2023 жылғы наурызды 2023 жылдың ақпанымен салыстырғанда инфляцияның деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі 100,7% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 0,7% көтерілді, азық-түлік емес тауарлар – 0,4%, халыққа ақылы қызмет көрсету – 1,1% көтерілді.
Азық-түлік тауарлары нарығында бағаның өсуі балаларға арналған құрғақ сүт қоспаларына – 7,2%, ашытылған сүт өнімдеріне – 4,8%, жүгері ұнтаққа – 3,8%, ішілетін сүтке – 2%, шұжық өнімдеріне – 1,4%, жұмыртқаға – 1,2% байқалды, ал ұнтақ жармасы – 7,2%, құс еті – 6,4%, шошқа еті – 3%, ұн, күнбағыс майы – 1,7%, қант, қарақұмық жармасы – 1% төмендеді. Жеміс-көкөніс өнімдерінің ішінде қызылша – 15,9%, қызанақ – 14,3%, лимон – 12,5%, апельсин – 11,7%, ақ қауанды қырыққабат – 11,4%, тәтті бұрыш – 6,6%, банан – 5%, сәбіз – 4,6%, алма – 2,6%, картоп – 2,2% қымбаттады, ал қияр – 5,4%, сарымсақ – 3,1%, киви – 1,7% төмендеді. Тұз бен какао бағасының деңгейі 5,6%, салқындатылған сусындар – 4,9%, дәмдеуіштер – 1,4%, алкогольдік сусындар – 1,2% көтерілді.
Азық-түлік емес тауарлардың ішінде баға жиһаз және тұрмыстық заттарға – 4%, кілемдерге – 3,5%, көлік құралдарын сатып алуға – 2,1%, аудиовизуалды және фотоаппаратура жабдықтарына, ақпарат өңдеу жабдықтарына – 1,9%, кір жуғыш ұнтаққа – 1,7%, жеке тауарларға – 1,1%, темекі өнімдеріне – 0,9%, бензин – 0,7% көтерілді, ал кір жуғыш машина – 3,5%, шаңсорғыш – 1,8% төмендеді.
Ақылы қызмет көрсету саласында баға теміржол көлігіне – 15,2%, физиотерапиялық емдеуге – 9,1%, шаштараз және сұлулық салон қызметтеріне – 8,1%, тұрмыстық техниканы жөндеуге – 8%, теледидарды жөндеуге – 7,7%, қалааралық автобуспен жүруге – 3,5%, пластик терезе орнатуға – 2,8%, курьерлік қызметке – 2,6%, медициналық зертханалық қызметтерге – 2,5%, санаторийлерге – 1,3% көтерілді, ал әуе көлігі – 22,4%, Дубайдағы демалыс – 20%, саяхатты сақтандыру – 4,2% төмендеді.
Әдіснамалық түсініктемелер
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін көрсетеді. Тұтыну бағаларын байқау және ТБИ есептеу үшін тауарлар мен қызметтер жиынтығы Қазақстанның барлық өңірлері үшін олардың бірыңғай іріктемесін білдіреді. Тауарлар мен қызметтердің тізімі 508 позициядан тұрады, оған халықтың тұтынуында ең көп үлес салмағын алатын ең өкілді түрлер кіреді. Бағалар туралы ақпарат жинауды баға тіркеушілері тауарды (көрсетілетін қызметті) өткізу орындарында тікелей жүргізеді. Тексеру жүргізілген күні төленген тауарлардың бағасы, салықтарды қоса алғанда, бірақ оларды жеткізгені үшін қосымша алымдарды қоспағанда тіркеледі.