Шымкент қаласының әлеуметтік‐экономикалық дамуы

Шымкент қаласының әлеуметтік‐экономикалық дамуы

Әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштер

2023 жылғы 1 шілдеде қаладағы халық саны 1205,9 мың адамды құрады.

Халықтың табиғи өсімі 2023 жылғы қаңтар-маусымда 12345 адамды құрады (2022 жылғы сәйкес кезеңде 12147 адам). 2023 жылғы қаңтар-маусымда жаңадан туылған нәрестелер 2022 жылғы қаңтар-маусымнан 0,3% артып, ал өлгендер 6,2% кем тіркелді.

Оң көші-қон айырмасы қалыптасты және 1345 адамды құрады (2022 жылғы қаңтар-маусымда – 2096 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда –  296 (213), ішкі көші-қонда – 1049 (1883).

Тұрмыс деңгейі

2023 жылғы I тоқсанда халықтың орташа жан басына шаққанда атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 102106 теңгені құрады. Атаулы ақшалай табыстар 2022 жылғы I тоқсанмен салыстырғанда 14,9% өсіп, нақты ақшалай табыстар 3,6% кеміді.

Еңбек нарығы және еңбекақы төлеу

2023 жылғы II тоқсанда жұмыссыздар саны 21845 адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшінің санына 4,9% құрады.

Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2023 жылғы шілденің соңына 12098 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 2,7% болып қалыптасты.

2023 жылғы II тоқсанда қызметкерлерге (кәсіпкерлікпен айналысатын шағын кәсіпорындардың жұмыскерлерін қоспағанда) есептелген орташа атаулы жалақы 290858 теңгені құрады. Өсім 2022 жылғы II тоқсанға 17% құрады. Нақты жалақы индексі 2023 жылғы II тоқсанда 101,6% болып қалыптасты.

Баға

2023 жылғы шілдеде тұтыну бағаларының индексі 2022 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 105,7% құрады. Баға азық-түлік тауарларына 3,5%, азық-түлік емес тауарларға – 5,7%, ақылы қызметтерге 8,8% өсті. Өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың бағалары 2023 жылғы шілдеде 2022 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 4% өсті.

Кәсіпорын статистикасы

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2023 жылғы 1 тамызға 28004 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1% артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері барлар 27566 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 22782 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 22353 бірлікті құрады.

Қалада тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 25654 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4,5% артты.

Сауда

«Сауда» саласы бойынша 2023 жылғы қаңтар-шілдеде нақты көлем индексі 107,4% құрады. 

Бөлшек сауда көлемі 2023 жылғы қаңтар-шілдеде 432567,8 млн. теңгені немесе 2022 жылғы қаңтар-шілде деңгейіне 123,1% құрады.

Көтерме сауда көлемі 687901,1 млн. теңгені немесе 2022 жылғы қаңтар-шілде деңгейіне 99,8% құрады.

2023 жылғы қаңтар-маусымда алдын ала деректер бойынша ЕАЭО елдерімен өзара сауда 300,5 млн. АҚШ долларын құрап, 2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 7,9% кеміді, оның ішінде экспорт – 59,2 млн. АҚШ доллары (7,1% кем), импорт – 241,3 млн. АҚШ доллары (8,1% кем).

Экономиканың нақты секторы

2023 жылғы қаңтар-наурызға жалпы өңірлік өнім көлемі 700152,1 млн.теңгені құрады, 2022 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты көлем индексі 106,5% құрады. ЖӨӨ құрылымында тауар өндіру үлесі 28,3%, қызмет көрсету – 63,1% құрады.

2023 жылғы қаңтар-шілдеде өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағалармен 574106,9 млн. теңгені құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,3% артты.

Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметінде өндіріс көлемі - 35,3% өсті. Ал өңдеу өнеркәсібінде өнеркәсіптік өндіріс индексі 0,7%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда 0,2%, тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында 1,4% кеміді.

Ауыл, орман және балық шаруашылығының жалпы өнімдерінің (қызметтер) көлемі 26110,7 млн. теңгені құрады немесе 2022 жылғы сәйкес кезеңдегіден 2,7% артты.

2023 жылғы қаңтар-шілдеде құрылыс жұмыстарының (көрсетілген қызметтердің) көлемі 86465,5 млн.теңгені құрап, 2022 жылғы қаңтар-шілдеге 108,6% құрады.

Көліктердің жүк айналымының көлемі 2023 жылғы қаңтар-шілдеде 6208,8 млн. тонна-шақырымды (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2022 жылғы қаңтар-шілде деңгейіне 139,9% құрады. Жолаушылар айналымының көлемі 2895,1 млн. жолаушы-шақырымды құрап, 2022 жылғы қаңтар-шілде деңгейіне 101,9% құрады.

2023 жылғы қаңтар-шілдеде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 282803,6 млн. теңгені, немесе 2022 жылғы сәйкес кезеңге 123,9% құрады.

 

 

Баспасөз хабарламасын жүктеу