Нұр-Сұлтан қаласында шектеу және карантиндік шараларды жеңілдету туралы ҚАУЛЫ №29

Нұр-Сұлтан қаласында шектеу және карантиндік

шараларды жеңілдету туралы ҚАУЛЫ №29

   2 қараша  2021                                  Нұр-Сұлтан қаласы

 Мен,  Нұр-Сұлтан  қаласының  Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Бейсенова С.С., «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 9, 36, 102, 104, 107-баптарына, Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ -293/2020 «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу мен таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» қаулысы, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2қыркүйектегі № 38 қаулысы, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі «Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» № 42 қаулысы, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 17 қыркүйектегі № 43 қаулысы, «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 24 қыркүйектегі № 44 қаулысы, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 47 қаулысы негізінде, Нұр-Сұлтан қаласының халқы арасында коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық деңгейінің төмендеуін және Қазақстан Республикасында эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасының «сары» аймағына өтуін ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары келесі талаптарды қатаң сақтауы керек:

1.1. бұқаралық іс-шараларға, марафондар, спорттық, отбасылық, еске алу іс-шараларды қоса алғанда, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.) өткізуге және оларға қатысуға, «Ashyq» жобасына қатысатын іс-шараларды өткізуді қоспағанда, сондай-ақ митингілер, шерулер, жиындар және т. б. ұйымдастыруға және қатысуға тыйым салу;

1.2. қызметі жаңартылмаған немесе тыйым салынған объектілерге: боулинг-орталықтарға, компьютерлік клубтарға, PlayStation клубтарына,  бильярдқа, караокеге, циркке, батуттарға, түнгі клубтарға, букмекерлік кеңселерге және ойын клубтарына, оның ішінде лотерея ұтыс ойыны, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын-сауық орталықтарына, балалардың ойын бөлмелеріне, ойын алаңдары мен аттракциондарына, оның ішінде спорттық объектілерде орналасқандардан басқа, мұзды және роликті сырғанақтарға бармау («Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда);

 1.3. «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне кіру үшін «Ashyq» мобильді қосымшасын, оның ішінде басқа да платформалар арқылы (мысалы, EGOV mobile, Аitu платформасындағы аналогы, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, Альфа-Банк, сайт www.ashyq.kz) пайдалану қажет;

1.4. қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге, қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде және 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) бетперде кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау.

  1. Кәсіпорындардың, ұйымдардың басшылары, кәсіпкерлік субъектілері:

2.1. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік дәрігері белгілеген тізбеге сәйкес кәсіпорындардың, ұйымдардың және кәсіпкерлік субъектілерінің COVID -19-ға қарсы вакцинациялауды алмаған (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-мен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда, міндетті ПТР-тестілеу болған кезде (7 күнде 1 рет) жұмыскерлерін күндізгі режимде жұмысқа жіберуді шектеуді қамтамасыз етсін.

  1. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне, Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасына (келісім бойынша), Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына, Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларына, Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлік субъектілеріне:

3.1. келесі кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq»  жобасын іске асыруды жалғастыруды:

  1. йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;
  2. спа-орталықтары;
  3. моншалар, сауналар, бассейндер;
  4. PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар;
  5. боулинг клубтары;
  6. кинотеатрлар;
  7. театрлар мен филармониялар;
  8. стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары;
  9. асхана типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері;
  10. облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
  11. облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар;
  12. бильярд клубтары;
  13. концерт залдары;
  14. ерікті қатысушылар;
  15. караоке;
  16. көрмелер;
  17. океанариум;
  18. марафондар;
  19. көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;
  20. әуежайлар;
  21. лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар;
  22. балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары;
  23. цирктер;
  24. отельдер, қонақ үйлер;
  25. халыққа қызмет көрсету орталықтары;
  26. темір жол вокзалдары және автовокзалдар;
  27. (жабық) базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, (азық түлік емес) сауда үйлері, сауда желілері;
  28. балаларды сауықтыру орталықтары (жұмыскерлер (персонал) үшін);
  29. букмекерлік конторалар;
  30. сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары;барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, 18 жастағы және одан асқан білім алушылар үшін (ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің рұқсатымен балаларды 12 жастан бастап ерікті түрде тіркей отырып));
  31. спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары;
  32. білім беру ұйымдарында білім алушылардың тұруына арналған жатақханалар мен интернаттар (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, білім алушылар үшін);
  33. діни бірлестіктер объектілері;
  34. ойын клубтары (казино);
  35. түнгі клубтар.

3.2. кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 24 қыркүйектегі № 44 «Ashyq» жобасын енгізу туралы»  қаулысының, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 47 қаулысының «сары» аймаққа арналған өлшемшарттарына сәйкес іске асыруды қамтамасыз ету;

3.3. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 42 «Шектеу және карантиндік шаралар және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» қаулысында көзделген «сары» аймақ үшін өлшемшарттарға сәйкес «Ashyq» жобасына қатыспайтын объектілердің қызметіне рұқсат етіледі;

3.4. объектілердің барлық түрлерінің жұмысын Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» Қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйегінде № 38 «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйегінде № 42 «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» Қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 17 қыркүйегінде № 43 «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 24 қыркүйегінде № 44 «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қаулысымен бекітілген объектінің жұмыс істеу алгоритмдерінің талаптарын қатаң сақтаған кезде ұйымдастыруға жол беріледі.

  1. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне, Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасына, Нұр-Сұлтан қаласының ішкі саясат басқармасы:

4.1. халықты, жеке және заңды тұлғаларды жобаға қатысатын объектілерге кіру үшін «Ashyq» мобильді қосымшасын, оның ішінде басқа да платформаларды (мысалы, eGov mobile, Аitu, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, Альфа-Банк платформасындағы аналогы, сайт www.ashyq.kz) пайдалану қажеттігі туралы хабардар етуді қамтамасыз етсін;

4.2. қоғам мен мемлекеттің, адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қабылданатын шешімдердің маңыздылығы мен өмірлік қажеттілігін түсіндіруді, бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде қабылданатын шаралар туралы ақпараттық сүйемелдеу жүргізуді қамтамасыз етсін;

4.3. осы Қаулыны барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және қала тұрғындарының назарына жеткізсін.

  1. Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармалары, Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті, Нұр-Сұлтан қаласының аудандық әкімдіктері осы Қаулының орындалуына күшейтілген бақылауды қамтамасыз етсін.
  2. Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шараларын жеңілдету туралы» 2021 жылғы 2 қазандағы № 28 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Нұр-Сұлтан қаласының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                                С.С. Бейсенова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
02 ноября 2021