Меню

Страницы

Статья

Тезисы выступления заместителя председателя Комитета по делам религий Б. Бакирова на Стратегической сессии с Управлением по делам религий (Диянет) Турецкой Республики

Құрметті Салих ГӨР мырза!

 

Сіздермен жүздесуіме қуаныштымын!

Бірінші. Біздің екі ел арасында қалыптасқан бауырластық қарым-қатынасты нығайтып, дін саласындағы ынтымақтастығымызды дамытуға бағытталған бүгінгі кездесуіміздің нәтижелі болатынына сенім білдіремін.

Түрік мемлекеті  Еуразия құрлығындағы Қазақстанның ең жақын әріптесі болып табылады.

Екі ел ширек ғасырдан астам уақыт бойы екіжақты қарым-қатынастарды стратегиялық әріптестік деңгейіне шығара отырып, халықаралық аренадағы барлық салалар бойынша бастамаларды қолдап, ынтымақтастықтың іргетасын берік етіп қалады.  (Түрік тарапы Қазақстанның егемендігін ол жарияланған күні бірінші болып мойындады).

Екі елдің достық қарым қатынасын одан әрі нығайтуға біз барынша атсалысатын боламыз.  (Дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 2 наурызда орнатылды).

Бұған Ақпарат және қоғамдық даму министрі А.Балаеваның Түркияға жақындағы жұмыс сапары дәлел бола алады.

Анықтама: жұмыс сапары аясында министр А.Балаеваның Түркия Президенті Әкімшілігінің қоғаммен байланыс жөніндегі Бас басқармасының басшысы Фахреттин Алтунмен, жастар және спорт министрі Мехмет Касапоглумен және дін істері басқармасының төрағасы Али Эрбашпен жемісті кездесулері өтті.

 Олардың барысында Министрліктің жетекшілік ететін салалары бойынша ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелері жан-жақты талқыланды.

Басшылықтың кездесулерінің қорытындысы бойынша біздің ведомство өзекті мәселелерді талқылау және жетекшілік ететін қызмет салалары бойынша екі жақты ынтымақтастықты кеңейту үшін Сіздің еліңізбен «Стратегиялық сессиялар» өткізуге қызығушылық танытты.

Біздің ведомствоның қызметі идеологиялық бағыттағы бес үлкен саланы қамтиды. Бұл ақпарат, азаматтық қоғам, этносаралық қатынастар, дін және жастармен жұмыс саласы.

Біздің органның басты міндеті қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылы, БАҚ, жастар және диаспоралдық саясат саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру болып табылады.

Өзіңіз түсінгендей, Дін істері комитеті дін саласындағы уәкілетті орган болып табылады және діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады.

        Жалпы, біздің жұмысымыз үш негізгі бағыт бойынша құрылған:

  1. Мемлекет дамуының зайырлылық қағидаттарын нығайту;
  2. Үйлесімді мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды қамтамасыз ету
  3. Қоғамда радикалды идеологияның таралуына жол бермеу.

***

Екінші. Барлық тіркелген діни бірлестіктермен нәтижелі ынтымақтастық және ашық диалог форматында сындарлы өзара қарым-қатынас орнатылған.

Бүгінде біздің елімізде 18 конфессия мен 100-ден астам этностың өкілдері болып табылатын 3800-ден астам діни бірлестіктердің өкілдері бейбіт өмір сүруде.

Түрлі конфессиялардың ұстанушылары Қазақстанда өздерінің рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін барлық мүмкіндіктерге ие. Мемлекет барлық конфессиялардың өз функцияларын іске асыруы үшін барлығына тең және қолайлы жағдай жасауда.

Діндер арасында үйлесімді қарым-қатынас орнатудың, конфессияаралық және дінаралық диалогты сақтау мақсатында  елімізде әрбір үш жыл сайын Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезін өткізіледі.

Анықтама: соңғы VI Съезд 2018 жылы өтті. VII Съездің кезекті отырысы 2021 жылға жоспарланған болатын. Алайда, елдегі және әлемдегі қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты VII Съездің отырысы 2022 жылға ауыстырылды.

Түркия Республикасының өкілдері тұрақты негізде әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съездеріне белсенді қатысады. 2018 ж. 10-11 қазанда өткен VI Съезд жұмысына Түркия Республикасынан Түркия Дін Істері Басқармасының Төрағасы Әли Эрбаш қатысты.

2022 жылы VII съезді өткізуге қатысты нақты күні анықталған жоқ.

Дін саласында туындайтын өзекті мәселелерді талқылау, діни бірлестіктердің басшылары мен өкілдерінің кездесулері олардың қатысушыларының қоғамды топтастыру, конфессиялардың жалпыадамзаттық құндылықтары, дінаралық және конфессияаралық келісімді сақтау және нығайту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы пікірлерімен алмасу мақсатында өңірлерде жергілікті атқарушы органдар жанындағы діни бірлестіктер басшыларының Клубтары, діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестері тұрақты түрде жұмыс жасап келеді.

Сондай-ақ, Министрлік діни бірлестіктермен тұрақты түрде кездесулер өткізіп тұратынын да  атап өткім келеді.

Өздеріңіз білетіндей, коронавирустық пандемия адам өміріне ғана емес, сонымен бірге жалпы мемлекеттік институттардың жұмыстарына да өз әсерін тигізді.

Заманауи IT-технологияларды қолдану- дін саласындағы өзекті мәселелерді талқылау мақсатында кездесулер өткізуде діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл әдістерін кеңейтуге мүмкіндік бергенін атап өтуге болады.

Сонымен қатар, біздегі барлық діни бірлестіктер өздерінің  мерекелік қызметтерін  онлайн режимінде өткізді.

Үшінші. ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен, 2019 жылғы қаңтар-маусым аралығында қазақстандықтарды террористік белсенді аймақтардан қайтару бойынша гуманитарлық операция жүргізілді.

"Жусан" операцияның төрт кезеңінің қорытындысы бойынша Сириядан Қазақстанның 595 азаматы (406 бала (оның ішінде 32 жетім), 156 әйел және 33 ер адам) шығарылды.

Қосымша Ирак, Сирия, Түркия және Ауғанстаннан 2017 жылдан бастап 2020 жылға дейін түрлі арналар арқылы 119 адам (32 әйел және 87 бала (оның ішінде "Русафа"операциясы бойынша қайтарылған 14 жетім баланы қоса алғанда) қайтарылды.

Ағымдағы жылдың ақпан айының басында өткізілген  "Жусан-5" операциясы барысында 12 адам (4 ер адам, 1 әйел, 7 бала (оның ішінде 2 жетім бала) қайтарылды.

Жалпы, террористік белсенділік аймағынан қайтарылған адамдардың жалпы саны 726 адамды құрайды (37 ер адам, 189 әйел, 500 бала).

Сонымен қатар, діни ахуалды сауықтырудың маңызды құралдарының бірі азаматтарды, оның ішінде террористік белсенді аймақтардан оралған азаматтарды теологиялық-психологиялық оңалту болып табылады.

Тәжірибе көрсеткендей, оңалту бойынша жұмыс әлеуметтік, психологиялық, медициналық және экономикалық , құқықтық сипаттағы көмек көрсетуді қамтитын кешенді және ұзақ процесс болып табылады.

Қазіргі уақытта террористік белсенділік аймағынан оралған әйелдердің 95%  оңалтумен қамтамасыз етілді.

Анықтама: 189 әйелдің 181 -і радикалды көзқарастан оңалтылған және дәстүрлі құндылықтарға бейімделген.

Министрліктің үйлестіруімен барлық өңірлерде оңалту орталықтарының желісі құрылды. Сонымен қатар, барлық өңірлерде «Ақниет» республикалық оңалту орталығының филиалдары жұмыс істеуде.

Оңалту жұмыстарына жоғары білікті теологтар сондай-ақ деструктивті діни ағымдардың идеологияларын насихаттауға, азаматтарды дәстүрлі дін нормаларына тартуға қабілетті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы филиалдарының ресурстары тартылды.

Нәтижесінде, жыл басынан бері 5 000-нан астам адам теологиялық-психологиялық оңалту іс-шараларымен қамтылды.

 

***

Сонымен қатар, "Хасеки" университетінде қазақстандық студенттерді даярлаудағы бауырлас  Түркі еліне ризашылығымды білдіргім келеді.

Бұл университет негізінен имам корпусы өкілдерінің оқуына қызығушылық тудыратындықтан, Қазақстан мұсылмандары Діни Басқармасы Төрағасының орынбасары Оңғаров Ершатқа сөз бергім келеді.

Анықтама: қазіргі уақытта "Хасеки" университетінде қазақстандық имамдарды оқытудың үш жылдық бағдарламасы жұмыс істейді.

2013-2020 жылдар аралығында "Хасеки" университетіне 116 студент қабылданды, оның ішінде 77 студент оқуды бітіріп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылымында жұмыс істейді.

Қазіргі таңда "Хасеки" университетінде 37 қазақстандық талапкер білім алуда. Олардың барлығы түрік тарапының есебінен оқытылады.

Сонымен қатар, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Түркияның Дін істері басқармасы арасындағы келісім негізінде жыл сайын 25-30 имам Түркияда 45 күн оқу бойы біліктілігін арттыру курстарынан өтеді.

Екі ал арасындағы мұндай өзара іс-қимыл алдағы уақытта да жалғасатын табатынына нық сенімдімін.

 

Салих ГӨР Мырза!

 Бүгінгі кездесу барысындағы нәтижелі пікір алмасу өткізуге қатысқаныңызға алғысымды білдіремін.

Алдағы уақытта  дін саласындағы өзара ынтымақтастықты дамытуда бірлесе жұмыс жасайтынымызға сенімдімін.

 

Дата публикации
14 июня 2021
Дата обновления
14 июня 2021
Тип
Выступление

Сейчас читают

11 января 2024
Краткая инструкция для заявителя по подаче обращения на «Прием граждан» (запись)
Выступление
14 июня 2021
Тезисы выступления заместителя председателя Комитета по делам религий Б. Бакирова на Стратегической сессии с Управлением по делам религий (Диянет) Турецкой Республики
Выступление
14 июня 2021
Тезисы выступления председателя Комитета по делам религий религий Е. Нукежанова на селекторном совещании с акиматами областей и городов Нур-Султана, Алматы, Шымкента, прошедшего 29 апреля 2021 года

Социальные медиа

Меню подвал

Жизненные ситуации
Новостной канал государственных органов
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Послания Президента РК
Государственные символы РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК
Сайт Парламента РК
Концепция цифровой трансформации
Цели устойчивого развития