
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты Қазақстан халқына Жолдауында «Ұстаздар – ұлттың зияткерлік қуаты. Олар білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы еліміздің өркендеуіне жол ашады» деп атап көрсетті.
Бүгінгі күні Шымкент қаласының білім беру жүйесі - 30 мыңға жуық ұстаз еңбек ететін үлкен сала.
Қаламыздағы 947 білім беру ұйымы 500 мыңға жуық тәрбиеленуші, оқушы мен студентті қамтиды. Яғни, қаламыздағы әрбір үшінші адамның білім жүйесіне қатысы бар. Сондықтан мұғалімдердің қала экономикасындағы орны да ерекше, әрі маңызды.
Осы орайда 04.10.2024 жылы Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Әліш Рыскелді Салхутдинұлы Шымкент қаласының білім басқармасымен бірлесе отырып Шымкент қаласының педагогтерін Ұстаздар күні мерекесімен құттықтап, марапаттады.
Сапалы білім – жетістікке жетудің жолы, әрі экономиканы дамытудың басты құралы.

