Меню
Страницы

14 марта — День встречи (праздник Амал)

14 марта — День встречи (праздник Амал)

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді көктемнің жаршысы, дәстүріміз бен ортақ құндылықтарымызды ұлықтайтын Көрісу күні – Амал мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл күн – адамдардың бір-бірімен қауышып, амандық-саулық сұрасатын, өкпе-ренішті ұмытып, ізгі тілектер айтатын ерекше мереке. Көрісу күні – татулық пен бірліктің, сыйластық пен мейірімнің белгісі.
Амал мерекесінде көптен көріспеген ағайын-туыс, дос-жаран бір-бірімен қауышып, «Бір жасыңмен!» деп ақжарма тілектерін білдіреді. Осылайша адамдар өткенге шүкір айтып, жаңа жылды жақсы ниетпен қарсы алады.
Осыған орай, баршаңызды Арбат демалыс аймағында өтетін Көрісу күні – Амал мерекесіне арналған мерекелік концерттік бағдарламаға шақырамыз. Шымкент қаласының өнерпаздары өз өнерлерін ұсынып, мерекелік көңіл-күй сыйлайды.
Келіңіздер, сағынышпен көрісіп, мейірім мен жылы лебіздерімізді бірге бөлісейік!
📍 Өтетін орны: Арбат демалыс аймағы
📅 Күні: 14 наурыз
🕒 Уақыты: 11:00

Социальные медиа
Меню подвал
Экранный диктор
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК
Послания Президента РК
Конституция Республики Казахстан
Закон "О доступе к информации"