Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазақ Каспий теңізі ғылыми - зерттеу институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі тәуелсіз директордың бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
«Қазақ Каспий теңізі ғылыми - зерттеу институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қоғам) мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 130000, Ақтау қаласы, 4 «А» шағын ауданы, 19 ғимарат.
Қоғам қызметінің негізгі нысанасы: Каспий теңізінің қазақстандық секторында Каспий теңізінің табиғи ресурстарын сақтау және олардың өсімін молайту тұрғысынан қоршаған ортаға мониторинг және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, Каспий теңізі маңындағы мемлекеттердің ғылыми-зерттеу институттары мен ұйымдарының ынтымақтастығын нығайту.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар (қосымшада көрсетілген):
1) басшылық лауазымдарда кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
2) Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде жұмыс тәжірибесінің болуы;
3) жалпы жұмыс өтілі кемінде 10 (он) жыл болуы;
4) білімі, мамандығы, оның ішінде халықаралық сертификаттардың болуы.
Конкурс Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің 2025 жылғы 28 тамыздағы №231-Ө бұйрығымен бекітілген «Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының тәуелсіз директорларын іріктеу конкурсының қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) Қағидаларына 2 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатысу туралы өтініш;
2) кандидаттың түйіндемесі;
3) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі, бар болған жағдайда жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжат;
5) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктерге мүшелігін растайтын құжаттар (бар болса);
7) Қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған кандидат туралы мәліметтер.
8) корпоративтік басқару тәжірибесін растайтын құжаттар (бар болса).
Іріктеуге қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар 2025 жылғы 26 қыркүйекке дейін осы хабарландыру ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің сайтында жарияланған сәттен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжай бойынша ұсынылуы тиіс: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8 Министрліктер Үйі, 15 кіреберіс, 4 қабат, 447 кабинет, анықтама үшін телефон: 8 (7172)74-03-97, электрондық пошта: a.sadvokasova@ecogeo.gov.kz.
Іріктеуге қатысушы (кандидат) өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгілеп, конвертке салып мөрлейді.
Бұл конвертте қатысушының (кандидаттың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және мекенжайы көрсетіледі. Осыдан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді.
Ішкі және сыртқы конверттер:
1) ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне жіберілуге тиіс;
2) «Қазақ Каспий теңізі ғылыми - зерттеу институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы» директорлар кеңесінің тәуелсіз директорларының іріктеуі» және «2025 жылғы 26 қыркүйекке дейін ашпаңыз» деген сөздер болға тиіс.
Тәуелсіз директорына кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары
Тәуелсіз директорына кандидаттарының өтініші
Тәуелсіз директорына кандидат туралы мәлеметтер