Меню
Страницы

Департаментте педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті

Департаментте педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті

Заманауи қоғамда педагогикалық әдеп – педагогикалық шеберліктің ең жоғары шыңы деп түсінуіміз керек. Педагогикалық әдеп күнделікті ұстанымға айналуы керек деген қағидатпен бүгін департаментте педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібіне келісе, Қостанай ауданы білім бөлімінің басшысы А.Төртқараева аудан педагогтерімен педагогикалық әдептің сақталуы бойынша атқарылған іс-шаралар туралы баяндады. Осы күндері білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес, білім беру ұйымдарындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестердің жұмыстарына мониторинг өтуде, қорытындысы бойынша кеңестердің жұмысындағы оңды тәжірибені тарату және кемшіліктерді болдырмау үшін шаралар ұйымдастырылады. Жыл сайын, оқу жылының басында, Қостанай ауданының білім беру ұйымдарына жаңадан қабылданған педагогтермен, жас мамандармен педагогикалық әдеп бойынша түсіндіру, практикалық семинарлар мен кеңестер өткізіледі. Департаменттің педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесі Қостанай ауданының білім бөліміне үнемі жұмыс жасайтын формаларды, соның ішінде Педагогикалық әдеп мектебін ұйымдастыруды ұсынды.

         Педагогикалық әдеп кеңесінің отырысында өкілетті орган ұсынған Педагогикалық әдеп қағидаларының жаңартылған жобасын талқылауға басты назар аударылды. Әдеп кеңесінің мүшелері жобаны қолдап, А.Молдахаликов, С.Богданчиков, Ж.Гаппаров бірқатар ұсыныстар берді, мысалы, педагогтердің киім үлгісіне, сыртқы келбетіне, қоғам мен өзара қатынас мәдениетіне талаптарды нақтылау.

         Сонымен қатар, кәсіподақ өкілі А.Тулюбаева өз тараптарынан бірқатар атқарылған жұмыстар жайлы хабарлады.

         Кеңес отырысы ұсынысы хаттамаланып, шешімдер қабылданды. 

Социальные медиа
Меню подвал
Экранный диктор
Термины и обозначения
Политика конфиденциальности
Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК