Сабақтың ұзақтығы 45 минут !
Білім беру ұйымындағы сабақ кестесін мектеп басшысы не оны алмастыратын тұлға бекітеді.
Сабақ кестесінде оқу сабақтарының күнделікті саны, ұзақтығы және реті көрсетіледі.
Білім беру ұйымдарындағы сабақ кестесі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тамақтануы мен белсенді демалуы үшін ұзақтығы жеткілікті үзілістерді көздейді.
Жалпы білім беру ұйымдарының барлық түрінде білім алушылар үшін сабақтар арасындағы үзілістің ұзақтығы кемінде бес минут, үлкен үзіліс (екінші немесе үшінші сабақтан кейін) отыз минутты құрайды.
Бір үлкен үзілістің орнына екінші және төртінші сабақтан кейін әрқайсысы он бес минуттан екі үзіліс жасау қарастырылады.
Жалпы білім беру ұйымдарында сабақтың ұзақтығы 45 (қырық бес) минуттан аспайды.
Бірінші сыныптарда оқу жүктемесін бірте-бірте арттыра отырып, оқу сабақтарының сатылы режимін қолданылады. Қыркүйекте үш сабақ отыз бес минуттан, қазаннан бастап қырық бес минуттан жоспарланады. Сабақтарда дене шынықтыру минуттарын және көзге арналған жаттығулар өткізіледі.
Бірінші сынып білім алушылары үшін жыл бойы қосымша бір апталық каникул көзделеді. Бастауыш мектепте қосарланған сабақтарды өткізу қарастырылмайды (31.08.2022 ж. №385 бұйрығына 2-қосымшасының 34-36 тармақтары).