Меню
Страницы

Темір және йод жетіспеушілік ауруларының, тамақтан улану (оның ішінде жұмсақ балмұздақтан) мен ботулизм ауруының алдын алу

Темір және йод жетіспеушілік ауруларының, тамақтан улану (оның ішінде жұмсақ балмұздақтан) мен ботулизм ауруының алдын алу

 

Шымкент қалалық СЭБ департаменті тарапынан аудандық басқарма мамандарының қатысуымен өндірістік бақылауды ұйымдастыру, темір және йод жетіспеушілік ауруларының, тамақтан улану (оның ішінде жұмсақ балмұздақтан) мен ботулизм ауруының алдын алу, ауру тіркелген жағдайда зерделеу мен кезектен тыс мәліметті толыққанды әзірлеу, қолданыстағы нормативті-құқықтық актлердің   талаптарының сақталынуы тақырыптарына семинар өткізілді. Семинарда төмендегі басты сұрақтарға:

        -темір тапшылығы жай-күйінің профилактикасы жөніндегі іс-шаралары, мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасында байытылған тағамдық өнімдерді өндіруге, әкелуге, әкетуге, өткізуге және айналымының басқа да сатыларындағы қозғалысына қойылатын талаптарды қамтамасыз ету мен сақтауға жауапкершілігіне;

       -йод тапшылығы ауруларының алдын алу іс-шараларының жүйесіне;

       -йодталған ас тұзының Қазақстан Республикасының аумағында  пайдалануы, ҚР халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамалардың талаптарына сәйкес келуге тиіс екендігіне;

      - жұмсақ балмұздақтан  улану жағдайы тіркелінгенде ҚР ДСМ 29.08.2024ж. № 69 бұйрығына сай жүргізілетін тергеп-тексеру тәртібіне;

      - тергеп-тексеру нәтижелері бойынша ҚР ДСМ 20.08.2024ж. № 84 бұйрығына сай құжаттарды рәсімдеу тәртібіне  тоқталып өтілді.     

       Жоғарыда баяндалғанға қосымша күнделікті, мереке кездерінде тамақтан улану мен ботулизм ауруының тіркелу жағдайының алдын алу бойынша санитариялық ағарту жұмыстарын жандандыру керектігі айтылды.

Социальные медиа
Меню подвал
Экранный диктор
Термины и обозначения
Политика конфиденциальности
Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК