|
|
Нысанның БҚСЖ бойынша коды Код формы по ОКУД______________
ҚҰЖЖ бойынша ұйым коды Код организации по ОКПО _______________ |
|
|
Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органының атауы Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі Министерства здравоохранения Республики Казахстан |
|
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-84 бұйрығымен бекітілген № 095 /е нысанды медициналық құжаттама 95 қосымша |
|
«Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті » РММ Государственного учреждение РГУ «Департамент санитарно-эпидемиологического контроля Комитета санитарно-эпидемиологического контроля Министерства здравоохранения Республики Казахстан» |
Медицинская документация Форма № 095/у Утверждена приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 20 августа 2021 года № ҚР ДСМ-84 Приложение 95 |
|
Санитариялық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу туралы қаулы
Постановление о проведении санитарно-противоэпидемических (профилактических) мероприятий
№ 1
2026 года (жылғы) «27» января (қаңтар) город Астана (қаласы)
Мен, Мемлекеттік Бас санитарлық дәрігер (басшы)
Я, Главный государственный санитарный врач города Астаны (руководитель)
Шағалтаева Айгуль Кошмухамбетовна
Тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі-Т.А.Ә.)
қызылша ауруының талдауын қарастырып,
анықтадым: Соңғы 3 апта ішінде қызылшаның 403 расталған жағдайы тіркелді, 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіш 25,5-ті құрады. 2026 жылғы алдыңғы аптамен салыстырғанда аурушаңдықтың 2,8 есе өсуі байқалады (2026 жылғы 02-аптада – 142 жағдай, 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіш – 9,0).
Жас ерекшелік құрылымы бойынша науқастардың 96%-ын 14 жасқа дейінгі балалар құрады, оның ішінде: 28% – 1 жасқа дейінгі балалар, 60% – 1-4 жас аралығындағы балалар, 6,4% – 5-9 жас аралығындағы балалар, 1,5% – 10-14 жас аралығындағы балалар, 1,7% – 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдер, 2,7% - 20 жастан асқан тұлғалар.
Ауру жұқтырғандар арасында 95% (385 жағдай) егілмеген балаларды құрайды. Оның ішінде: егуден бас тарту себебінен - 257 жағдай (63,8%);жасына жетпеуіне байланысты егілмегендер - 112 бала (28%); егу мүмкіндіктерін өткізіп алу - 9 жағдай (2%);медициналық қарсы көрсетілімдер - 7 жағдай (1,8%). Қызылшаға қарсы вакцинация туралы деректері жоқ адамдар арасында - 18 жағдай (4,4%).
(Қазақстан Республикасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 38-бабының 2-тармағы негізінде, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 2 ақпандағы № ҚР ДСМ-13 «Профилактикалық екпелер жүргізілетін жұқпалы аурулармен ауыратын науқастарға қатысты санитариялық-эпидемиологиялық және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 1 қарашадағы №7 «Қызылшаға қарсы санитариялық-індетке қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» қаулысына сәйкес, облыс халқы арасында қызылша ауруының одан әрі таралуының алдын алу мақсатында:
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН, мына іс-шаралар орындалсын:
1.1 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің қызылшаға қарсы егілу деңгейіне талдау жүргізіп, ата-аналардың (заңды өкілдерінің) ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін екпе алмаған балалар мен жасөспірімдерге қосымша иммундау жүргізу.
1.2 55 жасқа дейінгі медициналық қызметкерлер арасында қызылшаға қарсы егілу мәртебесіне талдау жүргізу; вакцинациясы жоқ немесе егілу мәртебесі белгісіз болған жағдайда, егілетін тұлғаның ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін қызылшаға қарсы вакцинация жүргізуді қамтамасыз ету.
1.3 Ата-аналардың (заңды өкілдердің) ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін, 6 айдан 10 ай 29 күнге дейінгі балаларға қызылшаға қарсы қосымша вакцинация жүргізу.
1.4 1 жаста және 6 жастағы нысаналы жас топтарындағы балаларды қызылша, қызамық және паротитке қарсы профилактикалық егулермен қамтудың оңтайлы деңгейіне қол жеткізуді қамтамасыз ету.
1.5 Ұйымдастырылған ұжымдарда (мектепке дейінгі балалар ұйымдары, мектептер, арнаулы орта/жоғары оқу орындары және басқа да ұйымдар) қызылшаның бастапқы жағдайы туралы ақпарат алынған кезде, анықталған сәттен бастап 72 сағат ішінде, егу анамнезін ескере отырып және медициналық қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда, осы ұйымдастырылған ұжымдағы егуге жататын барлық контингентке шұғыл иммундауды қоса алғанда, санитариялық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жедел ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету.
1.6 Байланыстағы тұлғаларды күнделікті медициналық бақылауда ұстау: теріде макулопапулёзды бөртпелердің бар-жоғын қарау, дене температурасын өлшеу және шағымдары туралы сұрау жүргізу, алынған мәліметтерді медициналық бақылау журналына тіркеп, инкубациялық кезең аяқталғанға дейін бақылауды жалғастыруды қамтамасыз ету.
1.7 Балалар стационарларына жоспарлы түрде жатқызуды тек қызылшаға қарсы вакцинацияның болуы кезінде жүзеге асыру;
қызылша ауруының мәселелері бойынша әкімдік жанындағы қалалық штабтың отырыстарын апта сайынғы негізде өткізу;
Астана қаласы Білім басқармасының басшысына (Қ.С. Сеңғазыев), меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан барлық білім беру ұйымдарының басшылары, қамтамасыз етсін:
2.1 Білім беру ұйымдарында әрбір ауысым алдында «таңертеңгі сүзгі» жүргізуді қамтамасыз етіп, жедел респираторлық аурулар мен қызылша белгілері бар оқушылар мен педагогтардың сабаққа жіберілуіне жол бермеу.
2.2 Жедел респираторлық аурулар мен қызылша белгілері бар науқастар анықталған жағдайда, ата-аналары келгенге дейін немесе ауруханаға жатқызылғанға дейін оларды уақтылы оқшаулауды ұйымдастыру.
2.3 Балабақшалардағы ұжымдарға жоспарлы профилактикалық егілмеген балаларды тек ұжымдық иммунитет деңгейі кемінде 90 % болған жағдайда ғана қабылдау қажет (егілген немесе құжатпен расталған иммунитеті бар); егілмеген балалардың үлесі 10 %-дан аспауы тиіс.
2.4 Қызылшаның соңғы жағдайы анықталған сәттен бастап инкубациялық кезең ішінде балалар мен персоналдың орын ауыстыруына, сондай-ақ бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу.
2.5 Қызылшаның соңғы жағдайы анықталған сәттен бастап инкубациялық кезең ішінде қызылшаға қарсы егілмеген балалардың қабылдауына тыйым салу.
2.6 Қызылшаның соңғы жағдайы анықталған сәттен бастап инкубациялық кезеңде қызылшаға қарсы егілмеген байланыстағы тұлғалардың мектепке дейінгі балалар ұйымдарына келуінен уақытша шеттету.
3.1 Меншік нысанына қарамастан, орналасқан жері мен аумақтық тіркелуіне сәйкес жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдардағы оқушылар мен тәрбиеленушілердің вакцинация мәртебесіне талдау жүргізуді қамтамасыз ету, сонымен қатар егілмеген немесе вакцинация мәртебесі белгісіз балаларға вакцинация ұйымдастыру.
3.2 МДҰ мен мектептерде ақпараттық-түсіндіру жұмысын қамтамасыз ету.
4.1 Студенттердің вакцинация мәртебесін тексеруді ұйымдастыру.
4.2 18 жасқа дейінгі егілмеген тұлғаларға иммундауды жүргізу.
4.3 Эпидемияға қарсы іс-шараларды күшейту.
5.1 Сауда орталықтары, қоғамдық көлік, халыққа қызмет көрсету орталықтары, банктер және басқа да қоғамдық орындарда қызылшаның алдын алу бойынша бейнематериалдар мен инфографиканы орналастыру мәселесін бақылауға алу.
6.1 Тергеу жүргізу барысында байланыстағы тұлғалардың ауқымы мен шеңберін кеңейту, соның ішінде білім беру және тәрбиелеу ұйымдарында да, қызылша ошақтарында жедел вакциналауды уақытында жүргізу бақылауын қамтамасыз ету.
6.2 Қызылша ауруына шалдыққан жағдайларды, қабылданған профилактикалық және санитариялық-эпидемиологиялық шараларды, 6 айдан 10 ай 29 күнге дейінгі балаларды, 55 жасқа дейінгі медициналық қызметкерлерді, 7-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерді вакцинациялауды күнделікті бақылау.
6.3 Халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейту: әлеуметтік желілерде тікелей эфирлер өткізу, ата-аналар жиналыстарына, халықпен кездесулерге қатысу және басқа да іс-шаралар өткізу.
Қызылшаға қатысты санитариялық-эпидемиологиялық іс-шараларды Астана қаласындағы эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін орындау қажет.
М.О. Мемлекеттік бас санитарлық дәрігері (басшы) ___________________
М.П. Главный государственный санитарный врач (руководитель) __ Шагалтаева Айгуль Кошмухамбетовна
Тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі-Т.А.Ә.) (фамилия, имя, отчество (далее-Ф.И.О.)
Қаулыны алдым (Постановление получил ____________________________________________
атқаратын лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты, алған күні, қолы (занимаемая должность, фамилия, имя, отчество, дата получения, подпись)
Согласовано
27.01.2026 18:48 Пралиева Жаннат Кыдырбаевна
Подписано
27.01.2026 18:52 Шагалтаева Айгул Кошмухамбетовна