Дінтану сараптамасы

2026 жылғы 3 тоқсанда дінтану сараптамасы жүргізілген 1213 материалдың 638 – оң, 225 – теріс қорытынды берілді. Сондай-ақ, 350 материал діни емес, шет тілдерінде және ақаулы екендігі анықталды.

792 интернет-ресурстың мазмұны талданды, олардың ішінен құқыққа қарсы сипаттағы материалдарды қамтитын 179 интернет-ресурс сілтемесі анықталды.

Жаңалықтар

Барлық жаңалық

Оқиғалар күнтізбесі

Барлық оқиға

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 1-тармағына сәйкес, құдайға құлшылық ету, діни әдет-ғұрыптар мен рәсімдер үшін қажетті, сондай-ақ діни нышанның элементтері бар заттар, бұйымдар мен атрибуттар, дiни мақсаттағы заттар болып табылады.

Осыған орай Заңның 6-бабына сәйкес, бұл заттар дінтану сараптамасының объектілеріне жататындықтан оларға дінтану сараптамасы жүргізіледі. Дінтану сараптамасының нәтижесі бойынша заттың діни қатыстылығын анықтайтын хат дайындалады.