2023 жылғы қаңтардағы Астана қаласының демографиялық ахуалы туралы

2023 жылғы қаңтардағы Астана қаласының демографиялық ахуалы туралы

2023 жылғы 1 ақпандағы Астана қаласы халқының саны 1359583 адамды құрады. 2022 жылғы сәйкес күнмен салыстырғанда халық саны 59594 адамға немесе 4,6%-ға өсті.
2023 жылғы қаңтарда Астана қаласы бойынша тұтастай алғанда 2549 туылғандар тіркелді, бұл 2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 24,6%-ға кеміді. Туудың жалпы коэффициенті халықтың 1000 адамына шаққанда 21,67 туылғандарды құрады.
Осы кезең ішінде қалада 492 адам қайтыс болды. Қайтыс болғандардың жалпы коэффициенті халықтың 1000 адамына шаққанда 4,18 қайтыс болғандарды құрады.
2023 жылдың қаңтарда халықтың табиғи өсімі 2022 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 547 адамға немесе 36,2%-ға көбейді.
Халықтың өлім себептерінің негізгі топтарының арасында ең жоғары үлестік салмақты, әдеттегідей, қан айналымы жүйесі аурулары - 21,0%, жаңа өскін - 16,3%, тыныс алу органдарының аурулары - 8,1%, жазатайым оқиғалар, улану және жарақаттану - 7,1%-ды алады.
Халықтың ағымдағы есебінің деректері бойынша 2023 жылғы қаңтарда елордаға 11396 адам келіп, 8305 адам кетті (көші-қон айырымы +3091 адам).
Қаланың негізгі көші-қон алмасуы өңіраралық көші-қон есебінен қалыптасқан: 2023 жылғы қаңтарда келгендер 6448 адамды, кеткендер 3466 адамды құрайды.

2023 жылғы қаңтардағы өлімнің негізгі себептері бойынша қайтыс болғандар

                                                 пайызбен

 

 

 

 

Баспасөз хабарламасын жүктеу

 

 

 

www.gov.kz / ҚР СЖРА ҰСБ Астана қаласы бойынша департаменті / Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

Шығаруға жауапты:

Әлеуметтік және

демографиялық

статистика басқармасы

Басқарма басшысы:

Исмайлов Б.К.

Тел. +7(7172) 32-82-05

Орындаушы:

Исмайлов Б.К.

Тел. +7(7172) 32-82-05

E-mail: ba.ismailov@aspire.gov.kz

Мекенжай:

010000, Астана қаласы,

Желтоқсан көшесі, 22

© Ұлттық статистика бюросының Астана қаласы бойынша департаменті