілік санаты – 60%;
"педагог-сарапшы" біліктілік санаты – 70%;
"педагог-зерттеуші" біліктілік санаты – 80%;
"педагог-шебер" біліктілік санаты – 90%.
10) Дене шынықтыру педагогтері үшін:
"Оқу пәнінің мазмұны" бағыты бойынша:
"педагог" біліктілік санаты – 50%;
"педагог-модератор" біліктілік санаты – 60%;
"педагог-сарапшы" біліктілік санаты – 70%;
"педагог-зерттеуші" біліктілік санаты – 80%;
"педагог-шебер" біліктілік санаты – 90%.
"Педагогика, оқыту әдістемесі":
"педагог" біліктілік санаты – 50%;
"педагог-модератор" біліктілік санаты – 60%;
"педагог-сарапшы" біліктілік санаты – 70%;
"педагог-зерттеуші" біліктілік санаты – 80%;
"педагог-шебер" біліктілік санаты – 90%.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілері:
"педагог", "педагог-модератор", "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "педагог-шебер" біліктілік санаттары дайындықтың бастапқы деңгейіне сәйкес келеді.
11) Педагогикалық (мамандықтар) бағыттар бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар тәжірибесі жоқ кандидаттар үшін:
"Оқу пәнінің мазмұны":
"педагог" біліктілік санаты – 50%;
"Педагогика, оқыту әдістемесі":
"педагог" біліктілік санаты – 50%.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогикасы бағыты бойынша:
"Мектепке дейінгі педагогика және психология":
"педагог" біліктілік санаты – 50%.
"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесі":
"педагог" біліктілік санаты – 50%.
12) Білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары үшін:
"Заңнаманы білу" бағыты бойынша:
"басшы-ұйымдастырушы" – 70%;
"басшы-менеджер" – 80%;
"басшы-көшбасшы" – 90%;
"Басқарушылық құзыреттер" бағыты бойынша:
"басшы-ұйымдастырушы" – 70%;
"басшы-менеджер" – 80%;
"басшы-көшбасшы" – 90%.
"Математика", "Физика", "Химия", "Информатика" пәндері үшін – екі жүз қырық минутты;
"Мектепке дейінгі білім беру" және "Қосымша білім беру" бағыттары үшін – жүз жиырма минутты;
өзге педагогтер үшін – екі жүз он минутты құрайды.
1) ұсынылған бес жауаптың ішінен бір дұрыс жауапты таңдайтын тапсырмалар үшін бір балл, қалған жағдайларда нөл балл беріледі;
2) ұсынылған нұсқадан бірнеше дұрыс жауапты таңдайтын тапсырмалар үшін:
барлық дұрыс жауаптар үшін – екі балл;
жіберілген бір қате үшін – бір балл;
екі және одан да көп қателіктер үшін – нөл балл.
1) компьютерлік кабинеттерді дайындауды;
2) компьютерлерді тестілеуді өткізуге бір күн қалғанда дайындауды;
3) аудиториялық қорды ұсынуды;
4) тұлғаның жеке басын тану технологиясын пайдалана отырып сәйкестендіруді немесе жеке басын куәландыратын құжат негізінде сәйкестендіруді және рұқсаттаманы, педагогтерді компьютерлік кабинетке жіберуді және оларды отырғызуды жүзеге асырады.
Апелляциялық комиссияның құрамына мемлекеттік органдардың өкілдері, мектепке дейінгі, орта және жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері кіреді.
Апелляциялық комиссия мүшелері тақ саннан тұрады. Апеляциялық комиссия мүшелері Комиссия отырыстарына ауысу құқығынсыз қатысады.
1) тест тапсырмаларының мазмұны бойынша:
дұрыс жауаптың негіздемесімен келіспеймін;
дұрыс жауап жоқ;
барлық ұсынылған нұсқалардан бір дұрыс жауапты таңдаумен тест тапсырмаларында біреуден артық дұрыс жауап бар (дұрыс жауаптардың барлық нұсқалары көрсетіледі);
тест тапсырмасы дұрыс құрастырылмаған.
2) техникалық себептер бойынша:
тест тапсырмаларында фрагменттің немесе мәтіннің болмауы.
2-параграф. Эссе жазу тәртібі
3-параграф. Біліктілікті бағалауды өткізу тәртібі
4-параграф. Мемлекеттік қызметтік көрсету тәртібі
педагогтер үшін – осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау;
білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары мен басшыларының орынбасарлары үшін – осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік), облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының Білім басқармаларына, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдеріне;
немесе "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;
немесе egov.kz. "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі- портал) арқылы өтініш ұсынады.
Өтiнiш № 338 бұйрықпен бекітілген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес санаттың өту мерзiмдерi мен кезектiлiгiн сақтай отырып берiледi.
Портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне дайын құжаттарды беру күнін көрсете отырып, құжаттарды қабылдау туралы хабарлама келіп түседі.
Көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) лауазымды тұлғаның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалады.
Көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды тұлғаның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте, көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды тұлғаның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым түскенде, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарға толық жауап беретін шешім немесе басқа әкімшілік шара қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
3-тарау. Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) тәртібі
"педагог" біліктілік санатына – құрамында басшының орынбасары, кемінде 10 жыл еңбек өтілі бар, "педагог-зерттеуші" немесе "педагог-шебер" біліктілік санаттары бар педагогтер, білім беру ұйымы кәсіподақ комитетінің мүшелері бар білім беру ұйымы деңгейінде ұйымдастырылатын Сараптама кеңесі. Сараптама кеңесінің құрамы білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі;
"педагог-модератор" біліктілік санатына – құрамында әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кемінде 10 жыл еңбек өтілі, "педагог-зерттеуші" немесе "педагог-шебер" біліктілік санаттары бар педагогтері, біліктілікті арттыру ұйымдарының, қамқоршылық кеңестердің, білім беру саласындағы қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың, жұмыс берушілердің өкілдері бар, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) деңгейінде, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, тиісті саланың уәкілетті органы (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін) деңгейінде ұйымдастырылатын Сараптама кеңесі.
Сараптама кеңесінің құрамы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органы, тиісті саланың уәкілетті органы басшысының (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар және салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін) бұйрығымен бекітіледі.
"педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші" біліктілік санатына – құрамында әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беру ұйымдарының кемінде 10 жыл еңбек өтілі, "педагог-зерттеуші" немесе "педагог-шебер" біліктілік санаттары бар педагогтері, біліктілікті арттыру ұйымдарының, қамқоршылық кеңестердің, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың, жұмыс берушілердің өкілдері бар, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, тиісті саланың уәкілетті органы (республикалық білім беру ұйымдары мен мемлекеттік органдардың ұйымдары үшін) деңгейінде ұйымдастырылатын Сараптама кеңесі. Сараптама кеңесінің құрамы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың Білім басқармасы, тиісті саланың уәкілетті органы басшысының (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін) бұйрығымен бекітіледі.
"педагог-шебер" біліктілік санатына – құрамында ҚР БҒМ ведомстволық бағынысты ұйымдарының мамандары мен әдіскерлері, кәсіподақтардың, тиісті саланың уәкілетті органдарының өкілдері, республиканың білім беру ұйымдарының кемінде 10 жыл еңбек өтілі, "педагог-зерттеуші" немесе "педагог-шебер" біліктілік санаттары бар педагогтері, біліктілікті арттыру ұйымдарының, қамқоршылық кеңестердің, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың, жұмыс берушілердің өкілдері бар, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі жанынан ұйымдастырылатын Сараптама кеңесі. Сараптама кеңесінің құрамы тиісті саланың уәкілетті органы басшысының бұйрығымен бекітіледі.
1-параграф. Педагогтерге кезекті біліктілік санаттарын беру тәртібі
"педагог" біліктілік санатына:
тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар немесе қайта даярлау курстарынан өткен, педагогикалық қызметке алғаш рет кіріскен, Ұлттық біліктілік тестілеуінен табысты өткен, сондай-ақ мынадай кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін адамдар:
оқу пәнінің, оқу-тәрбие процесінің, оқыту және бағалау әдістемесінің мазмұнын біледі; білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлайды және ұйымдастырады, білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысады, білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асырады, кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгерген, цифрлық білім беру ресурстарын қолданады;
"Педагогикалық этиканың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20619 болып тіркелген) сәйкес педагогикалық этиканың негізгі нормаларын сақтайды;
2) "педагог-модератор" біліктілік санатына:
тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар адамдар, сондай-ақ қайта даярлау курстарынан өткен адамдар, мынадай кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін кемінде екі жыл педагогикалық өтілі бар адамдар:
"педагог" біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, бұдан басқа:
оқытудың инновациялық нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;
кәсіби шеберлік конкурсының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы болып табылады немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес білім беру ұйымының, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушы немесе жүлдегер немесе жеңімпаз оқушылары бар;
3) "педагог-сарапшы" біліктілік санатына:
тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар адамдар, сондай-ақ қайта даярлау курстарынан өткен адамдар, мынадай кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін, кемінде үш жыл педагогикалық өтілі бар адамдар:
"педагог-модератор" біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, бұдан басқа:
ұйымдастырылған оқу қызметін, оқу-тәрбие процесін талдау дағдыларын меңгерген;
өзінің және білім беру ұйымы деңгейінде әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын конструктивті анықтайды;
кәсіби шеберлік конкурсының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы болып табылады немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға, облыс деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушы немесе жүлдегер немесе жеңімпаз оқушылары бар;
облыс, ел телевидениеде трансляциялауға енгізілген бейне -, телесабақтар дайындады (болған жағдайда);
4) "педагог-зерттеуші" біліктілік санатына:
тиісті бейіні бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі, мынадай кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін, кемінде бес жыл педагогикалық өтілі бар адамдар:
"педагог-сарапшы" біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, бұдан басқа:
сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгерген;
білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді;
оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді;
облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде тәжірибені жинақтайды (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін);
кәсіби шеберлік конкурсының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы болып табылады немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес облыстық, республикалық, халықаралық деңгейлерде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушы немесе жүлдегер немесе жеңімпаз оқушылары бар;
"Қазақстан мұғалімі" ұлттық сыйлығының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы, "Үздік педагог" атағының иегері (болған жағдайда) болып табылады;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), облыстың (бар болса) деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта тәлімгерлікті жүзеге асырады және даму стратегиясын сындарлы айқындайды;
тиісті уәкілетті органның ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары ұйымдастырған педагогтерге арналған семинарларды, конференцияларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Білім беру мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – Білім беру мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығы) "Сарапшылардың электрондық базасына" сәйкес немесе Техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптау жөніндегі сарапшылардың құрамына кіреді (болған жағдайда);
еліміздің, облыстың телевидениесінде трансляциялауға енгізілген, білім беру порталдарында орналастырылған бейне-телесабақтар дайындады (болған жағдайда);
интернет-ресурстарды пайдалана отырып, жұмыс тәжірибесін таратады;
5) "педагог-шебер" біліктілік санатына:
тиісті бейіні бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі, келесі кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін кемінде алты жыл педагогикалық өтілі бар адамдар:
"педагог-зерттеуші" біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, бұдан басқа:
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте немесе Техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған авторлық бағдарламасы бар немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен немесе Техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдардың тізбесіне енгізілген басып шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің авторы (бірлескен авторы) болып табылады немесе тест тапсырмаларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді сараптау жөніндегі сарапшылар құрамына кіреді немесе уорлд скилс (WorldSkill) (кәсіби шеберлік конкурсы) чемпионаттарының сарапшысы немесе педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша тренер болып табылатын адамдар;
республикалық немесе халықаралық кәсіби конкурстардың жүлдегері немесе жеңімпазы болып табылады немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес республикалық немесе халықаралық деңгейлердегі олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың жүлдегерлерін немесе жеңімпаздарын дайындаған;
"Қазақстан мұғалімі" ұлттық сыйлығының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы, "Үздік педагог" атағының иегері (болған жағдайда) болып табылады;
интернет-ресурстарды пайдалана отырып, жұмыс тәжірибесін таратады;
тәлімгерлікті жүзеге асырады және облыс, республика деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлайды (болған жағдайда);
Білім беру мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығының "Сарапшылардың электрондық базасына" сәйкес немесе Техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптау жөніндегі сарапшылардың құрамына кіретін адамдар (болған жағдайда);
республика деңгейінде тәжірибе жинақтайды, тиісті уәкілетті органның ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары педагогтерге арналған семинарларды, конференцияларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысады;
еліміздің, облыстың телевидениесінде трансляциялауға енгізілген, білім беру порталдарында орналастырылған (болған жағдайда) бейне -, телесабақтар дайындаған.
1) өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келеді;
2) өтініш берілген бір деңгейге төмен біліктілік санатына сәйкес келеді;
3) "педагог" біліктілік санатына сәйкес келеді (өтініш берілген біліктілік санаты сәйкес келмеген кезде);
4) өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келмейді.
Тиісті санатқа балл саны жетпеген жағдайда, аттестаттау рәсімі осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес жүргізіледі.
1) біліктілік санаттарының қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініш (еркін нысан);
2) біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзартудың негізділігін растайтын құжат.
біліктілік санаты берілген лауазымдағы жұмысын қайта бастағандар;
білім беру саласындағы уәкілетті органнан, білім беруді басқару органдарынан, біліктілікті арттыру ұйымдарынан, жоғары оқу орындарынан білім беру ұйымдарына ауысқандар;
Қазақстан Республикасынан тыс жерде мамандық бойынша оқуда (тағылымдамада) болғандар;
педагогикалық қызметті жүзеге асырған және Қазақстан Республикасына жақын және алыс шетелдерден келген;
педагогикалық қызметке алғаш рет кіріскендер білімін, еңбек өтілін растайтын құжаттары болған жағдайда № 338 бұйрыққа сәйкес біліктілік талаптарына сәйкес келетін санатқа Біліктілік тестілеуін тапсырады.
Педагогтердің осы санаты үшін қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау кезеңін тиісті деңгейдегі комиссия бір жылдан кейін өткізеді. Бұл ретте педагогте біліктілік санаты берілгенге дейін бір жыл бойы "педагог" біліктілік санаты қолданылады.
Тиісті санат бойынша балдар саны жеткіліксіз болған жағдайда келесі аттестаттау кезеңінде педагог бастапқы өтініш берілген біліктілік санатына немесе төмен деңгейге Біліктілік тестілеуін тапсырады.
Біліктілік санатын жалпы негізде беру (растау) рәсімінен бас тартқан жағдайда біліктілік санаты "педагог" біліктілік санатына дейін төмендетіледі.
"санаты жоқ" біліктілік санаты "педагог" біліктілік санатына теңестіріледі;
"екінші санат" біліктілік санаты "педагог-модератор" біліктілік санатына теңестіріледі;
"бірінші санат" біліктілік санаты "педагог-сарапшы" біліктілік санатына теңестіріледі;
"жоғары санат" біліктілік санаты "педагог-зерттеуші" және (немесе) "педагог-шебер" біліктілік санаттарына теңестіріледі.
2-параграф. Педагогтерге біліктілік санаттарын мерзімінен бұрын беру тәртібі
пәнді ағылшын тілінде оқыту құқығымен жоғары оқу орнын бітірген, ағылшын тілін С1 деңгейінен төмен емес (сефр (CEFR) шкаласы бойынша) білетіндігін растайтын сертификаты (куәлігі) бар немесе ғылыми-педагогикалық бейіні бойынша "магистр" академиялық дәрежесі берілген дипломы бар адамдар;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес аудан (облыстық/республикалық маңызы бар қала) деңгейінде кәсіби шеберлік конкурстарының жүлдегерлері немесе жеңімпаздары болып табылатын адамдар;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес облыстық деңгейде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындаған адамдар.
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес облыстық, республикалық деңгейлерде кәсіби шеберлік конкурстарының жүлдегерлері немесе жеңімпаздары болып табылатын адамдар;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес облыстық, республикалық деңгейлерде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындаған адамдар;
ағылшын тілін С1 (сефр (CEFR) шкаласы бойынша) деңгейінен төмен емес деңгейде меңгерген және пәндерді ағылшын тілінде оқытатын адамдар;
жоғары оқу орнынан білім беру ұйымдарына педагогикалық жұмысқа ауысқан, кемінде екі жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар адамдар;
білім беру ұйымдарына өндірістен (білім беру ұйымдарында кадрларды даярлау бейініне сәйкес келетін ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындар), бейінді ұйымдардан педагогикалық жұмысқа ауысқан, мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар адамдар;
бейіндік пән бойынша халықаралық дәрежедегі кандидат немесе спорт шебері болып табылатын адамдар;
бейіні бойынша ең жоғары біліктілік разряды бар өндірістік оқыту шеберлері;
аудандық/қалалық деңгейдегі "Үздік педагог" атағына ие болған адамдар;
Уорлд скилс (WorldSkills) облыстық чемпионаттарының жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындаған адамдар;
Білім беру мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығының "Сарапшылардың электрондық базасына" сәйкес немесе Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптау жөніндегі сарапшылардың құрамына кіретін адамдар;
облыс, ел телевидениесінде трансляциялауға енгізілген бейне-, теле сабақтар дайындаған адамдар.
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес республикалық, халықаралық деңгейлерде кәсіби шеберлік конкурстарының жүлдегерлері немесе жеңімпаздары болып табылатын адамдар;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес республикалық, халықаралық деңгейлерде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындаған адамдар;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдардың тізбесіне енгізілген, басып шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторлары (тең авторлары) болып табылатын адамдар;
ғылым кандидаты/докторы немесе PhD докторы ғылыми дәрежесі және кемінде үш жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар тұлғалар;
кәсіпорыннан, бейінді ұйымнан педагогикалық жұмысқа ауысқан, кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар адамдар;
Білім беру мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығының "Сарапшылардың электрондық базасына" сәйкес немесе Техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптау жөніндегі сарапшылардың құрамына кіретін адамдар;
еліміздің, облыстың телевидениесінде трансляциялау үшін енгізілген бейне -, телесабақтар дайындаған адамдар;
облыстық деңгейдегі "Үздік педагог" атағына ие болған адамдар;
"Қазақстан мұғалімі" ұлттық сыйлығының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы болып табылатын адамдар;
Уорлд скилс (WorldSkills) республикалық немесе халықаралық чемпионаттарының жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындаған тұлғалар.
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес халықаралық деңгейде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындаған адамдар;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес халықаралық кәсіби шеберлік конкурстарының жеңімпаздары немесе жүлдегерлері болып табылатын тұлғалар;
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте немесе Техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған авторлық бағдарламаларды әзірлеген адамдар;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдардың тізбесіне енгізілген басып шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторлары (тең авторлары) болып табылатын адамдар;
еліміздің телевидениесінде трансляциялау үшін енгізілген бейне -, телесабақ дайындауға қатысқан адамдар;
Білім беру мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығының "Сарапшылардың электрондық базасына" сәйкес немесе Техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптау жөніндегі сарапшылардың құрамына кіретін адамдар;
ғылым кандидаты/докторы немесе PhD докторы ғылыми дәрежесі және кемінде бес жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар тұлғалар;
Қазақстан Республикасының "Үздік педагог" атағына ие болған адамдар;
"Қазақстан мұғалімі" ұлттық сыйлығының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы болып табылатын адамдар;
Уорлд скилс (WorldSkills) халықаралық чемпионаттарының жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындаған адамдар.
3-параграф. Педагогтерге оңайлатылған тәртіп бойынша біліктілік санатын беру тәртібі
ағылшын тілі: айелтс (IELTS) - 6,5 балл; тойфл (TOEFL) – 60 - 65 балл;
француз тілі: дельф (DELF) - C1;
неміс тілі: гесэ цэтификат (Goethe Zertifikat) - C1.
ағылшын тілі: айелтс (IELTS) - 6,5 балл; тойфл (TOEFL) – 66 - 78 балл;
француз тілі: дельф (DELF) - C1;
неміс тілі: гесэ цэтификат (Goethe Zertifikat) - C1.
ағылшын тілі: айелтс (IELTS) - 7 балл; тойфл (TOEFL) - 79-95 балл;
француз тілі: дельф (DELF) - C2;
неміс тілі: гесэ цэтификат (Goethe Zertifikat) - C2.
ағылшын тілі: айелтс (IELTS) - 7,5 балл; тойфл (TOEFL) – 96 - 110 балл;
француз тілі: дельф (DELF) - C2;
неміс тілі: гесэ цэтификат (Goethe Zertifikat) - C2.
4-тарау. Білім беру ұйымдарының басшылары мен басшыларының орынбасарларын, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшыларын, басшыларының орынбасарларын, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерін аттестаттаудан өткізу тәртібі
1) Біліктілік тестілеуінен өткені туралы сертификатты (білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары үшін), жұмыс тиімділігі көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі кестені, осы Қағидаларға 23 және 24-қосымшаларда белгіленген өлшемшарттарды орындау бойынша растайтын құжаттарды қамтитын қажетті құжаттарды дайындау.
Көрсетілген құжаттар басшы орынбасарының, басшының қолымен және білім беру ұйымының (әдістемелік кабинет (орталық) мөрімен расталады.
2) аттестаттауды өткізу кестелерін бекіту.
1-параграф. Біліктілік бағалауын өткізу тәртібі
2-параграф. Қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауды өткізу тәртібі
білім беру ұйымдары (әдістемелік кабинет (орталық) басшыларының орынбасарлары және әдістемелік кабинет (орталық) әдіскерлері үшін:
өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталды;
өтініш берілген біліктілік санатын растай отырып аттестатталды;
өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталмады.
өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталды;
өтініш берілген біліктілік санатын растай отырып аттестатталды;
өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталмады.
өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталды;
өтініш берілген біліктілік санатын растай отырып аттестатталды;
өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталмады;
өтініш берілген біліктілік санатына еңбек шартын бұза отырып аттестатталмады.
өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталды;
өтініш берілген біліктілік санатын растай отырып аттестатталды;
өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталмады;
өтініш берілген біліктілік санатына еңбек шартын бұза отырып аттестатталмады.
"басшы-ұйымдастырушы" біліктілік санаты бар басшылармен еңбек шарты бұзылуға жатады.
Тиісті бұйрықтың негізінде осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік бере (растай) отырып, аттестаттау туралы куәлік беріледі.