Логотип МВД РК
Меню
Страницы

«Тарихтың сақтаушысы, рухтың тәрбиешісі»: Астанада Қылмыстық-атқару жүйесінің мұражайы ашылды.

«Тарихтың сақтаушысы, рухтың тәрбиешісі»: Астанада Қылмыстық-атқару жүйесінің мұражайы ашылды.

Астана қаласы бойынша ҚАЖ Департаментінде Қылмыстық-атқару жүйесінің жаңа мұражайының салтанатты ашылуы өтті. Бұл мұражай тарихи жадымызды сақтау, ағарту және қоғаммен ашық диалог орнатуға арналған алаңға айналды.
Экспозицияда қылмыстық-атқару жүйесінің қалыптасу кезеңдері, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қызметкерлердің ерлігі, сондай-ақ қызметтік борышын атқару кезінде ерлік көрсеткен азаматтардың есімдері бейнеленген. Мұражайда ҚАЖ-нің адамгершілік қырына, сотталғандарды қайта әлеуметтендіру және тәрбиелік мақсаттарға ерекше назар аударылған.
Ашылу рәсіміне ҚР ІІМ өкілдері, ардагерлер және Департамент қызметкерлері қатысты. Іс-шара соңында қатысушылар қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлерімен бірге қылқан жапырақты ағаштар отырғызды. Бұл ағаштар - төзімділік пен тұрақтылықтың, жаңару мен адалдықтың символы, құқық қорғау саласының қызметкерлеріне тән қасиеттердің көрінісі.

Социальные медиа
Меню подвал
Экранный диктор
Термины и обозначения
Политика конфиденциальности
Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК