Нұр-Сұлтан қаласында Шектеу және карантин шаралары туралы № 2 Қаулы

Нұр-Сұлтан қаласында Шектеу және карантин шаралары туралы № 2 Қаулы

  2022 жыл 21 қаңтар                                      Нұр-Сұлтан қаласы 

Мен, Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері                      С.С. Бейсенова, Қазақстан Республикасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9, 36, 102, 104, 107-баптарына, Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу мен таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» қаулысы, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысы, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі «Шектеу, карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» № 42 қаулысы, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 17 қыркүйектегі № 43 қаулысы, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 47 қаулысы, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № 52 қаулысы, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 8 желтоқсандағы № 54 қаулысы, «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 1 қаулысы, «Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясы жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 қаулысы, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 4 қаулысы, «Білім беру ұйымдарында санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды күшейту және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 42, 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 1 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 5 қаулысы негізінде Нұр-Сұлтан қаласының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі - COVID-19)  таралуының алдын алу мақсатында, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

    1. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары келесі қойылатын талаптарды қатаң сақтауы тиіс:

1.1. «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне кіру үшін «Ashyq» мобильді қосымшасын, оның ішінде басқа да платформалар арқылы (мысалы, EGOV mobile, Аitu платформасындағы аналогы, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, Альфа-Банк, сайт www.ashyq.kz) пайдалану қажет;

1.2. қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге, қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде және 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) бетперде кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтауы тиіс.

    1. Кәсіпорындардың, ұйымдардың басшылары, кәсіпкерлік субъектілері Нұр-сұлтан қаласының тұрғындары арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі-COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында мынадай қаулылармен бекітілген объектілердің жұмыс алгоритмдері талаптарының сақталуын қамтамасыз етсін:

- Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» қаулысы;

- «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысы;

- Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі «Шектеу, карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» № 42 қаулысы;

-  «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 17 қыркүйектегі № 43 қаулысы;

- «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 47 қаулысы;

- Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № 52 қаулысы;

- Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 8 желтоқсандағы № 54 қаулысы;

- «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 1 қаулысы;

- «Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясы жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 қаулысы;

- «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 4 қаулысы;

- «Білім беру ұйымдарында санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды күшейту және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 42, 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 1 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 5 қаулысы.

    1. Кәсіпорындардың, ұйымдардың басшылары, кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 42 «Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» қаулысымен, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 1 «Ashyq» жобасын енгізу туралы» қаулысымен, «Білім беру ұйымдарында санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды күшейту және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 42, 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 1 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 5 қаулысымен бекітілген әлеуметтік-экономикалық объектілер қызметінің критерийлерімен, Қазақстан Республикасындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына байланысты объектілердің жұмыс режимін орнату.
    2. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне, Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіпкерлер палатасына (келісім бойынша), Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына, Нұр-Сұлтан қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларына, Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлік субъектілеріне:

4.1. келесі кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq»  жобасын іске асыруды жалғастыруды:

1) йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;

2) спа-орталықтары;

3) моншалар, сауналар, бассейндер;

4) PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар;

5) боулинг клубтары;

6) кинотеатрлар;

7) театрлар мен филармониялар;

8) стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, банкет залдары;

9) асхана типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері;

10) облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;

11) облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар;

12) бильярд клубтары;

13) концерт залдары;

14) ерікті қатысушылар;

15) караоке;

16) көрмелер;

17) океанариум;

18) марафондар;

19) көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;

20) лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар;

21) әуежайлар;

22) балалардың ойын-сауық орталықтары (жабық);

23) цирктер;

24) отельдер, қонақ үйлер;

25) халыққа қызмет көрсету орталықтары;

26) темір жол және автовокзалдар;

27) базарлар (жабық), сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, (азық- түлік емес) сауда желілері;

28) сауда алаңы 6000 ш.м-ден асатын (азық-түлік) сауда желілері;

29) балаларды сауықтыру орталықтары (жұмыскерлер (персонал) үшін);

30) букмекерлік конторалар;

31) сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары;

32) барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, 18 жастағы және одан асқан білім алушылар үшін (ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің рұқсатымен 12 жастан бастап балаларда QR-кодты сканерлеп, ерікті түрде тіркеле отырып));

33) спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары;

34) білім беру ұйымдарында білім алушылардың тұруына арналған жатақханалар мен интернаттар (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, білім алушылар үшін);

35) діни объектілер;

36) ойын клубтары (казино);

37) түнгі клубтар;

38) банктер, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері.

    1. Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына:

5.1. Қала тұрғындары арасында вакцинация және ревакцинация жүргізуді жандандыру.

    1. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне, Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіпкерлер палатасына, Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасына:

6.1. халықты, жеке және заңды тұлғаларды жобаға қатысатын объектілерге кіру үшін «Ashyq» мобильді қосымшасын, оның ішінде басқа да платформаларды (мысалы, eGov mobile, Аitu, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, Альфа-Банк платформасындағы аналогы, сайт www.ashyq.kz) пайдалану қажеттігі туралы хабардар етуді қамтамасыз етсін;

6.2. қоғам мен мемлекеттің, адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қабылданатын шешімдердің маңыздылығы мен өмірлік қажеттілігін түсіндіруді, бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде қабылданатын шаралар туралы ақпараттық сүйемелдеу жүргізуді қамтамасыз етсін;

6.3. осы Қаулыны барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және қала тұрғындарының назарына жеткізсін.

    1. Нұр-Сұлтан қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармалары, Нұр-Сұлтан қаласының аудандық әкімдіктері осы Қаулының орындалуына күшейтілген бақылауды қамтамасыз етсін.
    2. Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Нұр-сұлтан қаласында шектеу және карантин шараларын қатаңдату туралы» 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 1 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
    3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                             С. Бейсенова

Нұр-Сұлтан қаласында Шектеу және карантин шаралары туралы № 2 Қаулы
Дата публикации
21 января 2022