«Бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсутектер қоспасына және экологиялық отынға арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасы

Жобаны «Ашық НҚА» порталында орналастыруға арналған

НЫСАН

1

НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып)

«Бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсутектер қоспасына және экологиялық отынға арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасы (бұдан әрі – Жоба).

2

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі.

3

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса))

Жоба Қазақстан Республикасы Жаңа Салық кодексінің 537-бабы 6-тармағының 2) тармақшасын іске асыру үшін әзірленген.

4

НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

Жоба Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің қабылдануына байланысты бензинге (авиациялықты қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсутектер қоспасына және экологиялық отынға акциздердің мөлшерлемелерін қайта бекітуді көздейді.

Бұл ретте қазіргі уақытта қолданылатын мөлшерлемелер деңгейі сақталады, бұл салық саясатының тұрақтылығын және нарыққа қатысушылар үшін жағдайлардың болжамдылығын қамтамасыз етеді.

 

5

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

Бензинге (авиациялықты қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсутектер қоспасына және экологиялық отынға акциздердің мөлшерлемелерін қайта бекіту

 

6

НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар

Жоқ.

«Бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсутектер қоспасына және экологиялық отынға арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасы
Дата публикации
18 сентября 2025