Меню

Страницы

Статья

Тезисы выступления председателя Комитета по делам религий религий Е. Нукежанова на селекторном совещании с акиматами областей и городов Нур-Султана, Алматы, Шымкента, прошедшего 29 апреля 2021 года

Қайырлы күн, Айда Ғалымқызы, құрметті әріптестер!

 

Діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруда біз жергілікті атқарушы органдармен тығыз жұмыс жасаудамыз.

Мемлекеттің зайырлылық қағидаттарын ілгерілету мен нығайту, конфессияаралық келісімді сақтау және дінді деструктивті мақсатта пайдалануға жол бермеу – мемлекеттің дін саласындағы саясатының басты бағыттары болып саналады.

Жоғарыда аталғандарды іске асыруда біз негізгі үш бағытта жұмыс жасаудамыз.

        Бірінші. Интернет-кеңістікте діни экстремизмге қарсы насихат;

        Екінші. Атаулы (нысаналы) ақпараттық-түсіндіру жұмыстары;

Үшінші. Оңалту жұмыстары.

Бірінші бағыт бойынша:  Жалпы алғанда, интернет-кеңістікте діни экстремизмге қарсы насихат жұмыстарын оң нәтижемен бағалауға болады. Ағымдағы жылдың 1-тоқсанында мүдделі тараптармен бірге  52 мыңнан астам діни экстремизм мен терроизмді насихаттайтын материалдар жойылды және бұғатталды. Бұл өткен жылдағы осы уақыттағы көрсеткішпен салыстырғанда (21 мың материал) 2 есеге көп. Сонымен бірге, діни экстремизмнің алдын алу және қарсы насихат бағытында  интернет кеңістіке 25317 материал әзірленіп, танымал әлеуметтік желілерге жарияланған. Өткен жылы тек 12249 материал дайындалғанын ескерек, бұл үлкен көрсеткіш екенін анық.  

Анықтама: 2021 жылдың 1 тоқсанында дін саласындағы уәкілетті органдармен діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, конфессияаралық келісімді ілгерілету және қазақстандық қоғамның зайырлы құндылықтарын нығайту бойынша жұмыста пайдаланылатын 2325 түрлі форматтағы (бейне, фото, мәтін) материалдар дайындалды.

БАҚ – та 1 940 материал жарияланды, оның ішінде 263 республикалық, 1677-жергілікті. Танымал әлеуметтік желілерде 25 317 материал орналастырылды. Интернет-кеңістік мониторингі барысында өңірлік дін істері басқармаларымен деструктивті контентке 134 622 сілтеме анықталып, бұғаттауға жіберілді.

Жыл басынан бері жүргізіліп жатқан жұмыстың сапасын арттыру мақсатында Интернет желісінде қарсы насихат жұмысына тартылған өңірлік мамандардың біліктілігін арттыру бойынша                 4 онлайн-семинар өткізіліп, 100-ден астам адам оқытылды.

Бұл жұмыс Министрліктің бастамасымен Интернет желісінде тиімді жұмыс істеуге қабілетті медиа-сауатты мамандарды даярлау мақсатында басталған «Smart media» ұзақ мерзімді жобасы аясында да және қажеттілік болған жағдайда да жалғасын табатын болады.

Алайда, осы бағытта қабылданып жатқан шараларға қарамастан, шешімін таппаған мәселелер де баршылық.

Нақты айтқанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мәселелері жөніндегі ұсыныстар әзірлеу бойынша комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) 2020 жылғы 29 қарашадағы отырысының тапсырмаларын орындауға қатысты нақты шаралар бірқатар өңірлерде қабылданбаған.

Мәселен, Шымкент қаласында, Ақмола, Қарағанды және Түркістан облыстарында интернет-кеңістіктегі діни экстремизмге қарсы іс-қимыл бойынша тікелей жұмысқа небәрі 1-2 қызметкер тартылған, ал Комиссия шешіміне сәйкес бұл жұмысқа кемінде               3 қызметкерді тарту тапсырылған болатын.

Қаңтар айында Комиссия хаттамасының орындалуы бойынша жинақталған есептілікке сәйкес Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстарында қарсы насихат материалдарын дайындау мен ілгерілетуге қаржыландыру көзделмеген.  Солтүстік Қазақстан облысында жеткіліксіз көлемде (900 мың теңге) қарастырылған.

Осыған байланысты, интернет-кеңістікте дін саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарын ілгерілету бойынша жұмысты күшейту, осы қызметке қажетті кадр және қаржы ресурстарын тарту мәселелерін пысықтау қажет.

Екінші бағыт бойынша:  Ақпараттық-түсіндіру топтарының қызметі деструктивті радикалды идеологияның ықпалына ұшыраған азаматтардың нысаналы санаттарымен атаулы және нақты жұмыс жүргізуге толығымен қайта бағдарланған.

Анықтама: 2021 жылдың 1 тоқсанында 536 мыңнан астам адамды қамтитын 4900-ден астам атаулы ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары, оның ішінде жастар арасында 261 мыңнан астам адамды қамтитын 2 000-ға жуық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Алайда, жүргізілген талдау нәтижелері ағымдағы жылдың басынан бастап атаулы жұмыс Шымкент қаласында, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау және Түркістан облыстарымен жеткілікті деңгейде тиімді жүргізбегені анықталды.

Азаматтардың атаулы топтарын «жоғары», «орташа» және «төмен» тәуекел дәрежесіне сәйкес жергілікті деңгейде нақтыламаған.

Облыс әкімдерінің орынбасарларымен бекітілген ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша 2021 жылдың
1-жартыжылдығына арналған іс-шаралар жоспарында көрсетілген шаралардың сандық және сапалық көрсеткіштері орындалмаған.

Осыған орай, әкімдіктер 2019 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы дін саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында мақұлданған халық арасында атаулы ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарын қатаң басшылыққа алу қажет.

Министрлік тарапынан өңірлерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша 2021 жылғы 1 тоқсанда атқарылған жұмыс туралы талдамалық анықтама әзірленіп, өңірлерге жолданды (20.04.2021ж, №05-24/1720).

Сондай-ақ, алға қойылған міндеттердің орындалуы мен  тиімділігіне тікелей әсер ететін проблемалар - «Дін проблемаларын зерттеу орталықтары» коммуналдық мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі – Орталық) қызметкерлерінің жалақысының төмендігі және осы салада даярланған мамандардың жетіспеушілігі болып табылады.

Аталған мәселе бойынша сұрақ Министрлік тарапынан Президент Әкімшілігі мен Үкіметтің деңгейінде бірнеше рет көтерілді.

Анықтама: Министрлік тарапынан «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы № 1193 қаулысына өзгерістер енгізу арқылы мәселені орталық деңгейде шешу ұсынысымен Президент Әкімшілігі мен Үкіметке хаттар жолдады.

Бұл шара Интернет желісінде атаулы ақпараттық-түсіндіру және оңалту жұмыстарын және қарсы насихат жұмыстарын ұйымдастыру мәселелерімен айналысатын орталық қызметкерлеріне (теологтарға, дінтанушыларға, психологтарға) қосымша ақы белгілеуге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде олардың кадрлық әлеуетін күшейтуге, жергілікті жерлерде конфессияаралық келісім мен қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау жөніндегі міндеттерді тиімді орындауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Алайда, пандемияға байланысты елдегі күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескере отырып, бұл сұрақ ашық күйінде қалып отыр.

Үкіметтің тапсырмасы бойынша Министрлікпен Орталықтың қызметкерлеріне қажетті қосымша ақы белгілеу үшін жергілікті бюджеттен қосымша қаражат бөлу туралы әкімдіктерге хаттар жолданды.

Алайда, бұл мәселе әкімдіктер тарапынан қолдау таппады.

Сондықтан, осы мәселенің шешу жолы ретінде Ұлттық экономика министрлігі коммуналдық мемлекеттік мекемелерді мемлекеттің 100% қатысуымен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер құру арқылы орталықтардың ұйымдық-құқықтық нысанын өзгертуді ұсынды. Осы құқықтық нысанын белгілейтін құжат шеңберінде қажетті қосымша ақыларды белгілеуге мүмкіндік береді.

Ұлттық экономика министрлігінің ұсынысын Алматы мен Жамбыл облыстарынан басқа әкімдіктердің басым бөлігі қолдап отыр.

Үшінші бағыт бойынша:

Террористік белсенді аймақтардан оралған әйелдер мен балаларды теологиялық-психологиялық оңалту аясында, оның ішінде «Жусан» операциялары шеңберінде жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілуде.

Анықтама: 2021 жылдың 1 тоқсанында өңірлерден алынған деректер бойынша террористік белсенділік аймағынан оралған әйелдердің 95% - ы оңалтумен қамтамасыз етілді (189 әйелдің 181-і оңалтылды және қазақстандық қоғам құндылықтарының дәстүрлі дініне бейімделді).

Сонымен бірге, ҰҚК мәліметі бойынша, кейбір қайтарылған әйелдер әлі де радикалды ұстанымдарды ұстануды жалғастыруда.

Атап айтқанда, Атырау, Ақтөбе облыстарынан және Шымкент қаласынан қайтарылған кейбір азаматшалар оңалту және бейімдеу бағдарламасынан бас тартып отыр.

Сондықтан ҰҚК органдарымен бірлесіп және «Ақниет» ҚҚ-мен өзара іс-қимыл жасай отырып, радикалды көзқарастарда қалған әйелдерді толық оңалту үшін жеке ықпал ету шараларын әзірлеуді ұсынамыз.                 

Жоғарыда аталған мәселені шешу ДІБ тарапынан қиындық тудырған жағдайда, Дін істері комитетіне әдістемелік ұсынымдар әзірлеу үшін олармен жүргізілген жұмыс туралы толық материалдарды жолдауларыңызға болады.

Сонымен қатар, жергілікті жерлердегі  дін бірлестіктердің басшылармен, сондай-ақ олардың ізбасарларымен діни қызмет саласындағы заңнаманы бұзуға жол бермеу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді сұраймын. Егер аталған түсіндіру жұмыстары нәтижесін бермеген жағдайда  Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады.

Жоғарыда баяндалған мәселелерге назарларыңызды аударып, тиісті жұмысты ұйымдастыруды сұраймын.

 

Рахмет!

Дата публикации
14 июня 2021
Дата обновления
14 июня 2021
Тип
Выступление

Сейчас читают

11 января 2024
Краткая инструкция для заявителя по подаче обращения на «Прием граждан» (запись)
Выступление
14 июня 2021
Тезисы выступления заместителя председателя Комитета по делам религий Б. Бакирова на Стратегической сессии с Управлением по делам религий (Диянет) Турецкой Республики
Выступление
14 июня 2021
Тезисы выступления председателя Комитета по делам религий религий Е. Нукежанова на селекторном совещании с акиматами областей и городов Нур-Султана, Алматы, Шымкента, прошедшего 29 апреля 2021 года

Социальные медиа

Меню подвал

Жизненные ситуации
Новостной канал государственных органов
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Послания Президента РК
Государственные символы РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК
Сайт Парламента РК
Концепция цифровой трансформации
Цели устойчивого развития