2022 жылы Қызылорда облысында АХАТ органдарымен 20769 туылғандар тіркелді, соның ішінде қалалық мекендерде – 10056 адам, ауылдық жерлерде– 10713 адам. Туылғандардың 51,8% ұлдар және 48,2% қыздар құрады. Туған кездегі жынысы бойынша арақатынасы 100 қыз балаға шаққанда 107 ер баладан келеді. 2012 жылмен салыстырғанда туғандар саны көбейіп 102,7% құрады, қалада – 107,4%, ауылдық жерлерде – 98,7% .
2022 жылы туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 25,07 туылғандарды құрады (2012ж. – 28,09), қалалық мекендерде – 25,89 (2012ж. – 30,60), ауылдық жерлерде – 24,34 (2012ж. – 26,24) құрады.
Қызылорда облысының ішінде туудың ең жоғары деңгейі Жаңақорған ауданында (1000 тұрғынға шаққанда 27,05 туылғандар), Қызылорда қаласында (26,48) және Қазалы ауданында (25,74) байқалды. Ең төменгі көрсеткіш Байқоныр қаласында (17,25) көрініс тапты.
Бала тууға қабілетті кезеңде (15-49 жас) бір әйелдің орта есеппен алғанда дүниеге әкелген балаларының санын көрсететін туудың жиынтық коэффициенті (ТЖК) 2022 жылы 3,97 құрады және 10 жыл ішінде 11,5% (2012ж. – 3,56) көбейді. Қызылорда облысында бала туу кезіндегі әйелдердің орташа жасы 29,5 құрады.
Әдіснамалық түсініктемелер
Туудың жалпы коэффициенті – бала туылу қарқындылығының барлық халыққа қатынасы бойынша анықталатын көрсеткіш. Кезең бойына тірі туылғандардың жалпы санының халықтың кезеңдік орташа санына қатынасын көрсетеді. Әдетте, 1000 халыққа шаққанда есептеледі.
www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Демографиялық статистика
Орындаушы: Лигай Е.В. Тел. +7 (7242) 27-62-23 el.ligai@aspire.gov.kz |
Бөлім басшысы: Снасапова К.Ж. Тел. +7 (7242) 27-62-23 k.snasapova @aspire.gov.kz |
Баспасөз қызметі: Нурмаханов Е. Тел. +7 7242 27- 45- 85
|
Мекенжай: 120014, Қызылорда қаласы Жақаев көшесі, 12
|
© Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті