Меню
Страницы

25-октября День Республики

25-октября День Республики

Сіздерді 25 қазан – Республика күні ұлттық мерекемізбен шын жүректен құттықтаймын.

Еліміздің Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаев  «Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек» деген болатын.

         1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданып,  бұл тарихи оқиға еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы еді.

         Жалпы «Республика» сөзі латын тілінен аударғанда  «ортақ іс» деген мағына беретіні баршамызға белгілі. Бір сөзбен айтқанда, Республика өз ісіне жауапты азаматтардың ортақ іс-әрекетінің арқасында құрылады. Өйткені азаматтар – мемлекеттің арқауы. Сондықтан әрбір азамат өз ісіне үлкен жауапкершілікпен, шынайы патриоттық тұрғыда, адал қызмет етуі міндетті. Сонда ғана еліміз дамып, Республикамыз көркейеді.

Үкімет материалдық-техникалық базаларымызды жаңартып, барынша қолдау көрсетуде. Сондай-ақ, уақтылы жалақы, мереке сайын сыйақылар беріліп жатыр. Жыл сайын жаңа компьютерлер, қызметтік көліктер беріліп, табиғи газбен қамтамасыз етілуде. Берілген мемлекеттік мүліктерді  ұқыптап, бағалап  ұстау өз қолдарыңызда. Отырған жерлеріңізді көркейту, гүлдендіру  сіздерге байланысты, патриот болу осындай әрекеттерден басталады.

 Әрқашан еліміздің мәртебесі биіктеп, әлемге шарықтай беруіне деген ыстық ықыласымды жеткіземін. Ең бастысы тыныш заман, тұрақтылық. Менің ойымша еліміздің тұрақтылығынан асқан  бақыт жоқ. Атқарып отырған жұмыстарыңызға сәттілік, отбасыларыңызға амандық тілеймін.

 

Н.Нышанов Департамент басшысы

Социальные медиа
Меню подвал
Экранный диктор
Термины и обозначения
Политика конфиденциальности
Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК