Меню
Страницы

Парижде ЭЫДҰ-ның Еуразия апталығында Қазақстанның PISA-2022 нәтижелері талқыланды

«PISA-2022: Еуразия елдеріне арналған сабақтар» тақырыбындағы дөңгелек үстел барысында оқушылардың білім құзыреттіліктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасын жүзеге асырудағы Қазақстанның оң нәтижесі атап өтілді. Іс-шара Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасына қатысушы мемлекеттердің жыл сайын Парижде өтетін жоғары деңгейдегі басқосуы болып табылатын ЭЫДҰ-ның Еуразия апталығы аясында өтті.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың Қазақстанның PISA–2022 зерттеуіне қатысуы туралы баяндамасын дөңгелек үстелде ҚР Париждегі халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Асқар Абдрахманов таныстырды. Онда Қазақстанның PISA нәтижелерінің жақсаруына Мемлекет басшысының қолдауымен білім беру саласындағы аса маңызды бастамаларының жүзеге асырылуы ықпал еткені айтылды. Білім беру ұйымдарында жаңартылған оқу бағдарламаларын енгізу, педагог статусын нығайту, оқу үдерісінде цифрлық шешімдерді кеңінен қолдану PISA рейтингінде Қазақстан позициясының өсуінің негізгі факторларына айналды.

Социальные медиа
Меню подвал
Экранный диктор
Термины и обозначения
Политика конфиденциальности
Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК