Еңбек нарығындағы жағдай

Еңбек нарығындағы жағдай

            Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеу деректері бойынша 2023 жылдың II тоқсанында қаланың экономикасының түрлі салаларында 428,3 мың адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде 294,9 мың адам (экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 68,8%) жалдамалы жұмыспен, 133,5 мың адам (экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 31,2%) өзін-өзі жұмыспен қамтыды. Халықтың экономикалық тұрғыдан белсенділік  деңгейі  58,8% құрады. Жұмыс күш құрамына кірмейтін адамдардың үлесі 15 және одан жоғары жастағы халықтың 41,2%-ын құрады.

         2023 жылғы II тоқсанда жұмыссыздар саны (табысты жұмысы болмаған, оны үздіксіз іздеген және оған кірісуге дайын болған 15 және одан жоғары жастағы адамдар) 21,9 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі 4,9%  құрады.

Әдіснамалық түсіндірмелер

Жұмыссыздар (Халықаралық еңбек ұйымының әдіснамасына сәйкес) – бұл табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын тұлғалар.

 

 

Баспасөз хабарламасын жүктеу