
Білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен жаңалықтарға сәйкес білім бөлімдерінің жауапты мамандар және мектепке дейіңгі ұйымдардың басшыларымен түсіндірме жиыны өткізілді. Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментнің Білім сапасын сырттай бағалау және білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы Г.Н. Жакупбекова жүргізді. Түсіндірме жиында 2024 жылы мемлекеттік аттестаттауға жататын мектепке дейіңгі ұйымдарға профилактикалық бақылаудың ерекшеліктеріне тоқталып, түсіндіру жұмысын жүргізді.