Меню
Страницы

Абай облысы жекеменшік мектептердің басшыларымен кездесу

Абай облысы жекеменшік мектептердің басшыларымен кездесу

Абай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жекеменшік мектептердің басшыларымен кездесу өткізіп, білім берудегі өзекті мәселелерді талқылады.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім сапасын арттыру және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Кездесуде Департамент басшысы Б.Масалимова сөз сөйлеп, білім беру саласындағы заңнамалық актілердің мүлтіксіз орындалуына тоқталды. Атап айтқанда, Педагог мәртебесі туралы заң, педагогикалық әдеп қағидалары, Білім туралы заң және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптары талқыланды.
Сондай-ақ, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2025-2026 оқу жылына қойған мақсат, міндеттерін орындауға баса назар аударды. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ерекше маңыздылығына тоқталды. Сапалы білім тек академиялық көрсеткіштермен ғана емес, сонымен қатар балалар үшін қауіпсіз әрі жайлы орта құрумен де анықталатынын жеткізді.
Осы кездесуге Семей қаласының Білім бөлімі басшысы Д.Асқарова қатысып, білім беру жүйесіндегі жаңалықтармен бөлісіп, жекеменшік мектептерді бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.

Социальные медиа
Меню подвал
Экранный диктор
Термины и обозначения
Политика конфиденциальности
Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК