Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының іске асыру туралы есеп

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың
2016 – 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының іске асыру туралы талдамалық есеп

 

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) іске асыру денсаулықтың негізгі көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік берді.

Мемлекеттік бағдарламаның мақсаттары:

- Еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін халықтың денсаулығын нығайту;

- Аурулар профилактикасы мен басқарудың интеграцияланған тәсілі негізінде қоғам денсаулығын сақтау жөніндегі жаңа саясатты енгізу.

- Тиімділікке, қаржылық тұрақтылыққа және әлеуметтік-экономикалық өсуді қолдауға бағытталған ұлттық денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту.

Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту үшін 3 нысаналы индикаторға қол жеткізілді:

1.Күтілетін өмір сүру ұзақтығы. 2018 жылдың қорытындысы бойынша көрсеткіш 73,15 құрады, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 1,15 жылға ұзарды (2016 жылы-72,3, 2017 жылы – 72,95). 2019 жылдың қорытындысы бойынша индикаторға қол жеткізу күтілуде.

  1. Денсаулық индексі. 2018 жылдың қорытындысы бойынша 0,818 құрады (2016 ж. – 26,2, 2017 ж. - 25,2, 2018 ж. осы көрсеткішті есептеу әдістемесі өзгерді).
  2. Халықтың медициналық көмек сапасына қанағаттану деңгейі. 2019 жылдың қорытындысы бойынша көрсеткіш 48,13% құрады, жоспар бойынша 48% (2016 ж. – 41,6%, 2017 ж. – 46%, 2018 ж. – 47,84%).

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру кезеңінде 2016-2019 жылдар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер ететін көрсеткіштер бойынша медициналық-демографиялық жағдай жақсарды, атап айтқанда қан айналымы жүйесінің аурулары 8,3%, тыныс алу органдарының ауруларынан болатын өлім-жітім 13,8%, қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім 10% төмендеді, жазатайым оқиғалардан, жарақаттар мен уланудан болатын өлім-жітім 13,1% төмендеді.

Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылу тиімділігін бағалау мақсатында 2017 жылы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің аудиті жүргізілді (2017 жылғы 9 қарашадағы № 30 аудиторлық қорытынды).

Қазақстан Республикасы Конституциясының 66-бабының 1) тармақшасына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойыншаҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 15 қазандағы № 634 қаулысымен қайта бекітілді

Есеп
Дата публикации
10 марта 2020