ЕАЭО-ға мүше мемлекеттермен Шымкент қаласының өзара тауарлар саудасы туралы

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттермен Шымкент қаласының өзара тауарлар саудасы туралы

Алдын ала деректер бойынша, 2023 жылғы қаңтар-маусымда Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) елдерімен өзара сауда көлемі 300,5 млн. АҚШ долларын құрап, 2022 жылғы қаңтар-маусым деңгейіне 92,1%, оның ішінде экспорт – 59,2 млн. АҚШ долларын (92,9%) немесе өзара сауда көлемінің 19,7%, импорт – 241,3 млн. АҚШ долларын (91,9%) немесе өзара сауда көлемінің 80,3% құрады.

Ресей Федерациясымен өзара сауда көлемі 257,1 млн. АҚШ доллар (өзара сауда көлемінің 85,6%) сомасында қалыптасты, Қырғызстан Республикасымен – 25,8 млн. АҚШ доллар (8,6%), Беларусь Республикасымен – 17,4 млн. АҚШ доллар (5,8%), Армения Республикасымен – 0,2 млн. АҚШ доллар (0,1%) құрады.

ЕАЭО елдеріне экспорттың жалпы көлеміндегі 63,2% – Ресей Федерациясына, 34,1% – Қырғызстан Республикасына, 2,7%  – Беларусь Республикасына тиесілі.

 

 

Баспасөз хабарламасын жүктеу