«Қала құраушы заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 115 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

«Қала құраушы заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 4 мамырдағы № 115 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы
3 наурыздағы № 185 бұйрығымен бекітілген Заңды тұлғаларды қала құраушыға жатқызу және олардың тiзбесiн жүргiзу қағидаларының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Қала құраушы заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 115 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қала құраушы заңды тұлғалардың тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлік даму департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
  3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр                                                    Р. Дәленов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2020 жылғы «  »       

       бұйрығына қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2019 жылғы мамырдағы № 115 бұйрығымен бекітілген

 

 

Қала құраушы заңды тұлғалардың тізбесі

 

  1. Ақмола облысы:

1) «Камаз-Инжиниринг» акционерлік қоғамы, Көкшетау қаласы;

2) «ЕПК Степногорск» акционерлік қоғамы, Степногорск қаласы;

3) «Қамқор Локомотив» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Атбасар электровоз жөндеу зауытының» филиалы, Атбасар қаласы;

4) «Аждар и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Атбасар қаласы;

5) «Бурабай» вагон жөндеу депосы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Щучье қаласы.

 

  1. Ақтөбе облысы:

1) Ақтөбе ферроқорытпа зауыты «Қазхром» ТҰК» акционерлік қоғамының филиалы, Ақтөбе қаласы;

2) Дон кен–байыту комбинаты «Қазхром» ТҰК» акционерлік қоғамының филиалы, Хромтау қаласы.

 

  1. Алматы облысы:

1) «Суффле Қазақстан Солодовенный зауыты» акционерлік қоғамы, Текелі қаласы;

2) «Текелі кенді қайта өңдеу кешені» акционерлік қоғамы,Текелі қаласы;

3) «Қайнар АКБ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Талдықорған қаласы;

4) «Кнауф Гипс Қапшагай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Қапшағай қаласы;

5) «Маревен Фуд Тянь-Шань» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Қапшағай қаласы.

 

 

  1. Атырау облысы:

1) «Атырау мұнай өңдеу зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Атырау қаласы;

2) «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Атырау қаласы.

 

  1. Шығыс Қазақстан облысы:

1) «Қазмырыш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бұқтырма гидроэнергетикалық кешені, Серебрянск қаласы;

2) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Курчатов қаласы;

3) «Қазмырыш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Өскемен қаласы;

4) «Үлбі металлургия зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Курчатов қаласы;

5) «Қазмырыш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Риддер қаласы;

6) «Шығыстүстімет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Шемонаиха қаласы;

7) «Сайқан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Зайсан қаласы;

8) «Қазмырыш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Алтай қаласы.

 

  1. Жамбыл облысы:

1) Жаңа Жамбыл фосфор зауыты «Казфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы, Тараз қаласы.

 

  1. Батыс Қазақстан облысы:

1) «Конденсат» акционерлік қоғамы, Ақсай қаласы.

 

  1. Қарағанды облысы:

1) «Арселор Миттал Теміртау» акционерлік қоғамы, Теміртау қаласы;

2) «Арселор Миттал Теміртау» акционерлік қоғамы, Шахтинск қаласы;

3) «Өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Өркен-атасу» өндірістік бірлестігі, Қаражал қаласы;

4) «Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалының «Жезқазғантүстімет» өндірістік бірлестігі, Сәтпаев қаласы;

5) «Kazakhmys smelting» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Балқаш қаласы;

6) «Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Жезқазған қаласы;

7) «Karazhal operating» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Қаражал қаласы;

8) «Ер-тай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Приозерск қаласы;

9) «Kazcentrelectroprovod» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Саран қаласы;

10) «Kazakhmys Maintenance Services» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Сәтпаев қаласы;

11) «Kazakhmys distribution» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі,
Сәтпаев қаласы;

12) «Құрылысмет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Шахтинск қаласы.

 

  1. Қостанай облысы:

1) «Қостанай минералдары» акционерлік қоғамы, Жітіқара қаласы;

2) «Соколов–Сарыбай тау–кен байыту өндірістік бірлестігі» акционерлік қоғамы, Рудный қаласы;

3) «Комаров тау-кен кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Жітіқара қаласы;

4) «Қазақстан алюминийі» акционерлік қоғамы филиалының Торғай боксит кеніш басқармасы, Арқалық қаласы;

5) «Қазақстан алюминийі» акционерлік қоғамы филиалының Краснооктябрь боксит кеніш басқармасы, Лисаковск қаласы.

 

  1. Маңғыстау облысы:

1) «ӨзенМұнайГаз» акционерлік қоғамы, Жаңаөзен қаласы.

 

  1. Павлодар облысы:

1) «Қазақстан алюминийі» акционерлік қоғамы, Павлодар қаласы;

2) «Қазақстан электролиз зауыты» акционерлік қоғамы, Павлодар қаласы;

3) «Еуразия энергетика корпорациясы» акционерлік қоғамы, Екібастұз қаласы;

4) «KAZMineralsBozshakol» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Екібастұз қаласы;

5) «Богатырь Көмір» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Екібастұз қаласы;

6) «Екібастұз ГРЭС-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Екібастұз қаласы;

7) Ақсу ферроқорытпа зауыты «Қазхром» трансұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының филиалы, Ақсу қаласы.

 

  1. Солтүстік Қазақстан облысы:

1) «Севказэнерго» акционерлік қоғамы, Петропавл қаласы.

 

  1. Түркістан облысы:

1) «Кентау трансформатор зауыты» акционерлік қоғамы, Кентау қаласы;

2) «Шардара су электр станциясы» акционерлік қоғамы, Шардара қаласы.

«Қала құраушы заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 115 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Дата публикации
09 мая 2020