Астана қаласындағы бөлшек сауда туралы

Астана қаласындағы бөлшек сауда туралы

Бөлшек сауда көлемі 2023 жылғы қаңтар-маусымда 979,2 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 111,9%.
Азық-түлік тауарларының бөлшек саудадағы жалпы көлеміндегі үлесі 30,4% құрады, азық-түлік емес тауарлар - 69,6%. 2023 жылғы қаңтар-маусымда азық-түлік тауарларды өткізу көлемі 2022 жылғы сәйкес кезеңге 92,6%   құрады, азық-түлік емес тауарлар - 123%.
2023 жылғы қаңтар-маусымда сауда кәсіпорындарының тауарларды өткізу көлемі  833 млрд. теңге болды, бұл 2022 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 17,8%-ға артық.

Бөлшек сауданың нақты көлем индексі

өткен жылғы тиісті айға пайызбен

2023 жылғы қаңтар-маусымда Астана қаласында бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлесі Есіл (29,4%) және Сарыарқа (22,2%) аудандарына тиесілі.

 

Әдіснамалық түсініктемелер
Бөлшек сауда – сатып алушыға жеке, отбасылық, үй iшiнде немесе кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес өзгедей пайдалануға арналған тауарларды сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет.
Көтерме сауда – кейiннен сатуға немесе жеке, отбасылық, үй iшiнде және осындай өзгедей пайдаланумен байланысты емес өзге де мақсаттарға арналған тауарларды өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет.
Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша қызмет көрсетуге көлік құралдары бөлшектерін, электр жабдықтарын, шанақтарды жөндеу бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ жууды, жылтыратуды, бояуды; жел қаққыш шыныларды, терезелерді жөндеу, дөңгелек қаптарын, камераларды жөндеуді, оларды орнату немесе ауыстыруды, бөліктері мен керек-жарақтарын орнатуды қамту жатады.
Тамақ өнімдерімен және сусындармен қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету түріне тұтыну үшін дайын тағамдарды, сусындарды сату кәсіпорындарының келесі типтері: мейрамханалар, барлар, таверналар, тамақ ішетін орындар, буфеттер, асханалар, өзі шығарған өнімдерді, сондай-ақ тез арада пайдалануға жарамды басқа азық-түлік тауарларын өндірумен, өңдеумен, өткізумен және тұтынуды ұйымдастырумен байланысты кәсіпкерлік қызмет жатады

Баспасөз хабарламасын жүктеу

www.gov.kz /ҚР СЖРА ҰСБ Астана қаласының Статистика департаменті / Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

Шығаруға жауапты:

Сауда статистикасы басқармасы

 

Басқарма басшысы:

Г.А. Мурапаева

Тел. +7 (7172)41-29-57

Орындаушы:

 Д.Х. Смағұлова

Тел. +7( 7172)41-28-36

Е-mail: di.smagulova @aspire.gov.kz

Мекенжай:

010000, Астана   қаласы

Желтоқсан көшесі, 22

© Ұлттық статистика бюросының Астана қаласы бойынша департаменті